историзмдер болып екі салаға бөлінеді. Архаизмдерге əр халықтың күн көріс тіршілігіне,
салт-сана тұрмысына, əдет – ғұрпына , дүние танымына қарай əр дəуірде өзгеріп, басқа-
ша сөздермен ауысып отырған немесе ескіріп біржола қалып қойған сөздер жатады. Дəуірі
өтіп, сол ескі заманның өзімен қоса жоғалған сөздер тарихи сөздер яғни историзмдер деп
аталады. Тарихи сөздердің көнеруі тарихи атаулардың құрып бітуімен, біржола жоғалуымен
байланысты болады.
Мата – кездеме атауларына байланысты архаизмдер
1. Тоқсан қабат торқадан,
Тотышағым терісі артық. Торқа – қымбат бағалы селдір, жібек мата. [4, 812-бет]
Торқа кенеп; бұл сөз бұрын жібек мағынасында қолданылатын. «Диван Луғат- и тюрік-
те» де торқа- жібек. Осы сөз шаруашылық түрлерінің дамуына байланысты кейбір аудандар-
да (Жалағаш т.б.) кенеп мағынасында да қолданылады. [5, 113-бет]
2. Арқауын көріп бөзін ал, анасын көріп қызын ал.
Арқау – тоқыманың көлденең жібі, арқаулық. [1, 33 - бет]
Бөз – қолдан мақтадан тоқылатын мата. [4, 141 – бет]
Тамақ атауларына байланысты архаизмдер
1. Қырсыққанда қымыран іриді. Қымыран – түйе сүтінен жасалған тағам, əрі шипалық
қасиеті күшті сусын, шұбат. [ 4, 559 – бет ] Қымыран – ашыған айранға піскен сүт қосып
сұйытылған сусын. Кей жерлерде шұбатты қымыран дейді. [1, 275 - бет]
2. Сүтке сүт қосылса сүмесін болады,
Сөзге сөз қосылса демесін болады.
Сүмесін бұл күнде біршама түсінікті сияқты, сөздіктерде ол «сүт, ақ» дегенді білдіреді.
Мұнда сөз түбірі сүме – 1) сауын малының желіні, 2) сүт өнімі деп көрсетілген. Демек, бұл
түбірге –сін деген түркілік жұрнақ жалғанып, « сүт өнімінен жасалған сұйық тағам » дегенді
білдіретін болған болар. Қостанай, Маңғыстау, Атырау тұрғындары сүмесін деп «шалапты»
атайды деп тіркелген. Қазақ, қырғыз тілдерінде сүмесін – деп жалпы тағамды атайтын да
болса керек. Қырғыздар сүмесін мен сүмөлөк дейді, ол 1) ұн араластырып жасаған быламық
жəне 2) нан тағам деп көрсетіледі. Бұл мақалда « ас болады » дегенді айтқан болар. [ 18, 27
– бет ]
Достарыңызбен бөлісу: |