6.3.4 Магистрлік диссертацияның (жобаның) бөлімдерін, бөлімшелерін,
баптарын, кіші баптарын нөмірлеу
6.3.4.1 Магистрлік диссертация (жоба) бөлімдерінің бүкіл құжат бойынша
қызыл жолдан (абзацтан) басталып, нүктесіз араб цифрымен белгіленген реттік
саны болуы керек.
6.3.4.2 Егер құжаттың бөлімшелері болмаса, баптардың нөмірленуі әрбір
бөлім аясында болып, баптың нөмірі бөлім мен баптың нөмірінен нүктемен
ажыратылып берілуі керек. Егер құжаттың бөлімшелері болса, онда нөмірлеу
бөлімше аясында болып, баптың нөмірі нүктемен ажыратылатын бөлім, бөлімше
және бап нөмірінен тұрады.
6.3.4.3 Егер мәтін тек баптарға бөлінсе, онда бүкіл магистрлік диссертация
(жоба) жұмысы бойынша реттік сандармен нөмірленеді.
6.3.4.4 Қажеттілігіне қарай баптар кіші баптарға бөлінеді. Және оның әр бап
бойынша реттік саны болуы керек, мысалы: 4.2.1.1, 4.2.1.2 және т.с.с.
6.3.4.5 Магистрлік диссертацияның (жобаның) әрбір құрылымдық элементі
жаңа парақтан (беттен) басталуы тиіс.
6.3.4.6 Магистрлік диссертация (жоба) құрамындағы парақтар мен
қосымшасылардың нөмірлері тұтас болуы керек.
6.3.5 Иллюстрациялар
6.3.5.1 Иллюстрациялар (сызбалар, кестелер, графиктер, схемалар,
диаграммалар, фотосуреттер) міндетті түрде магистрлік диссертацияның
(жобаның) мәтінінен кейін орналасып, сол бетте, не кейінгі бетте алғашқы
мәліметтер берілуі керек. Иллюстрациялар түрлі-түсті етіп компьютерде
дайындалуы да мүмкін. Диссертацияда барлық иллюстрацияларға сілтемелер
берілуі керек.
6.3.5.2 Иллюстрация «Сурет» сөзімен белгіленеді. Егер сурет біреу болса, ол
«1-сурет» деп белгіленеді де, оның аты жолдың ортасына жазылады.
Иллюстрация нөмірлері магистрлік диссертация (жоба) аясында (араб
цифрымен) тұтас беріледі. Мәтінде әрбір иллюстрацияға сілтеме жасалынуы
тиіс. Иллюстрацияға сілтеме, мысалы, «2-суретке сай...» түрінде беріледі.
6.3.6 Кестелер
6.3.6.1 Сандық материал міндетті түрде кесте түрінде рәсімделеді. Кестені
рәсімдеу 1-суретте көрсетілген.
|