«научное наследие заки ахметова и национальные ценности», в честь 95-летнего юбилея Заки Ахметова



Pdf көрінісі
бет105/153
Дата07.02.2024
өлшемі5.2 Mb.
#491177
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   153
Зәки-Ахметовтің-95-жыл-толуына-орай-жинақ-4-бөлім

Әдебиеттер тізімі 
1. Бурцев В. А. Оқушылардың денсаулығы мен салауатты өмір салтына 
құндылық қатынасын қалыптастырудың тиімділігін зерттеу // Дене шынықтыру: 
тәрбие, білім беру, жаттығу. 2008. № 6. 16-18 ББ. 


320 
2. Бурцева В. А., Бурцева Е. В. Алексеева Н. И.Спорттық бағдарланған дене 
тәрбиесі процесінде оқушы жастардың спорттық мәдениетін қалыптастырудың 
педагогикалық шарттары // Іргелі зерттеулер. 2015. № 2. 21-бөлім. 4750-4754 ББ. 
3. Бурцев В.А., Бурцева Е. В., Бобырев Н. Д. Тұлғаның спорттық мәдениетінің 
теориялық және әдіснамалық аспектілері / / Іргелі зерттеулер. 2015. № 2. 25-б. 5655-
5659 ББ. 
ӘОЖ 514.1;39 (=512.122) 
КИІЗ ҮЙ ЖӘНЕ ГЕОМЕТРИЯ 
Бурабаева Д.С. 
Ғылыми жетекші: Муканова К.Б., физика және математика
пәндерінің оқытушысы
«Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕ АҚ 
Жоғары колледж, Өскемен қ., Қазақстан 
e-mail: damelya0106@gmail.com 
Геометрия және киіз үйдің қоғамдағы байланысы. 
“Киіз үй - өзіндік баға жетпес өнер туындысы”. 
Мақсаты: Математика ғылымының даму жолында киіз үйдің геометриямен 
байланысының сабақтастығының жаңа бір бетін ашу және киіз үйдің әлі де өзекті 
екендігін дәләлдеу. 
Жобаның міндеті: киіз үйдің өзі симметриялы фигура, оның негізгі бөліктері 
геометриямен тығыз байланысының қолданылуын зерттеу. 
Киіз үй. Жалпытүрік тіліндегі «jurt» деген сөзі «жұрт» деген мағынаны 
басымырақ білдіріп және де – «жайылым, жайлау» деген мағынаны да білдерді. 
Қырғыз және қазақ тілдерінде «Ата-Жұрт» сөзі «атамекен» - синонимі «Отан», 
сөзбе-сөз айтқанында: «Әке үйі» дегенді білдіреді. 
Қазақ халқының дәстүрлі баспанасы, материалдық мәдениеті. 
Көшпенділердің киіз үйі — тарихымыздағы ең алғашқы сәулеттік құрылыс. 
Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан, шопандар да, туристер де 
пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен 
бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына 
киіз үйлер апарып жүрді. Киіз үй көшпелі өмір үшін мінсіз баспана ғана емес, 
сондай-ақ ғаламның моделі болды. Киіз үйдің күмбезі – Аспанның, шаңырық – 
Күннің, ошақ пен киіз үйдің дөңгелектілігі Жердің нышанын білдіреді. 
Геометрия саласы. 
Киіз үйдің бөліктері әртүрлі геометриялық пішіндерден құралған, 4 басты 
бөліктері: шаңырақ, уықтар, кереге, есік. 
Қанат саны 
Кереге саны 
Киіз үйдің 
диаметрі 
Шаңырақ 
диаметрі 
Кереге 
биіктігі 


6,2 

1,2 


321 
12 
12 
12 

2,5 
16 
16 
16 
5,1 

Киіз үйде геометриялық фигураның ромбтары мен үшбұрыштары бар. Бір 
қабырғасында 87-ге жуық ромб пен 48 үшбұрыш бар. Киіз үй 6 қабырғадан тұрса, 
онда 6х87=522 ромб және 6х48=288 үшбұрыш шығады. 
Киіз үйдің киіздері. 
1. түндік 
шаршы 
шаршының ауданы 
2.үзік 
дөңгелектің бір бөлігі ішкі, сыртқы дөңгелегінің аудандары 
3.туырлық 
тік төртбұрыш 
периметрі, ауданы 
4.есік 
тік төртбұрыш 
тік төртбұрыштың ұзындығы, 
периметрі, ауданы 
Мысал: керегенің торкөздері мен ромбтары диагональдары d
₁=30cм және 
d
₂=40cм ромбтың қабырғасын, ауданын S табу керек. 
Шешуі: d
₁=30cm; d₂=40cm Пифогор формуласын қолданамыз: 
a²=(d
₁/2)²+(d₂/2)²=225+400=625; a ְ=25; S=0,5d₁d₂=600см² 
жауабы: 25см; 600см². 
Мысал: алты қанатты киіз үйдің диаметрі 6,2м болса, радиусын, периметрін, 
табан ауданын табамыз. 
Шешуі: r= d/2=6,2/2=3,1м; С=2πr=2·3,14·3,1≈19,5; Sт.б= πr²=3,14·9,61≈31м²; 
Киіз үй жай ғана ежелгі баспана ма? 
Киiз үй — бүкiл ғалам мен адам арасын байланыстырушы. Рухани мәдениет 
ретiнде қарастырсақ, киiз үй баспана ғана емес арғы әлеммен байланыстырып, 
қаскөй рухтардан қорғайтын киелi орын. Қазақ үйдiң киесi шаңырақтан бастау 
алады. 
Киіз үйдің б.з.б XII-IX және XXI ғасырдағы өзектілігі. 
Б.з.б XII-IX ғасырдағы өзектілігі: 
1. көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі. 
2. киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. 
3. жорықта, мал айдау кезінде жеңіл киіз күркелер орнатылды. 
XXI ғасырдағы өзектілігі: 
1. қазіргі таңда адамдар киіз үйді тарихи дизайн ретінде пәтерлерінде 
колданады. 
2. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз 
үйлер апарып жүреді. 
3. далада демалуға арналған немесе жазғы ас үй ретінде киіз үйді қолданады. 
Киіз үйдің 
төменгі бөлігі 
Цилиндр болып 
табылады, осьтік қимасы 
тік төртбұрыш. 
Табандарының радиусы, диаметрі, 
биіктігі, табан ауданы, бүйір беті, 
толық беті, цилиндрдің көлемі. 
Керегенің 
биіктігі 
Цилиндрің жасаушысы 
болып табылады. 
Цилиндрдің биіктігі, радиусы, 
жасаушысы. 


322 
Ортаңғы бөлігі Қиық конус болып 
табылады,осьтік қимасы 
тең бүйірлі трапеция. 
Қиық конустың табандарының 
аудандары, биіктігі, жасаушысы, 
осьтік қыймасының ауданы, бүйір 
беті, толық беті, көлемі. 
Керегенің 
торкөздері 
Ромб 
Ромбтың диагональдары, периметрі, 
ауданы. 
Киіз үй - әр бір қазақ адамы үшін үлкен мағынаға толы қазына. 
Киіз үйді тігу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Тәжірибесіз адам тіккен 
үй бір жағына қарай қисайып немесе уығы ығысып кетуі мүмкін. Киіз үйді тіккенде 
ең алдымен керегелерін жайып, оның сағанақтарын бір-біріне жанастырып, 
таңғышпен мықтап таңылған кереге шеңберінің үстіне шаңырақ көтеріп, оған 
уықтарды шаншады. 12-18 қанат үйлер аса биік болғандықтан, атты кісі шаңырақты 
көтеріп тұрғанда уықты шаншатын болған. Уықты керегенің басына балақ бау-мен 
байлап бекітеді де, уықтарды шалма жіппен ортасынан байлап, бір-бірінің арасын 
жалғастырады. Осыдан кейін туырлық, үзік, түндік, киіз есік деп аталатын киізден 
жасалған бөлшектерді жауып, бір-бірін баумен байлап бекітеді. Үйдің ортасына 
тамақ асатын ошақ (таған) немесе темір пеш орнатып қояды. Ал шай қайнату үшін 
айыр темір мосыға шәйнекті асып, от жағады. Үйдің оң жағына ағаш төсек қойып, 
үстіне көрпе-жастық жинайды. Оның тұсына тұскиіз ұстап, шымылдық құрады. 
Төрге жүкаяқ қойып, оның үстіне әбдіре, көрпе-жастық, т.б. жүктер жинайды. 
Үйдің сол жағына тамақ салатын кебеже, қазан-аяқ салатын аяққап, ыдыс-аяқтар 
қойылады да, бетін шым шимен қоршап жабады. 
Этимологиясы 
Шаңырақ көтерiлiп жатқанда ешкiм сөйлемейдi. Өйткенi ұлы iс атқарылып 
жатқанда үнсiздiк орнауы тиiс. «Жетi уық шаншылғанша жетесiз ғана сөйлейдi» 
деген сөз осының дәлелi. Шаңырақтың төрт күлдiреуiшi — төрт тарапты бiлдiредi. 
Уықтарды күннiң шашырандысы деп ұғыңыз.Ертеректе шаңыраққа үрлеген қарын 
байлап қоятын болған. Оның мәнiсi, құт құйылады деп есептеген. 
Шаңырақтың астында ошақ орналасады. Ошақ — адамның оты. Шаңырақтың 
үстiнде Алланың оты маздаса, төменде адамның оты лаулайды. 
Босаға — екеу. Оң жақ босаға және сол жақ босаға. 
Сол жақ босағаға кебеже, саба, мес, күбi т.б. қойылады. Сол жақ босағаға 
келген дүниенi ғалымдар «құт» категориясымен белгiлейдi. Өйткенi жоғарыдағы 
аталған ыдыстарға айран, iркiт, қымыз, шұбат т.б. құйылады. 
Демек сол жақ босаға — әйелдiң символы. Дәл осындай түсiнiк әлемнiң 
бiрқатар елдерiнде де бар. Ал қазақ шұңғыл ыдысты да әйелдiң символы ретiнде 
бағалайды. «Аяғын көрiп, асын iш, анасын көрiп, қызын ал» деген мақалдағы «аяқ» 
осындай мағынасы үшiн де мақалға енген. Оң босаға — еркектiң символы. Оң жаққа 
ер-тұрман, ат әбзелдерi, бүркiт т.б. қойылады. Қатты жауын-шашында малдың жас 
төлiн де оң босағаға кiргiзетiн болған. Оң жақ — аралық меже. Босаға аттап келген 
келiндi оң жақта қарсы алады. Аяғына «биязы болсын» деп ақсарбастың терiсiн 
төсейдi. Босағаны пәк болып аттаған бойжеткен аралық межеден өтiп, жанұялық 
өмiрiн бастайды. Үйленген соң, төсек-орнымен сол жаққа өтедi. 
Практикалық жұмыстың суреті. 


323 
Сурет 1 - Киіз үй 
Практикалық жұмыс: 
Практикалық жұмыс жасау барысында мен ағаш, картон қағаз, ыстық желім, 
ине мен жіп және де каптауға мата мен тоқыма жіпті қолдандым. 
1. Киіз үйдің негізін картон қағазынан жасадым. 
2. Керегені ағаштан жасап тоқыма жіппен бір-біріне айқастырып керегесін 
жасадым оны картонға бекіттім. 
3. Уықтары мен шаңырақты картон қағазынан жасап екеуін желіммен 
бекіттім. 
4. Киіз үйдін ішін оюлы матамен тігіп сыртын қатты киізге ұқсас матамен 
туырлық жасадым, кейін уықтарды үзікпен және шаңырақты түндікпен жауып киіз 
үйдің есігін бекіттім. 
5. Киіз үйдің сырнына ою салып тоқыма жіптермен байлап бекіттім. 
6. Осымен киіз үйді жасап болдым. 
Сауалнама cұрақтары: 
1. Cіз “Киіз үй” деген сөзді естігенде ойыңызға бірден не келеді? 
2. Киіз үй геометрия саласымен тығыз байланыста деп санайсыз ба? 
3. Киіз үй XXI-ғасырда өзектілігін жоғалтпады деп санайсыз ба? (иә/жоқ) 
неліктен? 
Сауалнама барысында: 
1. Студенттерге “киіз үй” дегенде: қазақ халқы, салт-дәстүр, көшпелі баспана, 
оюлар ойларына келеді. 
2. Киіз үй геометрия саласымен тығыз байланысты дегенімен барлық
студенттер келісті. 
20 студентте “иә” деген жауап қабылдады. 
100% / 100% 
3.Cтуденттер “киіз үйдің өзектілігі” бойынша екі ойға бөлінді. 
Барлығы 20 студент = 100% 
Өзекті деп санайтындар саны:15 студент=75% 
Өзекті емес деп санайтындар саны:5 студент=25% 


324 
деген қорытындыға келдім. 
Қорытынды ой білдіру: 
Киіз үйдің моделін ұсынудағы мақсатым жас ұрпаққа баба мирасының көне 
көзін жаңа түрде ұсыну.Әр қазақ азаматы тарихтан қазіргі күнге дейін жеткен киіз 
үйді қастерлеуі қажет. Киіз үйді жай ғана көшпелі немесе уақытша баспана ретінде 
қабылдау дұрыс емес. Бұл біздің тарихи мұрамыз сондықтан оны бағалай білейік. 
Халық сөзі: Керегең кең болсын, екі босағаң тең болсын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет