Мирмекида көгілдір көбелегі – Қазақстан мен Орта Азияда сирек,
дараланып кездеседі. Сирек кездесетін ерекше түр.
Линдеман барылдауық қоңызы – Іле Алатауының орталық бөлігі тау етегі, Шамалған
мен Түрген өзендері аралығының жергілікті түрі.
Арғали көгілдір көбелегі – Алтай жергілікті түрі. Қазақстандп Күршім жотасынан та-
былған. Саны қысқарып бара жатқан түр.
Бавия көгілдір көбелегі – Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігінде, Еділ мен Жайық
өзендерінің арасында тіршілік етеді. Саны азайып бара жатқан түр.
Татьяна көгілдір көбелегі – Іле Алатауынан, Жоңғар Алатауынан жəне Алтайдан та-
былған. Сирек кездесетін түр.
Панопа көгілдір көбелегі – Атырау облысынан ғана табылған. Бояуы мен құрсақ бөлі-
гінің құрылысы жағынан туыстың ең ерекше түрі. Өте сирек кездесетін түр.
Орыс тілі арқылы енген жəндік атаулары термин ретінде зоология саласының негізгі
ұғымдары деп есептеледі. Дегенмен, бүгінгі күні кірме атауларды қазақ тіліне аудару, қазақи-
ландыру жүйесіне орай, жоғарыда көрсетілген атаулардың біршамасы қазақ тілінде бұрын-
нан бар балама атаулары ауыстырып, біршамасы жарыспалы түрде қатар қолданылып жүр.
Мысалы: гельминттер – ішекқұрт, аскарида – жұмырқұрт, гадюка – сұржылан, аспид – са-
рыбас жылан, гая – қаражылан, глист – ішекқұрт, жыланқұрт т.б.
Əдебиеттер тізімі:
1. Болғанбаев Ə. Қазақ тілінің лексикологиясы. – Алматы, 1979. – 176 б.
2. Оңдасынов Н.Д. Парсыша-қазақша түсіндірме сөздік. – Алматы, 1974. – 384 б.
3. Болатов Ж. Қазақ диалектологиясының кейбір мəселелері // Қазақ тіліндегі жергілік-
ті ерекшеліктер. – Алматы, 1973. – 199 б.
4. Кубрякова Е.С. Номинативный аспект речевой деятельности. – М., 1986.
5. Гинатуллин Р.М. К исследованию мотивации лексических единиц (на
материале наименований птиц). – Алматы, 1973. – 25 с.
|