Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет21/142
Дата24.01.2024
өлшемі2.09 Mb.
#489708
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   142
bahisheva-ped-jobalau

құрылымы негізінде ӛзіне тән ерекшеліктері бар ойлаудың 
жобалық амалы, жолдары қалыптасты. 
Кеңестік мектептерде жобалауды педагогикалық 
ойлау логикасы тұрғысынан А. С. Макаренко қолданды, ол 
нақты бір тәрбиеленушінің қабілеті мен қызығушылықтары 
негізінде тәрбиелеу мақсатындағы тұлғаның оқу-тәрбие 
әрекеттерін жобалау әрекеттерін қарастырды. 
1970 жылдары Н. В. Кузьмина еңбектерінде жобалау 
компоненті педагог әрекеттерінің құрылымына енгізілді, 
қазіргі кезде терминологиялық аппараттан педагогикалық 
жобалау, мұғалімнің жобалау әрекеті, педагогикалық 
жобалау ұғымдары орын алды. Олардағы жобалау 
объектілері ретінде педагогикалық әрекеттің әдістері мен 
түрлері алынады. 
Жобалауды одан әрі зерттеген В. В. Давыдов, 
Генисаретский, Н. Г. Алексеев, А. В. Петровский, И. В. 
Якиманская, И. А. Колесникова, В. И. Безруков, т.б. 
жобалауды білім беру жүйесін жаңартуға бағытталған 
әрекеттер негізінде қарастырады.
Осылайша, кәсіби-педагогикалық ой-пікірдің даму 
барысында жобалау идеясы педагогикалық практикадан 
педагогикалық теорияға қарай ауыса бастады.
Жобалау әрекетінің негізі болып табылатын «жоба»
түсінігінің ӛзі де ғылымда түрліше қарастырылғанын кӛруге 
болады. Философиялық тұрғыдан қарастырушылар (М. С. 
Каган) оны рухани қайта жаңғыру әрекеттері нәтижесі десе, 
әрекеттік тұрғыдан қарастыру (И. А. Колесникова) жоба–


65 
жобалаудың мақсаты мен нәтижесі деп түсіндіреді. 
Жалпылай келгенде, жоба – белгілі бір уақыт ішінде 
жүргізілетін, нәтиженің сапасына нақты талап қойылған, 
ұйымдастыруға қажетті құралдары мен қолжетімдік 
ресурстары айқындалған белгілі бір жүйені мақсатты түрде 
ӛзгерту – деген (В. Н. Бурков, Д. А. Новиков) пікірге сай дей 
аламыз, ӛйткені, бұл жобаның мақсаты мен нәтижесін 
кӛрсетеді. 
Жобаны құрастыру материалдары ретінде теориялар, 
модельдер, 
түсініктер, 
таңбалар 
мен 
формулалар, 
алгоритмдер мен парадигмаларды айта аламыз. Жобалаудың 
түрлі салалардағы инструменталдық жүйесі ретінде әрекет 
теориясы алынады.
Жобалау әрекетінің педагогикалық мәнін ашу үшін 
жобалауға негіз болатын танымның және қалыптасқан 
ортаны жаңартудың ерекше тәсілі туралы идеяларды 
қарастыруымыз қажет болады, олардың бастылары: 
алдын–алу идеясы – алдағы әрекеттерді жобалауға 
бағытталған жобаға тән перспективалар; 
 әлеуеттердің 
айырмашылық 
идеясы 
– 
жоба 
нысанының қалыптасқан жағдайы мен алдағы уақытта болуы 
тиіс сипаттарының айырмашылығы; 
бір 
қадамнанкелесі 
қадамға–болашақтағы 
қажеттіктердің бірте–бірте, ӛз кезеңімен жақындай беруі (Н. 
А. Бернштейн); 
бірлесу идеясы–жобалау барысындағы түрлі бағыттағы 
күштер мен ресурстарды біріктіре пайдалану жолдары; 
кӛбейіп тарай беретін белсенді қатысушылар – (В. Х. 
Килпатрик) бірлескен әрекеттер барысында мақсатты 
орындауға деген қатысушылар белсенділігінің артуы. 
Қазіргі 
кезде 
кӛптеген 
ғалымдар 
зерттеу 
жұмыстарының 
нәтижелері 
сапалы 
құрылған 
білім 
жобаларының ғылыми негіздемесі болуын, ал жобалардың 
нәтижесі жаңа ғылыми идеялар мен жаңа зерттеу 
бағыттарына негіз болуын дұрыс деп есептейді.
Дегенмен де, білім беруде жобалау әрекетінің 
идеядан–соңғы нәтижеге дейінгі толық циклі бойынша 
жобаны таңдау, құрастыру ғана емес, идея берушілер мен 
жобаны құрастырушылардың жобаны тәжірибеге ендіруге де 


66 
тікелей араласатын болғандықтан, білім берудегі жобалау 
әрекетінің құрылымы күрделірек болады. Оны инновациялық 
жобалау тәжірибесінен айқын кӛруге болады. 
Ғылыми–әдістемелік әдебиеттерде жоба, жобалау 
ұғымдарынан 
тарайтын 
түрлі 
сӛз 
тіркестері 
мен 
терминологиялық түсініктер кӛбеюде. Олар бір қарағанда 
мәндес сияқты болғанымен әрқайсысының қолдану аясы бар, 
сондықтан, жобалау әрекеті барысында пайда болуы мүмкін 
қайшылықтарды болдырмау мақсатында нақтылауды қажет 
етеді. Оларды тӛмендегі сипаттары бойынша ажырата 
аламыз: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   142




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет