Семинар Жас ерекшелік психологиясының негізгі міндеттері


Ұзақ өмір сүру және танымдық әрекеттердің психологиялық шарттары



Pdf көрінісі
бет30/31
Дата24.12.2023
өлшемі0.82 Mb.
#487818
түріСеминар
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
жасерекшелик сем

Ұзақ өмір сүру және танымдық әрекеттердің психологиялық шарттары.60, 70, 
немесе 80 жастағыларға қарағанда ғылымда тоқсан жастағылар туралы дерек аз. Себебі 
бұл жастағы адамдардың өмір сүруінің әлеуметтік шарттары мен денсаулығы туралы
жүйелі ақпарат алу қиын. Адам шындығында қанша жыл өмір сүре алады, оның өмірінің
ұзақтығы қандай? Геронтологияның тұжырымдауынша, адам өмірі 120 мен 180 жастың 
аралығына жетуі мүмкін. Бұл әр адам үшін қол жетерлік жас деп есептейік. Сонда бұл
жағдайда барлығы бірдей осынша уақыт өмір сүре ала ма? Егер де өмір тек жылмен 
өлшенетін болса, онда жас шамасы туралы айтудың мәнісі болмас еді. Психологиялық 
өмір әр түрлі ағымда өтетіні түсінікті. Бір өмірге жүздеген жылдар еніп кете алады. В. И. 
Вернадскийдің биографиясын құраумен айналысқан Р. Баландин былай деп жазды:
«Адам өмірінің ұзақтығын жылдармен өлшеу – кітапты бет санымен, сурет өнерін 
шаршы метрмен, мүсін өнерін килограммен өлшегенмен бірдей. Бұл жерде есеп басқа
және мүлде басқа нәрсе, яғни бітірген ісі, басынан кещкендері, ойлағандары бағаланады».  
Қарттық және ұзақ өмір сүрушіліктің қызығушылық тудырған феномендерінің бірі 
ретінде шығармашылық қабілетінің кенеттен жарқ ете қалуы болып табылады. Аңызға 
сүйенсек, жапон суретшісі Хокусаи өзінің 73 жасқа дейінгі туындыларын түкке тұрғысыз
деп айтқан, оның суретшілік мансабы осы жасынан кейін басталған. Тициян өзінің сурет 
туындыларын шамамен 100 жасында жарыққа әкелді. Верди, Рихард, Штраус, Шютц, 
Сибелиус және көптеген сазгерлер 70 жастарына дейін жұмыс істеді және нағыз осы 
жастарында көңіл қобалжытар әуендер жазып шығарды. П. Ламарк, К. Лаплас, Г. 
Галилей, И. Кант, А. Гумбольд (оның «Космосы» 76-89 жас аралығында жазылды) 
сияқты ғалымдар 70 жастарынан кейін табысты еңбек ете бастады, И. П. Павловтың
«Двадцати летний опыт» шығармасы 73 жасында жазылды. Ал «Лекции о работе 
больших полушарий головного мозга» атты еңбегі 77 жасында жазылды), жазушылар В.
Гюго, С. Вольтер, Б. Шоу, В. Гете (ол шамамен 80 жасқа толғанда «Фауст» - тың екінші 
бөлімін жазды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет