Жас өспірім қыздар мен балдардың есеюін жасанды түрде тежеу оларда
инфантализм, немқұрайылық пен жауапсыздық сезімін туғызады, мұның өзі ересек
адамда ерекше қауіпті болатын сапалар. Үнемі қамқорлыққа дағдыланған жас өспірімдер
тіпті қажет болғанның өзінде жауапкершілікті өзіне ала алмайтын болып шығады. Кейде
мұндай жайттар бұзақылықтарын, терең ирроционалдық қарсылықтарын туғызады.
Өзіндік сана – күрделі психологиялық құрылым, ол ерекше компоненттер ретінде.
В.С.Мерлиннің
осылай деп санайтынындай, біріншіден, өзінің теңдестігін ұғынуды,
екіншіден, белсенді, іс-әрекетшіл негіз ретінде өз « менін » ұғынуды, үшіншіден, өзінің
психикалық қасиеттері мен сапаларын ұғынуды, төртіншіден, өзін-өзі әлеуметтік-
адамгершілік бағалаулардың белгілі бір мезгілде қалыптаспайды.
Дүниетанымның қалыптасуы мен өмірлік ұстанымдар. Талай рет айтылып
жүргендей жас өспірім тек балалар әлеміне ғана емес, үлкендер әлеміне де жатады. Содай-
ақ, бұл кезде олар есеюі процесінде болып қана қоймай, өздерін үлкендер секілді ұстайды,
тіптен үлкендер қатарында деп санауға болады. Әлеуметтік орнын анықтау процесі секілді
есеюі процесі көп түрлі, көп өлшемді.
Мұнда кедергі болатыны, жас өспірімнің өмір
жолын таңдауында кездесетін қиындықтар мен кедергілер, еңбекке жіне моральдық
мойындауына деген қарым-қатынасы болып табылады.
«Әрбір жастық кезеңде ерекше гүлдену кезеңі болады» деп жазды И.А.Бунин. Яғни
жаңадан бітпес, ұзақ та қызықты кезең басталғандай болып көрінеді.
Көптеген кездесулер, оқиғалар және қызықтың барлығы осы алдағы уақытта секілді
болып көрінеді. Оның қандай да бір істі бастауға деген құлшынысы болып табылады.
Әлеуметтік өзін-өзі анықтау және өз орнын іздеу – дүниетаным қалыптасуымен
тығыз байланысты.
Дүниетаным – әлемге түгел көзқарас өмірлік философия мен оның барлық
білімінің бағасы мен қорытындысы. Дүниетанымның танымдық бағыты
белгілі бір нақты
маңызды білімді үйрену жіне тұлғаның абстрактылы теориялық ойлай алу қабілеттілігі
болып табылады. Дүниетаным – логикалық білімдер жүйесі ғана емес, сонымен қатар
адамның әлемге деген көзқарасын білдіретін ұстанымдар жүйесі. Жастық шақ –
дүниетаным қалыптасуындағы шешуші кезең. Дәл осы кезде оның танымдық және
эмоционалды – тұлғалық алғышарттары дамиды. Ерте жастық шақтағы дүниетанымдық
көзқарастар көбіне қарама-қарсы болып келеді. Әр түрлі қарсылыққа толы көптеген
ақпараттар бозбаланың қабылдауында түрліше қабылданады. Үлкендер жағы бұндай
кездерде бірден оқу мен тәрбиенің жетіспеушілігінен алға тартады.
Шындығына
келгенде, бұл ерте жастық шақтағы тән қасиет. Өмірдің мәнін іздеу қанағаттанбаушылық
сезімінен туады. Адам қандай да бір маңызды іспен шұғылданып жүрген болса, онда
бұндай сұрақ тумас еді. Артқа оралу, құндылықтарға сыни көзқарас барлығы өмірдің
мәнін іздеуге байланысты туады. Міне, сондықтан да бұл мәселеге өзін қызықтыратын
шығармашылықпен айналысу, қанағаттанушылық нағыз тосқауыл бола алады. Алайда,
бұдан «артқа оралу» және « өзіндік талдау» - адам психикасының ауытқушылығы деп
түсініп, одан тез арылу керек деген көзқарас қалыптаспау керек. Өзінің өмір жолын және
қоршаған әлеммен қарым-қатынасын сыни бағалай отырып, тұлға өзін
шығармашылықтың субъектісі ретінде сезінеді. Өмірдің мәні туралы
сұрақ ерте жастық
шақта барлығына ортақ болады. Жас өспірімдер болашақ туралы айтқанда ең алдымен
өзінің жеке басына қатыстыны айтады. Жалпы, болашақ үшін еңбектену, оның тез арада
нәтиже беруін күту – адамның моральды психологиялық кемелденуінің негізгі көрінісі.
Достарыңызбен бөлісу: