Семинар Жас ерекшелік психологиясының негізгі міндеттері



Pdf көрінісі
бет28/31
Дата24.12.2023
өлшемі0.82 Mb.
#487818
түріСеминар
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
жасерекшелик сем

Кемел жас – адамдардың көпшілігі үшін ең ұзақ жас кезеңі болып табылады. Бұл 
жас кезеңді зейнеткерлікке шығумен байланыстырады.Осы жасқа дейін адамдар өте бай
кәсібиөмірлік тәжірибе жинақтайды.Балалары өсіп,оларға деген қатынасы өзгеріп,өзге 
сипатқа ие болады.Адам организмін осы жасқа тән физиологиялық өзгерістер 
жүреді.Олар көруі нашарлап,реакциялары баяулап ер адамдардың сексуалдық 
потенциялары әлсірейді,әйелдер климаксты басынан кешіреді.Психофизикалық 
функциялар төмендейді,дегенмен де бұл адамның когнитивті сферасына әсерін 
тигізбейді.Еңбекке қабілеттілік сол деңгейде қалып,еңбек және шығармашылық 
белсенділікті сақтауға мүмкіндік береді.Бұл жас адамдар стресске,депрессияға бейім 


келіп жалғыздықты сезінеді.Кемел жас кезеңге өмірдің ең маңызды жағы кісіби іс-
әрекетпен отбасылық қарым қатынас болып табылады.Кемел шақты ең басты ерекшелігі 
өз өмірінің мазмұны үшін өзгелердің алдындағы жауапкершілікті сезіну.Кемел жас
шақтағы көптеген адамдарды 40 жастағы дағдарыс болады. Бұл өмірдің мәніне 
байланысты дағдарыс болып табылады.Адам өз өміріне деген қанағатсыздықты
уайымдайды.Өмірлік жоспары мен олардың іске арасындағы алшақтықты сезінеді.Бұл 
уақытта олардың балалары бөлек өмір сүре бастайды,жақын адамдары мен туысқандары 
қайтыс болады.40 жастық дағадарыста адам өзінің өміріндегі ойларын қайта құрып, «Мен
- концепциясын» қайта жасауына тура келеді. 
Кәсіби жетістікке жету мәселесін көптеген психологтар «акмэ» ұғымымен 
байланыстырады.Ол дегеніміз шыңға жету. Психолог Э.Клапередтің айтуынша кемел
жас шаққа келген адам кәсіби жетістіктің шығына жеткеннен кейін өзінің дамуын 
баяулатуы мүмкін.Өзінің кәсіби шеберлігін шығармашылық птенциалын 
жоғарылатпайды.Осыдан барып,көптеген адамдарды өмірлік белсенділік төмендейді.Бұл 
жастағы психикалық функцияларында инволюциондық процестер басталады.Бұл 
биологиялық қартаюдың баслуымен байланысты.Кемел жас шақтың ерте және орта 
кезеңде бірінші фаза,яғи функциялардың жалпы қасиеттердің прогрессивті даму фазасы 
жалғаса береді.Дегенмен де,прогрессивті дамудың екінші фазасы да бар,ол кәсіби іс-
әрекет үрдісіндегі психикалық функциялардың ерекшелігімен байланысты.Кәсіби іс-
әрекеииің барлық түрлері,шеберлік,білім және тәжірибе адамның жоғары деңгейдегі 
физикалық және функционалдық дайындығы мен бірге жүріп отыру керек.Осы кезеңде 
көптеген адамдарда кәсіби шыңға жету төмендейді.Бұл әрине таңдалған мамандықтың 
ерекшелігіне байланысты мысалы,дәрігер мамандардың кәсіби шеберліктері физикалық 
және функционалдық дайындыққа тәуелді емес,бұнда кәсіби шеберлік зейнеткерлікке 
кеткенге дейін,тіпті,еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі кезінде сақталады. 
Сонымен, жетекші іс-әрекет еңбек болып табылады, балаларға көмектесу,
отбасындағы қарым қатынас мәселелері бірінші жоспарға шығып, тұрақты сипатқа ие 
болады. Кемеліне келу белсенді еңбек ету кезеңі болғандықтан,адам өзінің барлық бос 
уақытын жұмысқа арнайды. 
БАЛАЛАРМЕН ҚАРЫМ ҚАТЫНАС. Ересек адамның ең басты міндеті - өз 
баласын тәрбиелеп,өсіру.Өсіп келе жатқан балалармен қарым қатынас жасау ерекшелігі 
жағдайға байланысты ата аналар да әр түрлі болады.Ол жағдайлардың ең жетекші түрі 
ата ананың балаға деген эмоциялық қатынасы.Оның 3 түрін қарастыруға 
болады:эмоциялық,оның негізі сөзсіз махаббат шартты махаббат және баланы 
қабылдамау.Аналық сөзсіз махаббатты Э.Фромм сипаттап берген: «Аналық махаббат –
бала өмірі мен оның қажеттіліктері үшін сөзсіз берілу. 
Аналық махаббат ең жоғары тұратын махаббат. »Баланы оның әдемілігіне немесе 
қабілеттілігіне,қазір немесе болашақта әкелетін қайғысына байланысты жақсы көрмейді, 
яғни баланы сол күйінде қабылдау.Шартты махаббат шынайы емес махаббат.Мұнда бала 
тек ата ананың талаптарына жауап бергенде ғана жауап береді. Бала тіл алғыш
болып,қиындық тудырмай,жақсы оқығандығы үшін жақсы көреді.Осы талаптарға 
қаншалықты жауап берсе ол соншалықты махаббатқа ие болады.Осындай шартсыз
махаббат салдарынан балада сенімсіздік,мазасыздық пайда болады,өзін өзін бағалау
деңгейі төмендейді.Баланы қабылдамау әр отбасында әр түрлі болады.Оны ата- ана 
сезінуі немесе саналы түсінбеуі де мүмкін.Оның себептері әр түрлі.Мысалы:ұл баланы 
күтіп еді дүниеге қыз бала келді.Мамасы әдемі,ал оның қызы тұйық,көріксіз және осы 
қасиеттері мен атасын ашуландырады.Немесе әкесі математик,ал баласында 
математикалық қабілеттер жоқ. 
Балалар шартсыз махаббат пен ата - аналардың тарапынан оны қаламаушылықты
сезінеді.Ал, бұл отбасындағы қатынасқа әсер етеді.Баланығ тұйықтығы немесе «көшеге» 
кетуі негізінде жеткіншектік кезде басталады. 


Ата- ана мен бала арасындағы қарым қатынастың ерекшелігі эмоциялық негізбен 
ғана емес, сонымен қатар тәрбие стилімен де анықталады.Тәрбиенің негізгі стильдері 
шектен тыс қамқорлық жаасу, «отбасы кумирын» тәрбиелеу,немқұрайлы тәрбие,баоаны
қабылдамау. Ата-анамен бала арасындағы қатынастар және оның тұлғалық 
ерекшеліктеріне де байланысты.Балалардың дербес ерекшеліктерін тәрбие мен оқыту 
үрдісінді ескеру керек. 
Ата - анамен бала арасында симбиотикалық қатынас болады. Мұндай қатынас
анасының баланы жалғыз тәрбиелеген кезінде пайда болады.Симбиотикалық қатынас 
табиғи түрде кенеттен пайда болады. 
3.Кемел жас кезінде адам оның психологиялық жасының динамикасымен тығыз
байланысты.Оны бір - бірімен өзара байланысты, бірақ бір - біріне сәйкес келмейтін 3 
түрін бөліп көрсетуге болады: 
1.Хронологиялық жас; 
2.Биологиялық жас; 
3.Психологиялық жас 
Адамның сыртқы келбеті оның хронологиялық жасын ерекшелеп тұрады.Мысалы: 
40 жастағы адам өзінің жасына қарағанда жас көрінуі мүмкін немесе керісінше кәрі 
көрінуі мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет