Технологиясы



Pdf көрінісі
бет21/45
Дата10.01.2024
өлшемі2.9 Mb.
#488823
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   45
Құрылымды материал технологиясы. Құю өңдірісі

Құймаларды тазалау – құймалардың сыртқы ішкі қабықтарынан
қалыпты және өзекшелерді қоспалардың қалдықтарын, күйіктерді жою 
процесі. Оны кезеңдік немесе үздіксіз қызмет ететін галтовтық барабанда, 
суқұмар және бытыра лақтырғыштар камерасында, химиялық немесе 
электрохимиялық өңдеу және басқада әдістермен жүзеге асырады.
26-сурет. Құймаларды үлгілерден қағымдау үшін автоматтық қондырғы 
27- суретте құймаларды тазалаудың ағынды сұлбасы көрсетілген. 
Қоспадларды жою үшін құймалар I конвейермен торға беріледі. 
Содан кейін олар 4 айналатын барабанда құмнан тазартылады. Жанып 
кеткен қоспа барабаннан саңылау арқылы жойылады. Барабаннан 5 
конвейер арқылы 6 бытыра лақтырғыш барабанға жіберіледі соңда 7 
айналу бытыра лақтырғыш баспен берілетін металды бытыра ағынымен 
соңғы тазалау өтеді. Осыдан кейін құймалар 8 таспалы конвейермен 
құйғыштарын, қоректендіру қондырғылар орнындарын және т.б. тазалау 
үшін сыланған станоктарға беріледі. 
3.8 Құймалардың ақаулары және оларды түзету 
Құймалар ақауларының сыртқы көрінісі бойынша сыртқы (құмды 
қаяулар, ауытқулар, құйылмай қалғандар және т.б.); ішкі (шөгіндік және 
газды қаяулар, ыстық және салқын сызаттар және т.б.) деп бөледі. 


46 
Құмды қаяулар– қалыптың және өзекшенің төменгі беріктілігінен, 
қалыпты әлсіз тығыздауынан, қалыптардың шығып тұрған бөліктерінің 
жеткілікті бекітілмеуінен және өзге де себептерден туындаған құйма 
денелеріндегі ашық немесе жабық бос орындары.
27-сурет. Құймаларды тазарту ағынды сызық
Қиғаштану-қалыпты 
дұрыс 
жинамау, 
орталықтандырушы 
істіктердегі тозу, моделдегі өзекшенің және өзекше жәшігінде белгі 
бөліктерінің сай келмеуі, қалыпта өзекшенің дұрыс орналаспауы және 
басқа да себептер нәтижесінде туындаған құйманы бір жағымен екіншіге 
сай жылжыту.
Құйылмай қалу – құю температурасының төмендігінен, сұйық 
ағынының жеткілікті болмауынан, құйғыш жүйелерде элементтердің 
жеткілікті емес қиылыспауынан, құймалардың дұрыс емес құрылысынан 
(мысалы, құйма қабырғасының кішкентай қалындығы) және басқада 
себептерге байланысты құйманың кейбір бөліктері жеткілікті толмаған 
болады.
Шөгіндік қаяулар – кедір-бұдырлы қабықты және қатты 
кристаллдандыру құрылысымен құйма денесінің ашық немесе жабық бос 
орындары. Бұл ақаулар салмақтық түйіндердің жеткілікті қоректенбеуінен, 
құймалардың технологиялық емес құрылысынан, түсімдердін дұрыс 
орналаспауынан, қыздырылып кеткен металды құйюмен туындайды. 
Газды қаяулар – қалыптың және өзекшенің газ өткізгіштігі 
жеткіліксіз болуынан, қалыптау қоспасы мен өзекшенің ылғалының 
артуынан, металдардың газбен қанығуынан туындайтын таза және тегіс 
қабықты құймалар денесінде ашық немесе жабық қуыстар. 
Ыстық және салқын сызаттар - құйғыш жүйенің және 
түсімдердің дұрыс емес құрылысынан, құймалардың дұрыс емес 
құрылысынан, шөгудің тым тегіс болмауынан, қалыптар мен өзекшелердің 
төмен берілуінен және т.б. себептерден тым қатты қыздырылып кеткен 
металдарды құю кезінде құймалар денесіндегі кескіндер.
Ақауларды анықтау әдістері. Құймалардың сыртқы ақауларын 
оларды қалыптан алу кезінде немесе тазартудан кейін сыртқы бақылаумен 


47 
анықталады.
Құймалардың 
ішкі 
ақауларын 
радиографикалық 
немесе 
ультрадыбысты дефектоскопия әдістерімен анықталады. 
Радиографикалық әдістерді (рентгенография, гамма-графия) 
қолдану кезінде құймаларға рентгенді немесе гамма сәулелену әсер етеді. 
Осы әдістермен ақаулардың болуын, олардың өлшемдері мен жату 
тереңдігі анықталады.
Ультрадыбысты бақылау кезінде құйма қабырғасымен өтіп бара 
жатқан ультрадыбысты толқындардың ақаулар шегімен (сызаттар, қаяулар 
және т.б.) кездескенде ішінара шағылысады. Толқындардың шағылысу 
әсерін ақаулардың болуын, өлшемдерін және жату тереңдігін анықтайды.
Құймалардағы сызаттар люминесцентті бақылаумен, магнитті 
немесе түсті дефектоскопия болумен жүзеге асады. 
Ақауларды 
түзету 
әдістері. 
Құймалардың 
маңызды 
орындарындағы білінбес ақауларды сылаумен бітеу немесе мастика, әр 
түрлі құрамды сіңірумен, газ немесе электр дәнекерлеумен түзетеді. 
Сылағыштар немесе мастиктармен ақауларды бітеу - құймалардағы 
шағын беткі қаяуларды сәнділеп дұрыстау. Мастикамен толтыру алдыңда 
ақаулары бар орындарды кірден тазартады және майсыздандырады. 
Қаяуларды мастикамен толтырудан кейін түзетілген орындарды 
тегістейді, кептіреді және пемза немесе графит арқылы үйкелейді. 
Құрамымен сіңіруді құймалардағы ұсақ тесіктіліктерді жою үшін 
қолданады. Осы мақсатта оларды 8 ... 12 сағат хлор аммониялы су 
ертіндісіне түсіреді. Ерітінді металдар кристалдарының арасына кіре 
отырып құйманың есіктерін толтыратын оксидтер түзеді. Ағып кетудің 
алдын алу үшін түсті металдарды құймаларды бакелиті лакпен сіңіріреді.
Газды және электрлі дәнекерлеуді өңделмейтін сырттардағы 
(қаяулар, саңылау аралығы, сызаттар) ақауларды түзету үшін қолданады. 
Шойынды құймалардағы ақауларды шойынды электродтар мен тұнған 
шыбықтарды қолданумен дәнекерлейді, ал болат құймаларды құрамға сай 
электродтармен. Шойынды құймаларды дәнекерлеу алдында 350 ... 600 °С 
температураға дейін қыздырады, оларды дәнекерлеуден кейін қоршаған 
орта температурасына дейін баяу суытады. Құймаларды жақсылап өңдеу 
үшін суаруды жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет