96
Кебенектің екі түрі болуына байланысты бұл мақалдың да екі түрлі мағынасы бар деп
жобаланады. Біреуі – отарда мал бағушы малшылардың жауын – шашында киетін жұқа қара,
не ақ киізден арнайы тігілген, бүкіл денесін түгелдей жауып тұратын сырт киім. Кедей-кепшік
болса да, малшының нағыз жігіт екенін бүкіл денесін жауып тұратын осы киім (бурка) ішінен
де тануға болатыны айтылса, екіншісінде- темір сауытқа қолы жете бермейтін сарбаздар кез
– келген сəтте сапқа тұруға дайын азаматтарды киізге құм, қылшық қосып басқан тас кебенек
киіп, жауға қарсы күш-қайратын, өжеттігін, ерлігін көрсеткен сəтінде де тануға болатыны ай-
тылып тұр. Қысқасы, бұл ердің ерлігін киген киімінен сауыт-сайманынан емес, өз басының
батырлығы мен батырлығынан тануға болады деген сөз. [ 34, 267 – бет ]
2. Қолында
өнері бардың белінде кемері бар.
Кемер – (парсы сөзі) əшекейлі жалпақ белбеу. [1, 195 - бет]
Ыдыс – аяқ атауларына байланысты архаизмдер
1.Асы
жоқ алтын аяқтан,
Айраны бар
тостақ артық,
Талдырмаш
таза айғырдан
Жүк көтергіш қоспақ артық.
Тостақ – тостаған. [1, 385 - бет]
Тостаған – ағаштан жасалған кішілеу дөңгелек ыдыс.
Көне дəуір адамдары бұл сияқты ыдысты кез-келген ағаштан ойып жасауға еңбек құралдары
тапшы болғаны тарихтан белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: