125
а) А.Байтұрсынұлы жасаған терминдер – техника
саласының терминдері емес, білім-
ғылым саласына қатысты атаулар болғандықтан, ұғымға ерекше мəн берілгендігін, ал ұғым
атаулары əр тілдің өз сөздерінен жасалатындығын немесе калька жолымен басқа тілдерден
аударылатынын;
ə) термин үшін қазақ тілінің өз сөздік қорын пайдалану қазаққа əлдеқайда түсініктірек
болатынын ескергенін;
б) еңбектер ғылым салалары дүниеге келмеген, олардан
бейхабар қазақ жұртшылығына,
оның ішінде шəкірт балаларға арналғандықтан, оларға жеңіл де түсінікті болу жағын көзде-
генін нақты мысалдармен дəлелдейді [2, 250-262].
Ғалым ойларын «Қазақша-орысша тілмашты» құрастырушыларға қатысты да қолдануға
болады. Өйткені,
бір жағы, А.Байтұрсынұлы мен «Қазақша-орысша тілмашты» құрасты-
рушылар бір кезеңде өмір сүрсе, екінші жағынан, сөздік түзушілер А.Байтұрсынұлының тер-
мин жасаудағы принциптерін толық қуаттап, рухани ұстазының жолымен жүрген. Оны Қ.Ке-
меңгерұлының мына сөздерінен де байқауға болады: «… Терминдерді алу туралы кейбіреу
басқа елдер қалай атаса, қазақшаға айналдырмай-ақ, біз де солай атайық десті. Бұл – тіпті
адасқан пікір. Күйіміз жетсе, шамамыз жетсе, қазақшаландырып алуымыз керек. Мəселен,
Достарыңызбен бөлісу: