Дәлдіктің қажетті деңгейі техникалық
және экономикалық
мақсаттылық өлшемдерімен айқындалуы қажет. Өлшеу дәлдігін екі есе
арттыру өлшеу процесін бірнеше есе қымбаттататыны белгілі.
Сонымен бірге, өндірістегі өлшеу дәлдігін белгіленген нормадан
төменге төмендету өнімнің жарамсыздығына әкеледі.
Әлбетте, қағидат бойынша әртүрлі қолдану әдістемесінің ықпал
етуі және өлшеу құралдарының дәлдігі көмегімен жүргізілген өлшеу
тек олардың нәтижелеріне сенуге болатын кезде ғана пайдалы болуы
мүмкін, ал әртүрлі экспериментшілермен әртүрлі уақытта және әртүрлі
жерлерде алынған өлшеу нәтижелерін
қажет болған жағдайда өзара
салыстыруға болады. Бұдан басқа, нақты кәсіпорыннан мемлекетке
дейін бүтіндей өлшеудің біртұтастығы болуы қажет. Бұл үшін
метрология заң шығару функциясына сүйенеді. Метрология
саласындағы заңдар өлшеудің біртұтастығына жетуге, әзірлеу тәртібіне
және өлшеу құралдарын сынауға бағытталған талаптарды,
өлшеуді
орындау нормалары мен қағидаларын ескере отырып, әзірленеді.
Оларда терминдер мен анықтаулар, физикалық шама бірліктері және
оларды қолдану қағидалары белгіленеді. Барлық осы нормалар,
қағидалар мен талаптар Өлшеудің біртұтастығын
қамтамасыз ету
мемлекеттік жүйесінің стандарттарымен және қолдануға міндетті
басқа нормативтік-техникалық құжаттармен белгіленеді.
Әртүрлі өлшеулерді орындаудың өлшеу әдістерін және физикалық
шаманы өлшеу құралдарын жасаудың негізгі қағидаттарын зерделеуді
талап етеді. Сондықтан, бірінші кезекте өлшеу әдістерін меңгеру
қажет. Бұл нақ осы өлшеу әдістері
мен аспап жұмыстарының
физикалық
қағидаттары
ең
тұрақты
компоненттері
болып
табылатынымен шартталған, олай болса нақты сұлбалық шешімдер
мен өлшеу құралдарының элементтік негізі үздіксіз өзгереді және
жетілдіріледі.