тауқымет, ғадауат, саранжам, шапағатшы, соламай, тоңғармақ, тазданбақ, ақыланбақ
сияқты сөздерді көрсетеді. Оған жауап ретінде Қ.Кемеңгерұлы: «Қазақша дегенде қазақтың
төл сөзін іздейсіз ғой. Олай болғанда, қазақтың сөйлеп жүрген сөздерінің жартысы араб пен
парсынікі деушілер бар. Оларға не дейсіз? Орамалды сіз қазақтың төл сөзі деп ойлайсыз ба?
Қазақша емес деп дауласқаннан кейін, əрине, сізге түсінікті де, жатық та болмайды. Қазақ
арасында айтылатын сөз бе? Сөз емес пе? Қазақ кітаптарында кездесе ме? – əңгіме сон-
да болу керек», – дей келіп, тауқымет сөзінің Жүсіпбек пен Мұхтардың жазғандарында,
ғадауат сөзі Абайда, саранжам сөзі Наурызбай батырдың қызбен айтысатын қиссасында
кездесетінін, жас бала қайтыс болса, қазақ шапағатшы болсын деп көңіл айтатынын т.с.с.
деректерді келтіре отырып, жеке адамның білмеген сөзінің бəрін керексіз қылуға, қазақша
емес, түсінікті емес деуге болмайтынын ескертеді. Ендеше‚ «Қазақша-орысша тілмашты»
құрастырушылар кез келген сөздің мəнін түсіндіруді мақсат етпей, оның қазақ арасында не-
месе ақын-жазушылар тілінде кездесуіне қарай сұрыптап, екшегені байқалады.
Оның үстіне басқарушы «Тілмаштың» еуропалықтарға арналуына байланысты‚ қазақ
сөздерінің бас-басына мағына беріп, түсіндіруге тырысқанын айтады. Қ.Кемеңгерұлы егер
сөздік қазақтарға арналса, утонуть сөзін – батпақ, кетпек, ғарық болмақ деп аударуға, яғни
синонимдес сөздерді қолдануға болатынын, ал қазақша-орысша сөздікте əр сөздің жеке ны-
санға алынуы қажеттігін ескертеді. Бұдан Қ.Кемеңгерұлының сөздік түзу ісінің қыр-сырын
толық меңгергені əрі оған үлкен жауапкершілікпен қарағаны байқалады.
«Қазақша-орысша тілмашта» барлық сөз табына қатысты сөздер кездеседі. Алайда соның
ішінде ең көп ұшырасатыны – зат есім, сын есім, етістік. Зат есімдерді мағыналық топтарына
қарай: діни сөздер, адамға қатысты атаулар, дене мүшелері, төрт түлік малға қатысты атаулар,
жануарлар, жəндік-насекомдар, табиғат құбылыстары, ауа райына байланысты атаулар, жер
бедері, өсімдік атаулары, тас, ыдыс-аяқ, құрал-сайман атаулары, киім, мата атаулары, үйге,
оның жиһаздарына қатысты атаулар, тамақ-сусын атаулары, ойын атаулары, ауру атаулары
т.с.с. жіктеуге болады. Сөздік мұсылманша діни сөздер мен қоғамдық өмірдегі өзгерістерге,
жаңалықтарға байланысты жаңа атаулар (терминдер) көбірек кездесуі жағынан Е.Букиннің
«Орысша-қазақша жəне қазақша-орысша сөздігіне» (1883) ұқсас.
Н.И.Ильминский, В.В.Катаринский еңбектерінде миссионерлік мақсатпен ислам дініне
қатысты сөздер, тіпті араб-парсы тілдерінен енген сөздерде көп кездесетін болғандықтан,
тұтастай р, г, ғ, х əріптері мүлде берілмеген болатын. Ал Е.Букин сөздігі мен «Қазақша-о-
рысша тілмашта» мұсылманша діни сөздер көп. Мəселен, «Тілмашта»: азан, əзірейіл, əзəзіл,
əбсін, ақшам, ақырет, Алда, Алда акбар, аят, айт, бесін‚ бенде, патиқа, періште, пір, тара-
уық, тасаттық, таспық, тəкбір, тамық, тəубе т.с.с. ислам дініне байланысты атаулардың
мəні түсіндірілген. Алайда бұл орайда дін сөздерінің берілуі – еуропалықтарға ислам дінін
насихаттау мақсатында емес, халық қолданысындағы басқа да сөздердің санатында келтіріл-
ген. Мұны «Қазақша-орысша тілмаш» туралы түсініс» деген мақаласында Қ.Кемеңгерұлы да
атап көрсетеді.
121
Р.Сыздықова ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы екі тілді сөздіктердің ерекшелігін сөз ете
келіп, қазақ халқының сол кездегі экономикалық, əлеуметтік, мəдени хал-жағдайына қаты-
сты пайда - барыш, прибыль; қарыз - заем, долг; сома - капитал; бексел – вексель; саудагер –
торговец; баға - цена; залал – убыток; дүкен -магазин т.б. сөздердің қолданылғанын айтады.
Бұл атаулар «Қазақша –орысша тілмашта» да осы мəнде кездеседі. Ендеше, сөздікті құра-
стырушылар сол кезге дейінгі жарық көрген басқа сөздіктермен де жан-жақты таныс болған
əрі сол атаулардың тұрақталуын көздеген деп ойлаймыз. Ал сүтқор – банкир; кіреу – заклад‚
Достарыңызбен бөлісу: |