Көпбергенова Сәнбибі Сабырбайқызы рефлексивті практик: ТӘжірибе мен нәтиже



Pdf көрінісі
бет9/66
Дата07.02.2024
өлшемі7.81 Mb.
#491054
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   66
Жинақ (Тамыз Кеңесі)

Қабақова Гүлима Рзабекқызы
ОҚУШЫ ЖЕТІСТІГІ - ІЗДЕНІМПАЗ ҰСТАЗ ЕҢБЕГІНІҢ НӘТИЖЕСІ
Мұғалім – мамандық болса, ұстаздық қасиет, табиғат дарытқан құдірет.
Бойыңа қуат, жүрегіңе жарық жігер беріп, өрге сүйрейтін де, жаныңа азық, өміріңе
өзек боп төрге сүйрейтін де осы ұстаздық қасиет. Қазіргі оқыту үйретудің
мазмұны да, сипаты да соған орай амал-тәсілдері де күрделене түсті. Жаңа ХХІ
ғасырға сай өзгеше қабілет-қасиетке ие ұрпақ қалыптасып келеді. Біздің
міндетіміз – жеке тұлғаны дамытып, білімге деген сенімін нығайту, оқуға
қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру. Оқушыларды заман ағымына сай тұлға
етіп тәрбиелеу басты мақсатымыз. Ал, оқушы жетістігі – ұстаз абыройы. Ұстаз
еңбегі шәкірт жетістігі арқылы көрінеді. Әрбір ұстаздың мақсаты – қабілетті
оқушыларды зерттей жүріп, олармен бірлескен тынымсыз еңбектің,
шығармашылық ізденістің нәтижесін көру. 
Кез келген педагог оқушымен жұмыс жасау барысында оқушылар ішіндегі
жасырын потенциалдарды ашып, олардың болашағына жол сілтеуге міндетті.
Соңғы кезде дайын ғылыми жобаларды, жарысқа дайын жұмыстарды сатып алу
деген проблемаға айналды. Біздің негізгі ниетіміз осындай жолдарды жойып,
тікелей оқушыларды немесе олардың ұстаздарын бағыттау, көмектесу, жол сілтеу,
яғни жасырын потенциалдарын ашу болып табылады. Біз деп отырғанымыз, өзім
ұстаздық ететін Маршал Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясында
тәжірибелі мұғалімдерден құралған өзім басшылық ететін ғылыми-
шығармашылық топ құрылған, сол топ әртүрлі керекті көмекті көрсетеді. 
Біздің тәжірибемізбен бөлісу мақсатымыз:
1. Заманауи мұғалімдерге қазіргі таңның пробелмасын оқушылардың
потенциалдарын ескер отырып, үйрету
2. Мектептің материалдық базасые ескере отырып зерттеу жарыстарына
дайындау
3. Мектеп оқушыларын зерттеушілік жұмыстарға бейімдеудің тәжірибелік
жолдарымен бөлісу, назарына ұсыну, жас мамандарға көмек көрсету.
Алдымен жарыстарға оқушыларды дайындаудағы бірнеше талаптарға тоқтала
кетсем. «Мұғалімдерге оқушыны жарыстарға дайындау не үшін керек?» деген
сұраққа жауап іздегенде төмендегідей жауаптар алғанбыз:
- Менен талап етіледі, сол талапты орындауым керек, аттестацидан өтуім
керек, өсуім керек;
- Оқушы зерттеу жұмыстарына қатысу үшін өзі жетекшіге ұсыныс тастайды. 
Дарынды оқушыны жарысқа дайындайтын мұғалім өзіне келесі талаптарды қою
керек:


1. Дарынды баланы анықтауда мектеп психологымен бірлескен жұмыс
жасау;
2. Дарынды баланың ата-анасымен педагог ретінде сөйлесе білу;
3. Дарынды балаларға арнайы бағдарламалар жасау;
4. Дарынды балаға шығармашылықпен жұмыс істеу үшін жаңа, тың
тапсырмалар беру және оның орындалуына талап қою;
5. Жаңа технология элементтерін сабақта пайдалану;
6. Тапсырманың орындалу нәтижесін қадағалау.
Оқушы таңдауда ескеретін жағдай оқушының сол жұмысқа деген
қызығушылығын ескеру керек. Егер оқушыны үздік, екпінді оқиды екен деп
таңдап, оған тапсырманы беретін болса, ол оқушы тапсырманы сол жылы
орындап шығуы, жүлделі орындарға да ие болуы мүмкін. Бірақ
қызықпағандықтан келесі жылдарда ол жұмысты зерттеп, ары қарай жалғастыруы
екі талай. Ал қызығушылығы мол оқушыға тек бағдар беріп, қойсаңыз болды, өзі
ізденіп, жеңіліске төтеп беріп, жеңісті күнге жеткенше бар күш жігерін салады.
Үздік оқушы таңдауда қателіктердің бірі 2021, 2022 жылдардың «Дарын
республикалық ғылыми жобалар» облыстық конкурсының жеңімпазы, оқу үздігі,
оқушым 2023 жылы басқа пәнге қызығушылық танытып, бағытының өзгергенін,
жобаға да, жарыстарға да қатыспайтынын айтқан болатын. Ал робототехникаға
қызығушылығы мол Көлбай Төлепберген, Мақсатұлы Нүркен, Амантурли Исатай
секілді оқушылар бірнеше жеңілістеріне қарамастан жеңіске жеткендерін атап
айтар едім. Сонымен қатар Каримқызы Көркем, Ашығали Ақмарал 3D әлемін
еркін бағындырған қызығушылығы мол, «Almaty Techcup-2022» робототехника
және шығармашылық жобалар жарысын бағындырған оқушылар.
Осыдан шығатын түйін оқушы таңдауда келесі жолдарды ескерген жөн.
- Оқушылардың өздігіне білімдерін көтеруге, жетілдіруге белсенді әрекет
жасай алуы;
- Оқушы өзі таңдаған ғылым саласы бойынша өз бетінше білім дағдыларын
жетілдіру барысында жұмыс жүргізе алуы;
- Оқушылардың ғылыми-шығармашылық тобының жұмысы оқушылардың
оқу үрдісін жетілдіруде және мамандық таңдауда көмегінің болуы.
Келесі мәселе жарыс тақырыбын дұрыс таңдаған жөн.
• Тақырып оқушыларға қызықты, оларды тартатындай болу керек. 
• Тақырып орындалатын, шешімі зерттеуге қатысушыларға пайдасы
тиетіндей болу керек. 
• Оқушылардың қызығушылығын ескере отырып, жетекші өзі жақсы білетін
оқушы қызығатын тақырып аясын таңдау керек. 
• Тақырып шынайы болу керек, онда жаңа дүниелер, күтпеген жаңалық,
ерекшелік элементтері болу керек.
• Тақырып жұмыс ұзақ жылдарға созылмай, тез орындалатындай болу керек.
• Тақырыпты бәрі түсінетіндей болу керек, әрине тақырып оқушылардың жас
ерекшелігіне сәйкес келу керек.
• Тілегі мен мүмкіндігінің ұштасуы керек. 
Осы жерде «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносының
республикалық фестивалі жөнінде сөз қозғағанды жөн көріп отырмын. Бұл -
соңғы 3 жылдықта ғана ерекше көңіл бөлініп, қатысушылар саны артып келе


жатқан фестиваль. Тұңғыш 2017-жылы бастау алған бұл фестивальге менің үзбей
оқушы қатыстырып келе жатқаныма биыл міне 7 жыл толды. Алғашқыда
фестивальдің облыстық кезеңіне ауданның әр мектебінен бір бірден оқушы
таңдап, жетекші ретінде қатысқанмен, келесі жылдардан бастап өзім қызмет
ететін мектеп-гимназиядан әр номинацияға жеңімпаз атанған оқушыларды
дайындадым. Фестиваль 9 номинациядан тұрады. Іздендім, үйрендім және кино
жасаудағы барлық жаңа қадамдарымды оқушыларға үйретіп келемін. 2018–жылы
республикалық кезеңге өткен 2 оқушыммен бірге облыс намысын қорғауға облыс
жеңімпаздарына жетекші ретінде қатыстым. 2021жылы шығармашыл
жетекшілерді де осы фестивальге оқушы дайындауларына көмектесіп,
шығармашыл топ құрдым. Нәтижесінде Қасымқызы Райхан 2021, 2022
жылдардың, ал Рысқали Қайсар 2022 жылдың республикалық кезең жеңімпаздары
атанды, жетекшілері информатика пәні мұғалімі Қаражанова Жанна мен
Сарсенбаева Гулжамила. 
Қай сайысты алсақ та мына мәселелерге ерекше көңіл бөлу керек:
- Тақырыптың ғылыми құндылылығы, өзекті мәселелерің ашылуы;
- Таңдаған тақырыпты ашудағы оқушы еңбегінің сипаты, қосқан үлесі;
- Көрнекілігі мен ұсынылған материалдың сапалылығы;
- Оқушының ойын ұтымды, жағымды жеткізе алуы, сөйлеу мәнері, өзін
ұстауы, аудиторияны тартуы;
- Өз бетімен ізденуге, тың дүниелерге құштарлығын оятуы;
- Жұмыстың көркем берездірілуі.
Жоғарыда аталған жеңімпаздар осы қағидаттарға ерекше көңіл бөліп, дұрыс
орындағандықтан жеңімпаз атанды деген ойдамын.
Әр оқушы жарыс алдында тәжірибе жасауы тиіс. Тәжірибе жасаған кезде
қолда бар құрылғылармен жасауға болады. Тәжірибе жеңіл, әрі өте қызық,
нәтижесі таң қаларлықтай болу керек. Мектептің материалдық базасын қолдана
отырып, таң қаларлық, әрі жеңіл жұмыс жасап шығаруға мүмкіндік мол. 
Мен жоғарыда тек қана соңғы оқу жылының Маршал Әбдіхалықов
атындағы мектеп-гимназиясының «Зерде» ғылыми жоба мен робототехника
сайыстары, кино фестиваль аясында ғана қысқаша шығармашыл топтың жұмысы
туралы сөз қозғаған болатынмын. Жарыстар өте көп. Жоғарыда солардың басым
бөлігіне оқушы дайындаған шебер мұғалімдердің аттары ғана аталды.
Қорыта келе, «Бұлақ көрсең көзін аш» деген ұлағатты сөзге сүйеніп, бар
мүмкіндікті пайдаланып, оқушының дарынын, қабілетін ашу және әрбір
оқушының өз мүмкіндіктерін, қабілетін және икемділігін таныта білуге жағдай
жасау мұғалімнің басты міндеттерінің бірі дер едім. Ендеше мектепте оқушыны
ізденушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес
армандарына жетуге, өмір жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы
өздерінің қабілеттерін ашуларына көмектесуіміз қажет. Жаңа ғасырға қадам
басқан жас жеткіншектердің қазіргі өмірге бейімділігі болуы керек. Ол өмірдің әр
тетігіне оқушыларды ғылымға баулып, ғылым арқылы Егемендігімізді нығайтуға
үлес қосатын білімді, жан-жақты, ізденімпаз жетекшілеріміздің саны арта берсін!


Республикалық «Үздік педагог-2020»
байқауының жеңімпазы, педагог-шебер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет