46
Құмды қаяулар– қалыптың және өзекшенің төменгі беріктілігінен,
қалыпты әлсіз тығыздауынан, қалыптардың
шығып тұрған бөліктерінің
жеткілікті бекітілмеуінен және өзге де себептерден туындаған құйма
денелеріндегі ашық немесе жабық бос орындары.
27-сурет. Құймаларды тазарту ағынды сызық
Қиғаштану-қалыпты
дұрыс
жинамау,
орталықтандырушы
істіктердегі тозу, моделдегі өзекшенің және өзекше жәшігінде белгі
бөліктерінің сай келмеуі, қалыпта өзекшенің дұрыс орналаспауы және
басқа да себептер нәтижесінде туындаған құйманы бір жағымен екіншіге
сай жылжыту.
Құйылмай қалу – құю температурасының төмендігінен,
сұйық
ағынының жеткілікті болмауынан, құйғыш жүйелерде элементтердің
жеткілікті емес қиылыспауынан, құймалардың дұрыс емес құрылысынан
(мысалы, құйма қабырғасының кішкентай қалындығы) және басқада
себептерге байланысты құйманың кейбір бөліктері
жеткілікті толмаған
болады.
Шөгіндік қаяулар – кедір-бұдырлы қабықты және қатты
кристаллдандыру құрылысымен құйма денесінің ашық немесе жабық бос
орындары. Бұл ақаулар салмақтық түйіндердің жеткілікті қоректенбеуінен,
құймалардың технологиялық емес құрылысынан, түсімдердін дұрыс
орналаспауынан, қыздырылып кеткен металды құйюмен туындайды.
Газды қаяулар – қалыптың және өзекшенің газ өткізгіштігі
жеткіліксіз
болуынан, қалыптау қоспасы мен өзекшенің ылғалының
артуынан, металдардың газбен қанығуынан туындайтын таза және тегіс
қабықты құймалар денесінде ашық немесе жабық қуыстар.
Ыстық және салқын сызаттар - құйғыш жүйенің және
түсімдердің дұрыс емес құрылысынан, құймалардың дұрыс емес
құрылысынан, шөгудің тым тегіс болмауынан, қалыптар мен өзекшелердің
төмен берілуінен және т.б. себептерден
тым қатты қыздырылып кеткен
металдарды құю кезінде құймалар денесіндегі кескіндер.
Ақауларды анықтау әдістері. Құймалардың сыртқы ақауларын
оларды қалыптан алу кезінде немесе тазартудан кейін сыртқы бақылаумен
47
анықталады.
Құймалардың
ішкі
ақауларын
радиографикалық
немесе
ультрадыбысты дефектоскопия әдістерімен анықталады.
Радиографикалық әдістерді (рентгенография, гамма-графия)
қолдану кезінде құймаларға рентгенді немесе гамма сәулелену әсер етеді.
Осы әдістермен ақаулардың болуын, олардың өлшемдері мен жату
тереңдігі анықталады.
Ультрадыбысты бақылау кезінде құйма қабырғасымен өтіп бара
жатқан ультрадыбысты толқындардың ақаулар шегімен (сызаттар, қаяулар
және т.б.) кездескенде ішінара шағылысады.
Толқындардың шағылысу
әсерін ақаулардың болуын, өлшемдерін және жату тереңдігін анықтайды.
Құймалардағы сызаттар люминесцентті бақылаумен, магнитті
немесе түсті дефектоскопия болумен жүзеге асады.
Ақауларды
түзету
әдістері.
Құймалардың
маңызды
орындарындағы білінбес ақауларды сылаумен бітеу немесе мастика, әр
түрлі құрамды сіңірумен, газ немесе электр дәнекерлеумен түзетеді.
Сылағыштар немесе мастиктармен ақауларды бітеу - құймалардағы
шағын беткі қаяуларды сәнділеп дұрыстау. Мастикамен толтыру алдыңда
ақаулары бар орындарды кірден тазартады және майсыздандырады.
Қаяуларды мастикамен толтырудан кейін түзетілген орындарды
тегістейді, кептіреді және пемза немесе графит арқылы үйкелейді.
Құрамымен сіңіруді құймалардағы ұсақ тесіктіліктерді жою үшін
қолданады. Осы мақсатта оларды 8 ... 12
сағат хлор аммониялы су
ертіндісіне түсіреді. Ерітінді металдар кристалдарының арасына кіре
отырып құйманың есіктерін толтыратын оксидтер түзеді. Ағып кетудің
алдын алу үшін түсті металдарды құймаларды бакелиті лакпен сіңіріреді.
Газды және электрлі дәнекерлеуді өңделмейтін сырттардағы
(қаяулар, саңылау аралығы, сызаттар) ақауларды түзету үшін қолданады.
Шойынды құймалардағы ақауларды шойынды электродтар мен тұнған
шыбықтарды қолданумен дәнекерлейді, ал болат құймаларды құрамға сай
электродтармен. Шойынды құймаларды дәнекерлеу алдында 350 ... 600 °С
температураға
дейін қыздырады, оларды дәнекерлеуден кейін қоршаған
орта температурасына дейін баяу суытады. Құймаларды жақсылап өңдеу
үшін суаруды жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: