122
Н.И.Ильминский сөздігі мен «Қазақша-орысша тілмаш» – екеуі де қазақша-орысша
сөздік болғанмен, Ильминский қазақ халқының əрбір сөзін орыстарға нақтылап, егжей-те-
гжейлі сипаттауға тырысқан. Сол себепті Ильминский сөздігі түсіндірме
сөздік болып
шыққан. Ал «Қазақша-орысша тілмашта» орыс тілінде баламасы бар болса, орыс тіліндегі
нұсқасын беріп, қазақ халқының болмысын, тұрмысын, дүниетанымын танытатын мəдени
лексика атауларын, этнографизмдерді т.б. беруде түсіндірме жолын ұстанған.
«Қазақша-орысша тілмашта» сөз басына балама берілу себебі – сөздіктің жоғары əскери
курс оқушыларына арналғандығынан болса керек. Құрастырушылар осылайша шəкірттер-
ге сөздің нақты мағынасын айыртып, кейіннен тұтас сөйлем, əңгімелерді аудару барысында
тезірек жаттығып, меңгеріп кету жағын ескерген деп ойлаймыз. Ал Ильминский қолданған
түсіндірме тəсіл мəліметті көп қамтығанымен, осы сөздері бар сөйлемдерді, сөз тіркестерін
аударуда елеулі қиындықтар туғызары сөзсіз. Сол себепті «Қазақша-орысша тілмашта» сөз-
дер балама арқылы беріледі.
Ал қазақ халқына ғана тəн, орыс тілінде баламасы жоқ этнографизмдерді беруде түсін-
дірме тəсілі кеңінен қолданылған. Мысалы:
Тоқым қағар – угощение, устраиваемое матерью
в честь своего дитяти, впервые отправившегося в путь.
Достарыңызбен бөлісу: