Көпбергенова Сәнбибі Сабырбайқызы рефлексивті практик: ТӘжірибе мен нәтиже



Pdf көрінісі
бет4/66
Дата07.02.2024
өлшемі7.81 Mb.
#491054
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
Жинақ (Тамыз Кеңесі)

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:


1. Абдраманова Ж.Б., Биярова С.Б., Зейнолдина Г.Т. Lesson Study: өз сабағын
зерттегісі келетіндер үшін: әдістемелік ұсыным. – Астана: «Назарбаев
Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015 ж.
2.
Дадли П.
Lesson Study: теориясы мен қолдану тәсілдері. -
Астана:
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік
орталығы, 2013 ж.
3. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші деңгей бағдарламасы. - Астана:
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік
орталығы, 2012 ж.
4. Чичибу Т. (Жапония), Ду Тоит Л. (Оңтүстік Африка), Тулепбаева А.
(Қазақстан Республикасы). Lesson Study (сабақты зерттеу) бойынша
мұғалімге арналған нұсқаулық. Ағылшын тілінен аударылған. – Астана:
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық өлшеулер
орталығы, 2013 ж.
Маңғыстау облысы
Мұнайлы аудандық оқу-әдістемелік
орталығының директоры
Жасақова Рахат Нығметқызы
БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДА: МАҚСАТ. ІЗДЕНІС. НӘТИЖЕ
Білім – құндылық, білім – жүйе,
білім – процесс, білім – нәтиже
Қазіргі білім беру мазмұны бағдарламасының негізгі мақсаты-оқушыларды
сындарлы ойлауға үйрету, әлемдік білім кеңістігіне қол жеткізу, яғни дәстүрлі
білім беру жүйесінде «оқушы-тұтынушы» ретінде болса, жаңа мазмұндағы білім
беруде «оқушы-өндіруші» ретінде қарастырылады. 
Білім беруді дамытудың басым бағыттарының бірі-білім беру сапасын
қамтамасыз ету.


Білім беру сапасы- ұйымның негізгі көрсеткіші және ол педаготер мен білім
алушылардың жеке ерекшеліктері мен қызығушылығын қолдайтын, табысты
еңбекті атқаруға ынталандыратын білім беру ортасын құруға ықпал етеді.
Сондықтан, алған білімнің кәсіби дағдылары негізінде өмірдің өзгермелі
жағдайларында өзін еркін бағдарлай алатын, алған білімін өз өмірінде қолдануға,
өзін-өзі дамытуға және адамгершілік тұрғыда өз бетінше дұрыс, жауапты шешім
қабылдауға қабілетті, өмір сүруге дайын тұлғаны қалыптастыруда педагогтер
білім – құндылық, білім – жүйе, білім – процесс, білім – нәтиже екендігін ескеруі
қажет. 
Осы тұжырымды іске асыру аясында ауданда білім беру ұйымдарында даму
бағдарласына және оның тиімділігін, мемлекеттік стандарттың жүзеге асырылуы
бойынша зерттеу жүргізілді. Бұл зерттеуді жүргізуге не себеп болды?! 
Мектепті дамыту бағдарламасының іске асырылуы, білім сапасының
тұрақсыздығы және бастаушы және негізгі білім беру сыныптарында кейбір
пәндерден сапаның төмендеуі, педагогтердің біліктілік санаттарын алуының
(растау) төмендеуі. 
Зерттеу тобы әр білім беру ұйымы талдау жасап, аудан бойынша ортақ
кедергілер анықталды:
Мектептің даму бағдарламасын жасауда кейбір мектептердің мұғалім,
оқушы, ата-аналардың пікірін ескерілмеуі;
Мектепті дамытуда өткен оқу жылына жалпылама анализ жүргізген, нақты
кедергі, сапасы төмен сыныптар мен пәндердің анықталмауы және
олқылықтармен жұмыстардың жеткіліксіздігі;
Жан жақты мониторингтің (білім сапасы, мұғалімдердің кәсіби
құзыреттілігіне) жүйелі нақты жүргізілмеуі.
 Мұғалімдерді өз жұмыстарына талдау, зерттеу жүргізудің жеткіліксіздігі
және ортақ проблеманы анықтап, білім сапасын арттыруда біріккен жұмыстардың
ақсап тұруы.
Зерттеу кезіндегі анықталған ортақ олқылықтарды шешу мақсатында
ауданның білім беру ұйымдары педагогтерінің тәжірибе алаңы тұрақты жұмыс
жасап келеді. Тәжірибе алаңы бұл педагогикалық немесе әдістемелік проблемала
бойынша педагогтердің ғылыми әдістемелік және тәжірибелік дайындығына
ықпал ететін педагогикалық шығармашылық топ. Тәжірибе алаңында педагогтер
«Нақтылаушылар», «Қалыптасушылар», «Ізденушілер» топтарына бөлінді. 
«Нақтылаушылар» тобы болашаққа болжам жасай алатын, кәсіби шеберлігі
жоғары, төменнен жоғары қарай (үшінші және екінші топтағыларға) кеңес бере
алатын, шешім қабылдауда кездескен проблеманы шешуде көшбасшылық
ұстанымы мен пікірін нақты жеткізе алатын, жаңашылдыққа бейім белсенді топ.
Олар оқушылардың өзара іс-қимылын жүзеге асыру үшін «Қалыптасушылар» мен
«Ізденушілер» тобындағы педагогтердің теориялық-практикалық дайындығын
қамтамасыз етеді, зерттеу және теориялық тәжірибесімен бөлісе алады, білім беру
үдерісін сүйемелдеу саласында кәсіби құзыреттілігін дамытуға жұмыстанады.
«Қалыптасушылар» тобы – шығармашылықпен жұмыс істегісі келетіндер,
бірақ әлі де осы еңбек деңгейіне жетуде қиындықтарға тап болатындар. 
«Ізденушілер» тобына - жас мамандар (немесе кейде жаңадан келген) –


теориялық білімін практикамен ұштастыруда қияналатын педагогтер буыны. 
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған
«Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты 2022 жылғы Жолдауында
«Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір
оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс»
деген жолдауына орай, мектептердегі кездескен олқылықтарды жою мақсатында
білім сапасын арттыру, жүйелі, тұрақты әдістемелік көмек беру, жаңашылдық
енгізу, дарынды, талантты оқушыларды анықтау, инновациялық әдіс-тәсілдерді
енгізу үшін барлық білім беру ұйымдарында ұзақ, орта, қысқа мерзімді бірнеше
нәтижеге бағытталған жобалар енгізіліп, жүзеге асырылып келеді. 
Аудан бойынша кездескен әлсіз тұстарымызды өз мүмкіндіктерімізге қарай
түзету, оқып үйрену, меңгеру, өмірге ендіру, дамыту арқылы қолға алып, орталық
әдіскерлері мен «Нақтылаушылар» тобындағы педагогтер бірлесе
«Математикалық прогрессия» (әр тур қорытындысы бойынша оқыту үшін
«Әріптеске көмек!»), «Ұлттық құндылықтар–тәрбиенің түп қазығы», география
пәніне арналған «Эверест», ағылшын пәні мұғалімдеріне арналған «Lingua Peak»,
бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Ойшылдар, тапқырлар», мектепке
дейінгі ұйым тәрбиешілеріне арналған «Ізденіс.Нәтиже», ерекше білім беруді
қажететін балалармен жұмыс жүргізетін педагогтерге "Шектеусіз мүмкіндіктерге
бастар жол!", білім сапасын зерттеуге бағытталған "Білім экспресі" және «Алтын
белгі жауһарлары», барлық педагогтерге арналған «Менің жеке үлесім» атты
жобалар және
1 сыныпта білім алушылардың оқу жетістіктері
бағаланбайтындығы мен 2 сыныпқа барғанда айтылым, тыңдалым, оқылым,
жазылым дағдыларын меңгермей отырған білім алушылардың кездесуі түрткі
болды. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей инновациялар төменнен бастау алып,
төменнен жоғары қарай тарауы нәтиже береді. Сондықтан төменннен жоғары
қарай ұстанымы бойынша білім сапасы жүйелі көтеруді жолға қою үшін 1-
сыныптан бастап білім алушыларға «Ой-сана» жобасы енгізілді. Өткен оқу жылы
бойынша 1-сыныпта оқитын 4166 оқушысының І тоқсанда 502 оқушы 4 дағдыны
меңгермесе, жыл соңына дейін түрлі түзету жұмыстарын жүргізу нәтижесінде9
оқушы әлі де мақсатқа қол жеткізе алмағаны белгілі болды. Қойылған мақсатқа
100% қол жеткізу үшін мұғалімдер мен ата-аналарға жазғы каникул күндері де
түзету жұмыстар жүргізу ұсынылды. 4 дағды бойынша зерттеу жобасы барлық
сыныптарда төменнен жоғары қарай жүргізілетін болады.
Аудандық деңгейде жүргізіліп отырған 11 жобаның 9-ы авторлық құқықпен
енгізілген, ал қалған жобалардың нәтижелігі зерттелуде.
Жобаға қатысушы педагогтердің білім деңгейі, қорытындысы еш жерде
талқыланбайды және жарияланбайды. Орталық әдіскерлері тарапынан
педагогтердің нәтижелері жеке электронды пошталарына әр тур бойынша
жіберіліп, жыл соңына дейін әр мұғалімді кәсіби дамасыра алатын кезеңге дейін
әдіскерлер және «Нақтылаушы» топ педагогтерімен бірлесе педагогтердің
әрекетін тікелей және үнемі жетілдіруді жүзеге асырады.
Әр оқу жылы бойынша бірінші деңгейге жеткен әр жоба үздіктері
марапатталып, жобадан шығады, ал қалған мұғалімдер бірінші деңгейге жеткенше
жоба жалғаса береді. 


Ауданымызда жүргізілген тәжірибелі жұмыстар мен енгізілген жобалар
нәтижесі қандай болдыжәне білім сапасына қалай әсер етті?
соңғы 2 жылдың салыстырмалы мониторинг бойынша білім сапасы артты;
аудандық, облыстық, республикалық деңгейде пәндік олимпиадалар мен
ғылыми жобаларынан жеңімпаз мұғалім мен оқушылардың саны көбейді;
кәсіби білікті, білім беруде нәтижеге бағытталған, шығармашыл педагогтер
саны арты түсті;
жыл сайын ауданнан қос-қостан «Үздік педагог» жеңімпаз шығуы;
озық іс тәжіребелері тарату жолға қойылды.
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылы,
«Абай атындағы орта мектебі»
Информатика пәні мұғалімі, магистр 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет