67
жауап
беру
түрлері
деуге
болады;
екіншісі,
ӛз
құндылықтарына, мақсаты мен ұстанымдарына сәйкес
жетілдіру немесе жаңарту, қайта құру.
Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме
сӛздігінің «Педагогика және психология» саласы бойынша
жасалған сӛздігінде жобалау туралы бірнеше түсініктер
берілген, мысалы, педагогикалық жобалау–оқушы мен
тәлімгердің алдағы іс-әрекетінің негізгі құрылымдарының
жасалымы, бұл оқытушы әрекетінің
тиімділігін арттырады
делінсе, жобалау әдісі–оқушыны бірте-бірте күрделене
түсетін практикалық тапсырмаларды жоспарлы түрде
орындату арқылы оқыту жүйесі деп түсіндіріледі. Енді жоба
ұғымына келсек, қазақ тілінде оны жасалуға, қайта құрылуға,
қалпына
келтірілуге
тиісті
нысандардың
макеттері,
есептеулері және ұстанымды дәлелдері кӛрсетілген
техникалық құжаттар. Жоба болашақ жоспар негізінде
жасалып, қабылданады.
Білім беру саласы қоғам дамуының деңгейін
анықтайтын әлеуметтік және әлеуметтік мәдени технология
және іргелі сала. Бұл тұрғыдан қарастыру арқылы жобалау
мен ғылыми зерттеудің ортақ идеясын болатынын
дәлелденеді. Оның мәні:
– объектінің құрылым ішінде пайда болуы;
– кейін
оның зерттеу пәніне айналуы;
– оның кешенді және кӛп пәнді болуы;
– зерттеу
элементтерімен
қатар
жобалау
элементтерінің қамтуы;
– жобалық идеяның тиімділігінің бағалануы және
оның салдарының талдануы;
– ғылыми зерттеу позициясымен қатар басқару
субъектілерінің ӛзара байланысы.
Білім берудің тұтас саласы да жобалау пәні бола алады,
мұнда тәжірибелік зерттеулер жүргізілуі, эксперименттердің
жобалық бағдарламалық түрі пайда болуына алып келеді.
В. В. Давыдов пен Ю. В. Громыко ғылымилықтың
жаңа жобалық–бағдарламалық түрін белгіледі. Оның
негізіне ғылыми сипаттама беру (модельдеу), жаңа
фрагменттер мен жүйелер құрастыру алынады. Жобалау пәні
ретінде әлеуметтік–мәдени әрекеттер жүйесінің мәдени–
68
тарихи түрлері алынады, бағдарламалау пәні ретінде
тәжірибенің даму үдерісі алынады. Аталған В. В. Давыдов
пен Ю. В. Громыконың тұжырымдамасын
білім берудегі
жобалаудың мета–әдіснамасы деп есептей аламыз және ол
дәстүрлі
педагогикалық
үдерістің
тұтас
адам
құндылықтарына кӛшуін белгілейді. Оның жобалау негізінде
қолданылу шарттары тӛмендегідей қарастырылады:
1) белгілі бір білім мекемесі деңгейінде тәжірибелік
зерттеудің қажеттігін анықтау;
2) білім
саласындағы
дәстүрлі
нормативтік
қызметтермен қатар инновациялық тәжірибелік
алаңдардың болуына жағдай жасау;
3) білім
беру
саласындағы
тәжірибелік
жаңғыртулардың
құралы
ретінде
жобалық
әрекеттерді алу.
Айта
кететін жайт, білім берудегі жобалау
инновациялық жобаларды барлық білім беру ұйымдарына
міндеттеуге тиіс емес. Бұл жағдайда басқару манипулятивтік
сипатта болып, білім беру ұйымдары бірдей сипат алуы
мүмкін.
Білім беруді жаңарту білім беру жүйелерін жобалау
әдіснамасына, әртүрлі білім мекемелері сипатын және
олардың
ӛзін–ӛзі
дамыту
әрекеттерін
қолдайтын
құндылықтар мен мақсаттарға негізделуі тиіс. Білім беруді
дамытудың перспективалық бағыты ретіндегі жобалау
идеяларын В. И. Слободчиков білім берудегі инновациялық
әрекеттері тұрғысынан зерттейді. Ол инновациялық
әрекеттерді:
– белгілі бір әлеуметтік тәжірибе кеңістігінде;
– дәстүрлі
талаптардың
жаңа
әлеуметтік
күтінімдерге сәйкес болмауынан пайда болған
проблемаларды шешуге
бағытталған әрекеттер
ретінде;
– жаңа инновациялық тәжірибені, оның мәдени
рәсімделуі мен берілу механизмін түсіну және
қабылдау әрекеті ретінде;
– қалыптасқан тәжірибені жаңартуға бағытталған
әрекет ретінде қарастырады.
69
Мысалы, зерттеу әрекеттері мақсат –құрал – нәтиже
схемасы бойынша бар нәрсені зерттеу түрінде болатын
болса, басқару әрекеттері бағдар–әрекет–бақылау түрінде, ал
Достарыңызбен бөлісу: