Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары


«Дастарқан – киелі» когнитивтік моделі



Pdf көрінісі
бет236/255
Дата19.12.2023
өлшемі2.56 Mb.
#487056
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   255
Оралбаева

«Дастарқан – киелі» когнитивтік моделі. Қазақтың бұрын-соңды бар мəселе-
лері дастарқан басында шешілуі дастарқанның киелі екендігін білдіреді. Қазақ халқында 
дастарқанның киелі екендігін білдіретін ырым-тыйымдар да жетерлік: дастарқанды баспа, 
дастарқанды аттама, дастарқанды қима, кеспе, т.б. Ол тыйымдарды сақтамау, орындамау 
əдепсіздіктің белгісі болып саналады. Осындай ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпақтарына 
айтып кеткен əрбір тыйымында терең мағына, мол тағылым жатыр. Мəселен, дастарқан оң 
жағынан жайылады, қос қабатты дастарқан болса, бүктелген тұйық жағын қонаққа қаратып, 
оң жағымен жаяды. «Дастарқан оң болмай, істе жол болмайды» деген мақал осындайда 
айтылса керек.


417
Ал жасы үлкен адамнан бұрын тамаққа қол салмау, атасы батасын бермей дастарқан-
нан тұрмау, т.б. сияқты ұлттық мəдениетті білдіретін ырым-тыйымдар əр қазақ баласының 
бойына жастайынан сіңген əдептіліктің белгісі болып саналады. 
Қазақта «таңертеңгi асты қалдырма, түскі асқа телмірме, кешкi асты бақпа» – деп 
келетін тұрақты сөз тіркестері қазақы ортадағы дəстүрлі наным-сенімге негізделген ас қабыл-
даудың күнделікті тəртібін бейнелейді. «Таңғы ас тəңірден» деген түсінік бойынша, таңғы 
асты қонақтың отбасы мүшелерімен бірге қабылдауы, тіпті, кездейсоқ кіріп келген адамның 
үйдегілермен бірге ас ішуі немесе асығыс болса осы астан ауыз тиюі парыз. Ал соңғы екі 
ұстанымды түскі жəне кешкі тамақтанудың үй несібесі мен берекесіне балағандықтан, ар-
найы жəне құдайы қонақ болмаса, көрші-қолаң жəне басқа кездейсоқ келген адамның осы ас 
мəзірлеріне қатысуын шектейтін, осы арқылы көршілік байланыстарды реттейтін əлеуметтік 
мəнді жосын деуге болады [4].
Үйге келген адамдарға дəм таттырмай шығармайды. Дəмнен үлкен нəрсе жоқ, дəм, асты 
сыйлау қадірлеу, қуыс үйден құр шықпау, тағамды шайнаңдап шығу керек. Бұл жосынның 
негізінде дəм бұйырған үйден тоқшылық, һəм молшылық арылмайды деген идея жатыр. 
Осыған орай, қазақы ортада ас үстіне келген адамға «бізге деген көңілің ақ екен», ал астан 
кейін келгенге «біз туралы пікірің теріс екен» деп келетін тіркестер қалыптасқан [4].
«Дəмге қарамады, сыйламады», «дастарқан аттады» деп келетін фразеологиялық тір-
кестер адамдар арасындағы өкпе-реніш немесе тіпті, араздықты бейнелейді. Келтірілген мы-
салдар ас қабылдау үрдісінің аса маңызды этномəдени функция атқаратындығын көрсетеді 
жəне ас пен ас қабылдау ретінің адамдар арасындағы қарым-қатынас өлшемінің көрсеткіші 
бола алатын дара қасиетін айғақтайды [5]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   255




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет