Семинар Жас ерекшелік психологиясының негізгі міндеттері



Pdf көрінісі
бет27/31
Дата24.12.2023
өлшемі0.82 Mb.
#487818
түріСеминар
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
жасерекшелик сем

 
14 семинар 
1. Жастық шақ кезеңіне жалпы сипаттама 
2. Кемел жас кезеңіндегі кәсіби іс-әрекет пен отбасылық қарым-қатынас 
3. 40 жастағы дағдарыс 
Ерте жастық – бұл өмірлік жол таңдау уақыты. Бұл жастағылар ересектік шақта 
орындалуға тиіс жоспарлар құрады.Алдына қойылған мақсаттарын іске асырады,яғни 
таңдалған мамандығы бойынша жұмыс істеу,жоғары оқу орнында білім алу,отбасын 
құру. 
Ерте жастық шақ – ересектік өмірдің басталуы.Өмірдің алда екендігін сезіну,бір 
нәрсені көріп,қателесіп және іздеуге мүмкіндік береді.Бірақ «осы уақытта біздің таңдаған 
жолымыз әдетте өмірдегі көп нәрсені анықтайды.Ерте жастық шақта ойлаудың 
философиялық бағыттылығы көрініс береді және ол формальды логикалық операциялар 
мен эмоциялық ерекшеліктердің дамуына негізделген. Бұл жастағы ер балаларға 
абстрактілі ойлау тән болса,қыз балаларға нақты ойлау тән.Сондықтан да әдетте қыз 
балалар абстрактілі тапсырмаларға қаоағанда нақты тапсырмаларды жақсы 
орындайды.Табиғи - ғылыми қызығушылықтарға қарағанда көркемдік гуманитарлық 
қызығушылықтары басым болады. 
Осы жастағылардың көпшілігі өздерінің қабілеттерін,білімдерін, ақыл - ой 
мүмкіндіктерін, асырып айтуға бейім келеді. Ерте жастық шақта зейіннің көлемі 
ұлғаяды. Сонымен қатар онығ қарқындылығы мен бір заттан келесі затқа ауыса білу 
қабілеттер де артады. Бірақ зейін бұл жаста таңдамалы және қызығушылықтарының 
бағыттарына байланысты болады. Шығармашылық қабілеттері дамида.Сондықтан да
осы жастағы ер балалармен қыз балалар мәліметтерді тек қана ұғып қана қоймай,жаңа
нәрселер жасайды.Шығармашыл дарынды адамның тұлғалық қасиеттері әр түрлі ,ол 
дарындылық пайда болған іс - әрекет сферасына байланысты. Зерттеушілердің 
айтуынша шығармашыл дарынды адам оқу іс - әрекетінде қарапайым нәтижелер
көрсетуі мүмкін.Жоғарғы сынып оқушыларының білімді жинақтау мен интеллектінің 
кейбір қасиеттерін өзгерту нәтижесінде ақыл ойлар дамиды.Сонымен қатар ақыл ой іс 
- әрекетінің жеке стилі қалыптасады. Н.Каганның айтуынша, танымдық үрдісте ақыл
ой іс әрекетінің жеке стилі ойлау стилі қабылдау,есте сақтау және ойлау тәсілдеріндегі
жеке варияциялардың тұрақты жиынтығы ретінде көрініс береді. Бұл жастағы
интеллектуалдық даму мүмкіндігі мәтінмен,әдебиетпен жұмыс істеу ,формальды - 


логикалық операцияларды орындау кезіндегі оқу біліктерін дамыту арқылы жүзеге 
асады. Зерттеушілердің айтуы бойынша, ерте жастық шақ тұлға дамуындағы екінші 
аумалы кезең болып есептеледі.Жастар жеткіншектер сияқты әліде болса ересек адамдар 
қатарына жатпайды.Ерте жастық шақпен білімді жалғастыру мен мамандықты игеру 
байланысты.Психологиялық тұрғыдан алғанда жастық шақ өзін анықтау және ересек 
адамдар арасындағы интеграция міндетін шешеді. 
Ерте жастық шақтағы әлеуметік жағдай – өмірлік жол таңдау. ьБала кезде жас 
ерекшелік кезеңдер көрініп тұрады. Балалық шақ артта қалған кезде барлық психикалық 
қызметтер және тұлғаның тұрақталуы басталады. Сонымен 17 жастағы дағдарыс пайда 
болдаы. Кейінгі жылдары жеткіншектер мектеп қабырғасын 9 сыныптан соң тастап
кетеді.Оқуға деген қызығушылықтың жоқтығынан және үлгерімдерінің төмендігінен 
олар техникалық колледждерге баруға тырыспайды;кейбіреулері конкурсқа ілінбей 
қалады.Олардың көпшілігі кешкі мектептерге барып,жұмыс істейді.Егер де жеткіншек
өзі үшін осы жолды таңдаса онда дағадарыс көрініс береді. Мұндай жеткіншектер бүгінгі 
күнмен өмір сүріп болашағын жоспарламайды. 
19-20 жастағы жастар өз өмірлеріндегі қиындықтарды бұдан бұрын болмаған 
жауапкершілікпен байланыстырады..Олар бұл жаста пайда болатын жаңа мәселелер мен 
қоса үлкен мүмкіндіктер де пайда болатын осы жасты бағалайды.Жасиар үшін өмірлік
жолдың 3 нұсқасы тән:жоғарғы оқу орнында білім алу,жұмыс іздеу,ер балаларға әскерге 
бару. 
Жоғары оқу орнында білім. Көптеген мектеп бітірушілер білім алуды жалғастыруды 
қалайды.Кейбіреулері өзін қызықтыратын білімді алуға тырысса.кейбіреулері ата- 
аналарының тілегі бойынша немесе жолдастарына еліктеп барады.Қазіргі студенттер 
жоғары оқу орнына білім алудың келесідей артықшылықтарын аттайды: жоғары оқу орны 
оқу орны қажетті білім біліктерді береді,яғни белгілі мамандық беріп «ересектік 
өмірге»дайындайды,таңдайу жасауға мүмкіндік береді.Бірақ жастар білім алуды 
жалғастыра отырып практикалық тәжірибеге ие болмай ата -аналарына тәуелді болып 
қалады.Соңғы жылдары студенттер оқуды жұмыспен араластырады,яғни азды көпті ақша 
табады.Жастардың нақты жоғарғы оқу орнын таңдауы олардың тұлғалық 
бағыттылықтарына ,мотивтеріне ,құндылықтарына байланысты. 
Жастық шақ ерте жастық шақтың аяқталуы мен шамамен 30 жасқа дейінгі
аралықты қамтиды.Кейбір авторлар мұны жасқа - дейін созады.Жастық шақ біріншіден
- бұл отбасы құру,таңдалған мамандықты игеру ,қоғамдық өмірге деген өзінің қатынасы 
мен ондағы рөлін анықтау кезеңі болып табылады. 
Жастық шаққа оптимизм тән. Мұндай жаста адамның күші мен энергиясы көп, 
өзінің мақсаты мен идеяларын іске асыруға кіріседі.Осы жас кезеңде танымдық 
психикалық үрдістер біркелкі дамымайды.Адамның интеллектуалдық дамуы тұлғаның
қалыптасуымен өзара әрекетте іске асады.Психофизикалық функциялардың даму 20 
жаста тоқтағанмен де,интеллектуалдық дамуы көптеген жылдарға жалғаса береді.Адам 
өзінің интеллектуалдық дамуының барысын өз бетімен басқара біліп,еңбек және 
шығармашылықпен байланысты үлкен нәтижелерге көп жеткізеді.Адамның жетістігі 
оның дарындылығының ,білімінің деңгейіне ,іс әрекетті дұрыс таңдауына 
байланысты.Яғни адамның когнитивті сферасының дамуы ерекше дербес сипатқа 
ие.Эмоциялық сферадағы ең басты мәселе өз шешімн табуды талап ететін идентивтілік 
пен жақындыққа қол жеткізу.Адамдар арасындағы эмоциялық жақындық махаббат негізі 
ретінде көрініс береді.Негізінен бұл жастағы адамдардың эмоциялық сферасы 
қалыптасқан және тұрақты болып табылады. 
Мотивациялық сфераның рөлі ерекше,себебі осы кезеңде адам ересектік өмірге
араласып,отбасы құру,дүниеге сәби әкелу,мамандық таңдау сияқты мәселелерді шешуіне 
тура келеді. 


Өзіндік санаға, өзін-өзі бағалауға , «Мен - концепциясына» келесідей факторлар 
әсер етеді:тұлғпның сексуалды серіктесі жары,ата ана,маман және азамат ретінде өзін 
анықтауы. 
Осы кезеңде 30 - 33 жастағы нормативті дағдарыс басталады.Ол адамның өмірлік
жоспарлары мен шынайы мүмкіндіктерінің арасындағы сәйкессіздіктен пайда болды.Бұл 
жаста өмірлік құндылықтар қайта қаралып,мәнсіздері артта қалады. 
Жастық шақ кәсіби іс әрекетті меңгерумен, дамытуын, отбасы құрумен, бала 
тәрбиелеумен бос уақытын ұйымдастыру кезеңдерімен ерекшеленеді.Сонымен,адам 
белсенділігінің әрбір сферасы іс- әрекет пен қарым қатынастың ерекше сипаттарымен 
ерекшеленеді: еңбек қоғамдық пайдалы іс- әрекет,еңбасты тұлғааралық қарым 
қатынастардың концентрациясы,бос уақыт тұлғалық потенциалды іске асыру. 
Бұл жас кезеңіндегі жетекші фактор еңбек іс - әрекеті болса, еңбасты міндет өзін -
өзі анықтау мен отбасы құру болып табылады. 
Махаббат және отбасы.Жастық шақты көбінесе махаббат жасы деп атайды.Бұл 
кезең жыныстық белсенділік ,сонымен қатар қыз балалардың организмі дүниеге сәби 
әкеліге дайын болғандықтан,көптеген адамдар некеге тұрады.Жастық шақта адамдар 
танысып, бір бірін оңай тани алады,бірлескен өмір салтына жылдам бейімделеді. 
Әрине, ер адам мен әйел адам арасындағы махаббаттек қана жастық шаққа ғана тән
емес. 
Махаббаттың өзге де түрлері бар. Олар: ата ана мен бала, аға мен қарындам
арасындағы махаббат, достық байланыс, ісіне деген, өнердің бір түріне деген махаббат. 
Ер мен әйел арасындағы махаббат оларды толыққанды етеді. Әрбір адам махаббаты 
қайталанбас және оның тұлғасына байланысты болады.Отбасы құру тұлғалық таму үшін 
өте маңызды.Адам дүниеге сәби әкелу мен болашақ ұрпақты тәрбиелеу жауапкершілімен 
байланысты жаңа қоғамдық статусқа ие болады.Отбасылық өмірдің жақсы болуы 
адамның жалпы дамуына оның рухани өсуіне,қабілеттерінің дамуына байланысты. 
Дүниеге сәби әкелудің үлкен маңызы бар. Баланы дүниеге әкелгеннен кейін ата ана тек 
қана әйел мент еркек болып қана қоймай,ана менәке болады.Отбасылық өмірдің 
құрылымы өзгеріп,ерлі зайыптыларды жаңа міндеттер,өздері дүниеге әкелген адам өмірі 
үшін ортақ жауакершілік пайда болады. 
Кәсіби іс - әрекет. Жастық шақтың ерекшелігі жар таңдау және отбасы құрумен 
аяқталады.Осы кезеңдегі дамудың бір әлеуметтік жағы - таңдаған мамандығын игеру.Бұл
кезеңде адам кәсіби шеберлікке ие болып, кәсіби дайындық аяқталады. Таңдалған
мамандыққа қажетті білім,білік,дағдылар жеңіл меңгеріліп,арнайы тұлғалық және 
функционалдық сапалы дамиды. 
Егер жастық шақта өмірлік жол дұрыс таңдалса, адам өз мамандығында үлкен 
жетістіктерге жетеді.Ал ғылыми жолын таңдағандар ғылыми кандидаты болады.Кәсіби 
шеберлікпен бірге кәсіби компетенттілік дамиды. 
Достық. Жастық шақта достық байланыстарды орнату мен дамыту маңызды болып 
табылады.Психологтардың пікірлерінше,достық осы кезеңде,махаббат сияқты жаңа 
сапалы ддеңгейі көтеріледі.Достықтың жай жолдастық қарым қатынастарынан 
айырмашылығы ,онда рухани жақындық болады.Достық - өзара сенім мен ортақ 
қызығушылықтарға негізделген жақын қатынас. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет