Тілдік және мәдениетаралық Қатынас қҰзыреттерін



Pdf көрінісі
бет11/21
Дата09.01.2024
өлшемі0.51 Mb.
#488768
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
Methods of Effective Use of Films in the Formation of Linguistic and Intercultural Communication Competencies[#1168553]-2622651 (1)

ISSN-p 2306-7365 
ISSN-e 2664-0686 
ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ
№3 (121), 2021 
138 
мәліметтерді де, сөйлеудің лингвистикалық ерекшеліктерін де белгілі бір контекстте жақсы 
түсінуге және шоғырландыруға көмектеседі» [19,193-б.]. 
Фильм таңдау критерийлері 
Негізгі мақсат – фильмдерді мәдениетаралық коммуникативті құзыреттілікті дамыту 
және оқушылардың тілдік құзыреттілігін арттыру мақсатында қолдану. Әр фильм 
студенттерге тілдегі түпнұсқалық мәліметтермен кең ауқымда танысуға мүмкіндік беретін 
өзінің аутентті дискурсы, тілді қолданудың бірегей әдісі мен мәдени контекстіне қарай 
таңдалады. Сондықтан фильмнің дұрыс таңдалуы мен нақты тұжырымдалған тапсырмалар 
сабақтың мақсатына және жақсы нәтижеге қол жеткізуге көмектеседі. Фильмді таңдау 
критерийлері бірнеше принциптерге негізделеді: 
● Тілдік біліктілік деңгейі және түпнұсқалық (аутенттілік): Көрсетілетін фильмді 
таңдамас бұрын, аудиторияның тілдік деңгейін анықтап алу және студенттердің тілдік 
деңгейіне сәйкес сапалы түпнұсқалық фильмдерді таңдау қажет. 
● Мазмұны, ақпараттылығы мен танымы: фильмнің мазмұны мәдени, тарихи, 
лингвомәдени, социологиялық және басқа да маңызды танымдық ақпаратты қамтуы тиіс. 
Жақсы таңдалған фильмдер мәдени шындықты, әлеуметтік және экономикалық мәселелер 
мен мәдениетаралық қарым-қатынастың әр түрлі жағдайындағы адамдардың мінез- 
құлқының ерекшеліктерін салыстыруға және қатар қоюға негізделген талдау мен талқылау 
бағытталған түрлі тақырыптарға шексіз мүмкіндіктер береді. Осылайша, оқушылардың 
мәдениетаралық қарым -қатынас дағдыларын дамыту мүмкіндігі артады. 
● Фильм мазмұнының кәсіби сала тақырыбына сәйкестігі: белгілі бір мамандыққа 
қатысты ақпарат беретін фильмдер. Мысалы, дәрігерлер немесе заңгерлер, кәсіпкерлер және 
т.б. туралы фильмдер, олардың көмегімен студенттерді өздері оқып жатқан мамандыққа 
қатысты кәсіби-лингвистикалық терминдермен таныстыруға, сөздік қорларын толықтыруға, 
іскерлік дағдыларын дамытуға, кәсіби этика нормаларын және т.б. меңгертуге болады. 
● Фильмнің сапасы: фильмді таңдағанда, фильмнің жанрына, стиліне және түсірілім 
уақытына назар аударған жөн. Сондай-ақ, қоғамға кең танымал, сыншылардың жақсы 
пікірлері мен жалпыхалықтың сүйіспеншілігіне бөленіп, әмбебап баға алған және әрі әлемді 
өзгертуге ықпал еткен фильмдерді таңдаған дұрыс. 
Фильмді таңдау үшін қандай әдіс қолданылса да, әр фильмнің тіл мен мәдениет және 
уақыт/кезең арасындағы айқын байланысты көрсететінін есте ұстаған жөн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет