Көпбергенова Сәнбибі Сабырбайқызы рефлексивті практик: ТӘжірибе мен нәтиже



Pdf көрінісі
бет11/66
Дата07.02.2024
өлшемі7.81 Mb.
#491054
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   66
Жинақ (Тамыз Кеңесі)

Сахарбаева Марал Әділкерейқызы
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ PIRLS-2021 ЖЫЛ
ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША БАСТАУЫШ СЫНЫП
МҰҒАЛІМДЕРІМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАРДЫ АЙҚЫНДАУ
Ағымдағы жылдың 16 мамырында төртінші сынып оқушыларының оқу
сауаттылығын зерттеуге бағытталған PIRLS 2021 халықаралық мониторингтік
зерттеуінің нәтижелері шықты. 
Зерттеуге әлемнің 65 елі қатысты, олардың арасында Қазақстан да бар.
Еліміздің оқушылары 504 балл жинады, бұл орташа көрсеткіштен жоғары нәтиже.
Нәтижелерге сәйкес, ата-аналары балаларымен бірге оқитын және айналысатын
балалардағы ең жақсы көрсеткіштер. Зерттеушілер covid-19 пандемиясы зерттеу
нәтижелеріне әсер еткенін атап өтті. Көптеген елдерде 2021 жылғы нәтижелер
2016 жылғы нәтижелерден төмен болды, (Кипр, Египет, Франция, Гонконг, Оман,
Сингапур, Түркия және Қазақстан). Зерттеуде қыздар ұлдарға қарағанда жоғары
нәтижелерді тіркеді: қыздар мен ұлдардың орташа айырмашылығы-16 ұпай.


PIRLS зерттеуі бес жылда бір рет жүргізіледі, нәтижелерді есептеу үшін 1,5-2
жыл қажет болды. Сіздердің назарларыңызға соңғы өткен PIRLS-2021
нәтижелерін Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының талдауы
арқылы таныстырып, талдап өткенді жөн деп тауып отырмыз. 
PIRLS әлемнің 65 еліндегі бастауыш сынып оқушыларының мәтінді оқу және
түсіну деңгейі мен сапасын бағалайды. 
Бағалау саласы: оқу және мәтінді түсіну. 
Қатысушылар: 4 сынып оқушылары, ата-аналар, мұғалімдер, мектеп
әкімшілігі. 
Зерттеудің 5-ші циклі (ҚР үшін – екінші) 
Өткізілген уақыты қыркүйек-қазан 2021 ж. Қазақстаннан 10 мыңнан астам
оқушы 17 аймақтан 389 мектептен қатысты. Іріктеменің 2/3 бөлігі (7 023 оқушы)
алғаш рет компьютерлік форматта қатысты. 
Алғаш рет оқушылардың интернеттегі (epirls) оқу дағдылары компьютерлік
форматта бағаланды. 
Нәтижелерді бағалау үшін келесі балдық жүйе қолданылады: 
-жауап таңдау тапсырмалары 1 баллмен бағаланады;
-оқиғалардың реттілігін анықтауға арналған тапсырмалар 1 баллмен
бағаланады;
-еркін құрастырылған жауабы бар тапсырмалар тапсырманың күрделілігіне
байланысты 1-ден 3 баллға дейін бағаланады.
PIRLS зерттеуі еліміздің балалар тәрбиесінде қарапайым оқу
мәдениеті мен дағдыларының қаншалықты деңгейде екенін анықтайды. 
Әлемдік контексте оқу сауаттылығы заманауи қоғамдағы өмірге деген
дайындықтың маңызды бөлігі ретінде қарастырылады. Оқушылардың оқу
сауаттылығының қалыптасуына барынша мүмкіндік туғызу үшін заманауи
мұғалімнен оқу қызметінің формасын, әдіс-тәсілдерін тауып қолдану талап
етіледі. 
Бастауыш сынып оқушыларының 4 сынып соңында орта және жоғары
буында білім алудағы табысты үрдіс үшін оқу-ақпараттық білімін
қалыптастыруда біріккен, мақсатты бағытталған аса маңызды жұмыс қажет.
Қазақстандық мектептердің халықаралық «мәтінді оқу және
түсіну сапасы» емтиханына қатысуы қазақстандық балалар мен жастардың оқу
сауаттылығын қалыптастырудың мақсатты бағытталған механизмдердің бірі
болып табылады. «Оқу сауаттылығы» термині кең мағынада қарапайым оқу
біліктілігі емес, мәліметтерді айқындай білу қабілетімен анықталуда. Мектеп
жасындағы балалардың тек оқу техникасын меңгеруі қазіргі таңда
қабілеттілік болып есептелмейді. 
Қазақстанның халықаралық салыстырмалы зерттеулерге қатысуы оқу
сауаттылығының даму деңгейін анықтауға септігін тигізеді. Зерттеуге
қолданылатын құралдар әлемнің тәжірибелі сарапшыларымен педагогикалық
өлшемдердегі бірегей технологияларды қолдана отырып жасалған.
Мәтінді толық түсіну – әр тұрғыдан қарағанда оқушы құзыреттілігі
деңгейінің көрсеткіші. Құзыреттілік деңгейі тапсырмалардың сұрақтары мен
нұсқаулардың көмегі арқылы анықталады. 


Мәтіндегі қажетті мәліметті табу біліктілігін анықтау үшін оқушы назарын
мәліметке сұрақ қою арқылы аудару қажет, ол үшін мәтінге көз жүгіртіп, оның
негізгі элементтерін анықтап, қажетті мәліметті табу талап етіледі. Оқушының
оқу сауаттылығының деңгейін анықтау тестілеуде жеткен жетістігіне негізделеді.
Оқу сауаттылығы туралы түсінік оқушының әртүрлі форматтарда берілген
мәтіндерді түсіне білуі, олардың мәні мен мазмұнын түсініп тұжырымдауы және
мектептен тыс уақыттарда және әртүрлі өмірлік жағдаяттарды шешуде оқығанын
қолдана білу іс-әрекеттеріндегі қызметтерін бағалауға негізделген. Сондықтан,
оқу сауаттылығы - оқушының функционалдық сауаттылығының жүйе құраушы
компоненті ретінде қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет