ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. М.Құдайқұлов, Қ.Жаңабергенов «Орта мектепте физика оқыту әдістемесі».
Алматы. «Рауан». 1998 ж.
2. Қазақстан Республикасының Білім туралы, заңы. Астана 2000 ж.
3. Ғ.Әкімбаева «Пән аралық байланыс», «Қазақстан мектебі» 1996 ж.
4. Б.Тұрғанбекова,
«Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту»,
«Қазақстан мектебі» 1996 ж.
ӘОЖ 372.882
ДЕТЕКТИВ ЖАНРЫНДАҒЫ ӘҢГІМЕЛЕРДІ
СЫНЫПТАН ТЫС ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Шакизада А.Б.
Ғылыми жетекші: Мәуленов А.А., ф.ғ.д., доцент м.а.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
Алматы қ., Қазақстан, e-mail: Albinashakizada00@mail.ru
Қазіргі мұғалімнің алдында оқушының сабаққа деген қызығушылығын
арттыру, білімге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, алған білімді өмірде қолдана алу
сияқты өте маңызды міндеттер тұр. Мұғалімдер бұл міндеттерді тек сабақта ғана
емес, сыныптан тыс уақытта да шешеді. Мектеп бағдарламасында берілген
416
тақырыптар арқылы оқу мақсаттарына толық жете бермейді. Мұндай жағдайларда
мұғалімдер сабақтан тыс жұмыс кезінде толықтырулар жүргізуі керек.
Әдебиет бойынша сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың әдеби білім
деңгейін, оқу мәдениетін арттыруды, оқушылардың шығармашылық қабілеттері
мен эстетикалық талғамын дамытуды, олардың азаматтық және адамгершілік
ұстанымдарын нығайтуды көздейді.
Белгілі әдіскер-ғалым Қ.Бітібаева сыныптан тыс жұмыстар, ең алдымен,
кітаппен жұмыс істеуге үйретуге, өз беттерімен оны тыңдай білуге, оқығандарының
ішінен ең негізгі, басты мәселелерді есте ұстау дағдыларын қалыптастыруға керек
деп жазды[1, 201 б.].
Әдебиет бойынша сыныптан тыс жұмыстың мақсаты – оқушылардың сабақта
оқыған материалды кеңірек және берік, саналы түрде игеруіне ықпал ету, көркем
шығарманы талдау дағдыларын, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру, пәнге деген
қызығушылықты тәрбиелеу.
Әдебиет бойынша сыныптан тыс жұмыстарды, әдебиетті тереңдетіп оқыту
мәселелерін Қ.Бітібаева қарастырды. «Үйірме жұмыстары – сыныптан тыс
жұмыстардың күретамыры», – дей келе, әдебиет бойынша үйірме жұмыстарының
осындай түрлерін ұсынады: «Шешендік өнер», «Айтыс», «Термеші» сияқты
фольклорға негізделген түрлері, мәнерлеп оқу, драма үйірмелері, әдеби
конференциялар».
Сыныптан тыс жұмыс мектеп оқушыларын тәрбиелеудің маңызды құралы
болып табылады. Бұл сыныптастары арасында, оқушылар мен сынып жетекшісі
арасында, сыныптағы әртүрлі топтар арасында сыныпта тұлғааралық қатынастарды
ұйымдастыруға жақсы мүмкіндік. Сыныптан тыс жұмыс мектептің оқу-тәрбие
процесінің ажырамас бөлігі және оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың бір
түрі болып табылады.
Сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлауда мұғалім сабақ өткізуден гөрі
мазмұнды, формаларды, құралдарды, әдістерді таңдау еркіндігіне ие.
Бұл жас оқырмандарға сабаққа қарағанда кеңірек эстетикалық
құбылыстармен байланысуға көмектеседі. Оқырман, мұражай, театр, музыка,
қызықты әңгімелесушілермен кездесулерден алған әсерлер оқушыға ерекше
сезімдер сыйлайды. Сабақтан тыс жұмыста ашық қарым-қатынас, әр түрлі,
көпфункционалды (көркемдік, шығармашылық, тұлғааралық, танымдық), мұғалім
мен оқушылардың қарым-қатынасы ашықтық пен бейресми, шынайы
ынтымақтастық атмосферасымен ерекшеленеді.
Негізгі мақсатқа сүйене отырып, мұғалім осындай қызмет барысында
шешетін жеке міндеттерді бөліп көрсетуге болады:
- оқушыларды әртүрлі сыныптан тыс іс-шараларға тарту арқылы оларға
адамгершілік, патриоттық, эстетикалық тәрбиелеуді жүзеге асыру;
- оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың жеке
сұраныстарын, мүдделерін, бейімділігін қанағаттандыру;
- тіл мәдениетін арттыру;
- оқушылардың білім қорын кеңейту мен тереңдету және лингвистикалық
құзыреттілікті қалыптастыру;
417
- әдебиетте үлгерімі төмен оқушылардың өз күштеріне деген сенімін қолдау
және тәрбиелеу;
- оқушылардың психологиялық қасиеттерін (қызығушылығы, ерік-жігері,
еңбекқорлығы, табандылығы, білім алудағы дербестігі) дамыту және жетілдіру;
- оқушылардың коммуникативтік мәдениетін тәрбиелеу;
- толеранттылыққа, бір-біріне құрметпен қарауға тәрбиелеу, ұжымда қарым-
қатынас жасай білу, қарым-қатынас мәдениетін жандандыру.
Көркем шығарманы оқудың басты кезеңдері сыныптан тыс мезгілде
жүргізіледі. Осыған орай сынып бұрышына «Сыныптан тыс оқулар» айдарын
жасауға болады. Әртүрлі жанрлық ерекшелігіне, көтерген тақырыптарына
байланысты ұқсас шығармаларды қамтуға болады. Қазіргі кезде оқырман арасында
танымал жанрларды, оның ішінде, детектив, фантастика, хоррор элементтері бар
шығармаларды қосуымызға болады.
Детектив десек есімізге бірден Батыс әдебиеті түседі. Алайда детектив жанры
Қытай және Жапон әдебиеттерiнде орта ғасырлардың өзінде жеке жанр ретiнде
қалыптасты. Бұл жанр қазақ әдебиетінде кенже қалған жанр. Бұлай деуіміздің де
өзіндік себептері бар.
Қазіргі таңда детектив жанрының өкілдері кемде-кем. Жазушылар дегенде
тек Кемел Тоқаевты ғана айтатындар бар. Кей жағдайда Кемел Тоқаевтың осы
жанрда жазған шығармаларында білмейтін оқырмандар жетерлік. Оқырмандар
өздерін бұл жанрдан аулақ ұстауға тырысады. Бұл бір жағынан қазақы менталитет
болса, екінші жағынан жас оқырмандардың осы жанрда кітап оқуына ата-аналар
жағы қарсы болып жатады. Детективге деген қызығушылық оқушының
психологиясына кері әсерін тигізеді деп есептейтін ата-аналар көп. Жоғары сынып
оқушылары классикалық әдебиет үлгілерімен қатар, детектив жанрындағы кем
дегенде бір шығармамен мектепте танысып шыққаны дұрыс деп ойлаймыз.
Сондықтан мақалада қазақ әдебиетінде детектив жанрында жазылған
шығармаларды сыныптан тыс оқыту жолдарын көрсету көзделген.
«Баланың кітап оқуға деген ынтығу сезімі өзінен-өзі қалыптасып, дами
қоймайды. Оқушының кітапқа деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу – мұғалімнің
еңбегінің жемісі болмақ», – деп ғалым Т.Қ. Жұмажанова сыныптан тыс жұмыстың
сапалы өтуін пән мұғалімінің әдістемелік шеберлігімен байланыстырады [2, 179 б.].
Сыныптан тыс оқуға арналған әдебиеттерді таңдау кезінде балалардың жас және
психологиялық ерекшеліктерін, олардың батырлыққа, ерекше нәрсеге деген
ұмтылысын, шытырман оқиғалар мен фантастикаға деген қызығушылығын ескеру
қажет. Сондықтан ұсынылған шығармалар жанрлары мен формаларында әр түрлі
болып, динамикалық сюжетімен ерекшеленуі керек.
Шытырман оқиғалы әдебиеттің бір түрі – қылмыспен байланысты жұмбақ
оқиғаларды ашуға арналған детективтік әдебиет. Детективтік жанрдағы
шығармалар оқырмандарды шиеленісті сюжетпен, интриганың өткірлігімен, бас
кейіпкердің түйсігімен қызықтырады. 9-11 сынып оқушыларында шытырман
оқиғалар мен фантастикаға деген қызығушылығы осы кезеңдерде артады.
9-11 сыныптардағы сыныптан тыс оқу сабақтарында детектив жанрындағы
Кемел Тоқаевтың шығармаларымен кездесу оқушылар үшін қызықты болады.
418
Сыныпта жұмысты детективтің жанрлық ерекшеліктерін түсіндіруден бастау
керек. Ағылшын тіліндегі «detective» сөзі – әйгілеу, әшкерелеу дегенді білдіреді.
Детектив – бұл көбінесе қылмыспен байланысты күрделі, түсініксіз құпияны
логикалық талдау арқылы ашуға негізделген жанр. Әдетте, детективтің басты
кейіпкері қылмыскер емес, қылмысты тергеуші. Көбінесе детективтің жанында
оның көмекшісі, жергілікті полицияның маманы жүреді.
Детективтік шығармалардың ерекшелігі – оқырман қылмысты ашу процесіне
қатысады, осылайша сипатталған оқиғалардың серіктесі болады.
«Қазақ детективінің атасы» саналып жүрген Кемел Тоқаев туралы кіріспе
сөзінде мұғалім оның тағдырының ерекшелігіне, өмір жолына назар аударады.
Кемел Тоқаев 1923 жылы қазан айының екінші жұлдызында Қаратал
ауданына қарасты Сарғабан деген жерде дүниеге келген. Кемел бала кезінен заман
тауқыметін басынан өткерген. Ол Жетісу еліне кеңінен белгілі Жолбарыс батыр
ұрпағы. Кейбір деректерге жүгіне келсек, оның ата-анасы 1930 жылдардағы
аштықта дүние салған көрінеді. Сол кезде жас Кемел Шымкенттегі балалар үйіне
тап болады. Ол кәмелеттік жасқа келгенше тәрбие мен білімді сонда алады. Ұлы
Отан соғысына қатысып, І және ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен, басқа да
медальдармен марапатталған.
Жазушы ретінде Кемел Тоқаев көбінесе шытырман оқиғалы (детективті)
жанрда қалам тартты. 1954 жылы «Жұлдызды жорық», 1955 жылы «Қысқы
қарлығаш», 1958 жылы «Тасқын», 1965 жылы «Болашақ туралы ой», 1968 жылы
«Ерекше тапсырма», 1971-72 жылдары «Дикарьдің өлімі», «Қастандық»,
«Сарқабанда болған оқиға», 1954 жылы «Көмескі із», 1976 жылы «Түнде атылған
оқ», 1977 жылы «Таңбалы алтын» сияқты шығармалардың авторы. Драматургия
саласында «Кім қылмысты?» дейтін пьеса жазды. «Соңғы соққы» (1981), «Солдат
алысқа кетті» (1983), «Ұясынан безген құс» (1983) романдары «Қызыл комиссар»,
«Сиқырлы құпия» шығармалары да жарық көрген.
Кемел Тоқаев шығармаларының ерекшелігі деректілігінде. Өзі қатысып куә
болған соғыс кезіндегі партизандар ерлігі, чекистер мен ішкі істер
қызметкерлерінің қауіпті де қызықты тағдырлары, қылмысты істі ашудағы
милиционерлердің алғырлығы мен ұтқырлығы – жазушы көтерген негізгі
тақырыптар. Шығармаларының жазылуына тұл жетімдіктің қасіретін тартқан
кездері арқау болды. Қаламгердің осы детектив жанрына келуінің де бір себебі
тағдыр тауқыметін көп тартып, содан алған өмірлік сабақтарын қағаз бетіне түсіруі
деп топшылаймыз.
Әрі қарай, мұғалім «Сарғабанда болған оқиға» повесін қажетті
түсініктемелермен және әңгіме элементтерімен оқуды ұйымдастырады. Үйде
оқушылар оқиғаны соңына дейін оқиды.
Шығарманың атауына байланысты оқырманға әңгіме не туралы болатынын
болжау қиын. Мәтіннен кейінгі аналитикалық жұмыс жазушының шығармашылық
мінез-құлқының ерекшеліктерін анықтауға арналған.
Жұмысты тергеудің ең қызықты сәттерін қайталаудан бастауға болады.
- Сарғабан сазындағы оқиға неден басталды?
- Қылмыскерлерді іздеу ісіне қатысқан тергеушілер кімдер?
- Рахымның өлер алдындағы сөзі кімге арналған?
419
- Алтын тасумен астыртын айналысушыларды қалай анықтады?
Мәтінмен жұмыс істей отырып, оқушылар Рахымды азаптап өлтіруінің
себебін, Рысбек Тілеуовтің бұл іске қатысы жоқ екенін, қылмыстың артын ашу
үшін арнайы шақыртылған Талғат Майлыбаевтың құпия келуін атап өтеді.
Басты кейіпкер Талғат ойы жүйрік, ақылды, сыни ойлай алатын қабілеттері
бар. Сарғабанда болған оқиғаны тергеумен айналысып, өз ісінің маманы екенін
дәлелдейді. Талғатты суреттей отырып, автор адамның ақыл-ойының,
интуициясының, мақсатқа жету үшін ақыл-ойының шексіз мүмкіндіктерін
көрсетеді.
Әрине, оқушылар жазушының шеберлігін бағалайды, сюжеттің өткірлігін,
динамизмін,
баяндаудың
эмоционалды
қарқындылығын
атап
өтеді.
Қылмыскерлердің әрекеттері оқырмандарға тек финалда ғана түсінікті болады.
Самсонов (Майснер) өз қылмысының себебін соғыстың ащы зардабы деп көрсетеді.
«Кісіге айып таққанда бүгінгінің рахат тұрмысымен мөлшерлемей, кешегі күннің
келбетін еске алсын. Менің азғын жолға түсуім сол соғыстың лебі шығар. Әйтпесе,
қазір баламның қызығын тамашалап отырмаймын ба?», - деп соғыс жылдарында
халықтың қиын кезеңдерден өткендігін айтады [3, 99 б.].
Әңгіменің сюжеттік желісін былай көрсетуге болады:
I Сарбаған сазындағы өлім
II Алтын жасырынған орынның табылуы
III Қылмыстың артын жабу үшін аурухана қоймасының тоналуы
VI Самсонов пен Цойдың ұстау операциясы
V Қылмыстыларды тергеу жұмысы
Оқушыларға сұрақтармен жүгінейік:
- Қылмысты зерттеу кезінде кейіпкер қандай принципті ұстанды?
Талғат өзінің табандылығының арқасында даланы кезіп жүріп, бір аяқты ізді
тауып, қылмыскердің біреуінің аяғы шолақ екенін анықтады. Рахымды қинап
өлтіруінің себебін бағалы затын алып немесе тығып қойғанын, тыққан орнын
айтқызу үшін азаптаған деп топшылады.
- Талғат бұдан әрі қандай логикалық әрекеттер жасайды?
Қазынаның орналасқан орнын табу үшін серігі Нұржанмен Сарбағанның
құмын қазып әлек болады. Төрт күн бойы шаршап шалдығып, шаң болып жүрген
екеуінің жүрісінен Жабағы секем алса да, жастардың сауық құрып жүрген түрі ғой
деп топшылады. Алтынды табуға серігі Нұржанның ойы көмектеседі.
Оқырманға тергеу процесін бақылауды жеңілдету үшін автор баяндауды
жүргізетін ақылды серіктесті арнайы енгізеді. Детектив оған өз ойларының
барысын егжей-тегжейлі түсіндіреді. Бұл дәстүр детективтік жанрда берік
орныққан. Бұл Шерлок Холмс доктор Уотсонмен Конан Дойлда, сондай-ақ Агата
Кристидің шығармаларында полковник Хастингспен бірге Геркуле Пуаро
жұптасады.
Сол сияқты «Сарғабанда болған оқиға» повесінде капитан Талғат Майлыбаев
пен лейтенант Нұржан Мақатаев бірге жұптасады. Жаста болса бас болар Нұржан
алтынды іздеу жұмысына өз үлесін қосады. «Сіз Рахымның қылмыстылардан
жасырғаны алтын, немесе гауһар тас, әйтеуір қымбат дүние дедіңіз. Егер мен сондай
көз қимайтын асыл затты тауып алсам және оны жасырғым келсе, жерге көмбес ем.
420
Адамның психологиясы қызық қой. Алтын жерден қазылып алынғанымен, оны
көмсе былғанып қалатын сияқты көрінеді. Сондықтан ондай асыл дүниені тауып
алған адам оны жоғары, биік жерде сақтағысы келеді. Ағаш бұтағының арасына
жасырды дейтін мұнда қалың орман жоқ. Сонда ол қайда тығуы мүмкін? Әрине,
өзінің бойы жететін бір жерге жасырады. Тауып алған адам ат үстінде жүрсе, сөз
жоқ ол оны жарқабақтың қуысына, құстың ұясына, не інге жасырар еді. Анау-мынау
жаяудың қолына түспес үшін суды кешіп барып, ат үстінде тұрып, бүркеп тығуы
мүмкін» [3, 56 б.], – деп орынды пікір айтады.
Сабақ соңында детектив жанры, Кемел Тоқаевтың шығармашылық тәсілі
туралы қорытынды жасалады.
Кемел Тоқаев қазақ әдебиетіндегі шытырман оқиғалы, детектив жанрының
негізін қалаушы. Жазушы шығармаларындағы қаһармандарының адамгершілігі
биік, табиғатынан зиялы, мінездері тұрақты, халқына адал, кең жүректі жандар.
«Сарғабанда болған оқиға» повесінде полковник М. Дайыров, милиция бөлімінің
бастығы майор Ә. Ділдәбеков, капитан Т. Майлыбаев, т.б құқық қорғаушы милиция
басшыларының адалдық пен әділдікті жақтауын, батылдығы мен тапқырлығын
жан-жақты ашқан.
Кемел Тоқаев шығармаларының басты ерекшелігі – жаңа типтегі адамды,
оның озық адамгершілігін, парасатын, идеялық байлығын бар шындығымен көрсете
білуінде. Оқырмандарына өміршең кейіпкерді, өшпес қаһарман, жағымды
бейнелерді шынайы көрсетті.
«Кемел Тоқаевтың «Сарғабанда болған оқиға», «Түндегі жаңғырық» деген
повестері, әңгімелері – шын мағынасында детектив жанрындағы шедеврлер. Неге?
Өйткені бұл шығармаларда, әрине, Кемел Тоқаевтан кейін де осы салаға ат ізін
салған, осы салада өзінің бағын сынаған жазушылар болды. Бірақ олардың көбісінің
шығармалары көркемдік деңгейге, көркемдік проза деңгейіне жете алмай қалды.
Сондықтан Кемел Тоқаевті детектив жанрының дарабозы деп айтуға болады», –
деді жазушы, әдебиет сыншысы Амангелді Кеңшілікұлы.
Детектив жанрын оқыта отырып, мұғалім оқушылардың белсенді оқу
қажеттіліктерін қалыптастырады, автордың қойған мәселелерін ойластыру, өз
ұстанымын білдіру қабілетін дамытады. Бұл оқушылардың бойында адамгершілік
құндылықтарын,
өмірде
кездесетін
ситуацияларға
жеке
көзқарасын
қалыптастыруға қызмет етеді.
Осылайша, сыныптан тыс оқу сабақтарында мұғалім оқушыны қызықтыруға,
оны көркем әдебиет әлеміне тартуға тырысады. Детектив шытырман оқиғалы
шығарма, сондай-ақ қиял элементтерін қамтуы мүмкін. Мұның бәрі детективті
шынымен ерекше жанрға айналдырады. Оқырман мәдениетін қалыптастыруға,
көркем талғамға ие оқырманды дайындауға көмектеседі. Мұғалім ойлауға,
пайымдауға, әлемге өз көзімен қарауға қабілетті тәуелсіз жеке тұлғаны тәрбиелеуге
қадам жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |