Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»


Салыстыру әдісі бойынша жұмыс істейтін өлшеу



Pdf көрінісі
бет40/133
Дата28.01.2024
өлшемі6.25 Mb.
#490121
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   133
Шишмарёв Өлшеуіш техникасы. Оқулық

4.5. Салыстыру әдісі бойынша жұмыс істейтін өлшеу 
аспаптарының дәлдігін бағалау
Тепе-тең режимде (нөлдік аспаптар) салыстыру әдісі бойынша 
жұмыс істейтін ИП дәлдігі туралы мәселені қарастырайық.
ЭҚК және кернеудің кемуін өтемдік әдіспен өлшеу дәлдігі: 
жұмыс тізбегінің кедергісін олардың атаулы мәніне шақтау 
дәлдігімен; 
жұмыс тоғын орнату дәлдігімен; 
гальванометрдің сезгіштігімен; 
тепе-теңдікті реттеудің бірқалыптылығымен, яғни есептеу
дәлдігімен (есептелетін белгілер санымен) анықталады.
Жұмыс тізбегінің кедергісін олардың атаулы мәніне шақтау ± 0,01 
% аспайтын қателікпен орындалуы мүмкін.
Жұмыс тоғының дәлдігін белгілеу жұмыс тізбегі мен 
гальванометрдің сезгіштігі арасындағы қалыпты элемент қателігімен
кедергіні шақтау қателігімен айқындалады. Егер қалыпты элементті 1 
мкА аспайтын тоқтан асырмаса және бөлмелік температура кезінде 
сақтаса, онда олармен дамытылатын ЭҚК қателігі ± 0,01 % аспайтын 
болады.
Гальванометрдің сезгіштігі жоғары болған сайын, ол тепе-теңдіктің 
болмауын тез табатын болады және Е
х
өлшеу дәл жүзеге асатын 
болады. Гальванометрдің сезгіштігі 0,01 % артық қателікті 
туындатпауы қажет. Бұл үшін ең төмен ауытқу кезінде 
гальванометрдегі кернеудің көзбен байқауға болатын кемуі өлшенетін 
кернеуге қарағанда төрт есе (10 000 есе) аз болуы қажет.
83 


Өтемдік әдіспен әртүрлі шаманы өлшеу дәлдігін ±(0,02-0,05) % 
аспайтын қателікпен сипаттауға болады.
Көпірлі тізбекті тепе-тең режимде пайдаланатын аспаптар қалған 
үш көпір иінінің кедергісін шақтау дәлдігімен, нөлдік сілтегіш 
сезгіштігімен және есептеу дәлдігімен айқындалатын R

өлшеу
қателігімен сипатталады. Өтемдік тізбектерге сәйкес, бұрын 
келтірілген пікірлерді қайталай отырып, тепе-тең көпірмен өлшеу 
қателігі ± (0,01- 0,02) % дейін төмендеуі мүмкін деген қорытындыға 
келуге болады.
Әркелкі режимде жұмыс істейтін көпірлі тізбекті пайдалану 
кезінде, R
x
өлшеу қателігі негізінде өлшеуіш қателігімен айқындалады. 
Бұл жағдай іс жүзінде (0,2-0,5)% қарағанда аз қателіктегі әркелкі көпір 
дәлдігін шектейді. Алайда, кейбір жағдайларда әркелкі режимдегі 
көпірлі тізбектерді пайдалану бейэлектрлік шаманы электрлікке 
түрлендіргіштердің қосымша қателігін азайтуға мүмкіндік береді. 
Осындай жағдайларда салыстыру аспаптарын әркелік режимде қолдану 
тікелей бағалау аспабын пайдалануға қарағанда, неғұрлым 
пайдалырақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет