401
дағдыларын объективті түрде бұзатын және субъективті тұрғыдан «күрделі» деп
танылатын, ақырында адамды өз мәселелерін шешу үшін арнайы әлеуметтік қорғау
қызметтерінің көмегі мен қолдауына жүгінуге мәжбүрлейтін жағдайлар» деп
қарастырады.
Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларга педагогикалык-психологиялык
колдау корсету, биз ушин манызы зор.
Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің әрбір маманының
жеке- дамытушылық жұмысының басты мақсаты – баланың құрдастарымен бір
сыныпта оқуға және өз мүмкіндіктеріне сәйкес
оқу бағдарламасын меңгеруге
көмектесу үшін барлық мүмкіндіктерді жасау. Мамандардың міндеті дамытушы
жұмысты өз әдістері мен тәсілдері арқылы, соның ішінде қысқартылған
(бейімделген) білім беру бағдарламасын меңгерту үшін зиятының, сөйлеу,
әлеуметтік- коммуникативтік және жеке дамудың жеткілікті деңгейін (міндетті емес
нормативтік) қамтамасыз ету.
Е. И. Казакова психологиялық-педагогикалық қолдау «балаға, оның отбасына
және педагогтарға көмек көрсету, оның негізінде өзекті проблеманың шешу жолын
таңдауда дамыту субъктінің барынша бостандығы мен жауапкершілігін сақтау;
педагогтар, психологтар, әлеуметтік және медициналық қызметкерлердің күшін
біріктірумен қамтамасыз етілетін мультипәндік әдіс; проблеманың диагностикасы
мен оны шешудің субъектілік әлеуеті, мүмкін болатын шешу жолдарын ақпараттық
іздеу, әрекеттер жоспарын құру мен оны іске асырудағы алғашқы көмек арасындағы
үйлесімді 15 бірлік; даму субъектінің өзі әрекеттері үшін жауапты болатын
бағдарлық аумақты құруда көмек көрсету» деп түсінеді.
Психологпен, логопедпен, әлеуметтік педагогпен
жеке бағдарламалар
жасаған кезде, психологиялық-педагогикалық жұмыстың жалпы принциптерінен
(жас және жеке ерекшеліктерін есепке алу, іс-әрекеттік тәсіл және т. б.) басқа, келесі
принциптерді ұстану қажет:
1)
сыныптағы оқу қиындықтарын жеңуге жеке-дамыту жұмысының
бағыттылығы. логопед ең алдымен оқу пәндері бойынша бағдарламаны меңгеруге
кедергі келтіретін сөйлеу дамуының бұзылыстарын түзейді. психолог мектеп
дағдыларын меңгеруге кедергі келтіретін психикалық функцияларының дамуы
бойынша жұмыс істейді: жазу, оқу немесе есеп және т. б. арнайы педагогтың
міндеттері мектеп бағдарламасының қандай да бір бөлімдерін меңгерудегі
проблемаларды толықтыру, оқушыны күрделі оқу материалдарын меңгеруге
дайындау, оқу қызметінің құрылымдық компоненттерін қалыптастыру болады.
2)
тұлғалық бағдар және жеке тәсіл:
баланы тек проблемалары мен
бұзылымдарына қарай емес, сонымен қатар өзінің қажеттіліктері мен уәждері,
сондай-ақ даму үшін жеке ресурстары бар белсенді тұлға ретінде қабылдау.
мамандардың міндеті-баланың қажеттілігін ескеру және оқыту қиындықтарын
жеңу мен дамуы үшін қолайлы жағдай жасау. Бағдарламаны жасау кезінде баланың
әлсіз жақтарын ғана емес, сонымен қатар күшті жақтарын да ескеру, оның
мүдделері мен қызығушылықтарына сүйену.
Бұл приниципті іске асыру үшін бірқатар шарттарды сақтау қажет:
-
бағдарламаның оқушы үшін қол жетімділігі; оның міндеттері баланың
жақын даму аймағы ескеріле отырып қойылуы тиіс;
402
-
оқу мен мінез-құлықтың қиындықтарын жеңуге ғана емес,
оларды
тудыратын себептерге де бағдарлануы;
1) әлеуметтік, коммуникативтік бағыттылығы баламен жұмыс істеудің;
2) негізгі тәсілі ретінде; күнделікті өмірде қалыптасқан дағдыларды
пайдалану қажеттілігін сезінгенде жағдайлар құру, жаттығулар, белсенділікті
ұсыну: білім алу, ойында, қарым-қатынас жасауда және әлеуметтік әрекеттесуде;
3) баламен жұмыс істеу бағыттары мен әдістерінің дербес таңдалуына
қарамастан, түрлі профельдегі мамандар мен
сынып мұғалімінің жұмыстағы
мақсаттарының, тәсілдерінің, талаптарының сабақтастығы мен бірлігі.
психологтың, логопедтің немесе арнайы педагогтың кәсіби әдістерінің барлығы
баланы оқытудың нақты қиындықтарын жеңуге бағытталуы тиіс;
4) ата-аналарды дамыту жұмысына белсенді тарту. Осы принциптерді іске
асыру үшін мынадай шарттарды сақтау қажет:
-
өмірдің түрлі салаларында баланың әлеуетін, күшті жақтарын және
проблемаларын жақсы түсіну үшін ата-аналардың пікірін есепке алу;
-
балаға көмек көрсету бағдарламаларын әзірлеу үшін ата-аналармен
әріптестік қарым-қатынасты және ынтымақтастықты дамыту;
-
дамыту жұмысының бағдарламасын әзірлеу кезінде ата-аналардың
сұранымын есепке алу;
Әрбір бала үшін бағдарламаның әзірленуі оның жеке ерекшеліктері мен
мүмкіндіктеріне сүйене отырып,
жеке әдістерді, тәсілдерді таңдауды және
пайдалануды көздейді. әрбір маман жеке зерттеу негізінде қандай бағыттар
бойынша жұмыс істейтін, қандай әдістер мен тәсілдерді пайдалануға болатынын өзі
шешеді. маман психологиялық-педагогикалық жұмыстың адекватты әдістерін
таңдау, баламен өз жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін заманауи және
инновациялық психологиялық-педагогикалық технологияларын (арнайы және
баламалы әдістерді) білуі және жақсы меңгеруі тиіс. Олардың кейбіреулері
әдістемелік нұсқаулықтың әдеби көздері тізімінде ұсынылған, онда әр түрлі
мамандарға арналған оқу-әдістемелік әдебиет көрсетілген.
Н. Г. Осухова болса, бұл ұғымды «сыртқы жағдайлардың немесе іштей
өзгерістердің әсерінен баланың өмірге бейімделуі бұзылады да, нәтижесінде ол
осыған дейінгі қалыптасқан мінез-құлық тәсілдері мен модельдері арқылы өзінің
күнделікті өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайтындай күйге жетеді» деп
түсіндіреді.
Жалпыға білім беру мектебінде оқитын қажеттіліктері ерекше балаларға
психологиялық педагогикалық қолдау көрсетудің міндеттері:
•
бала дамуында қиындықтардың пайда болуының алдын-алу;
•
балаға дамудың, білім алудың, әлеуметтенудің өзекті мәселелерін шешуге
көмек (қолдау) көрсету: сабақ оқудағы қиындықтар, білім алу мен кәсіп таңдау
мәселелері,
эмоционалдық-жігерлік
саланың
бұзылуы,
қатарларымен,
мұғалімдерімен, ата-аналарымен қарым-қатынастағы қиындықтар;
• білім беру бағдарламаларын психологиялық қамтамасыз ету;
•
оқушылардың, мұғалімдердің, ата-аналардың психологиялықпедагогикалық
құзіреттіліктерін жетілдіру.
Сонымен, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету екі келісілген
403
үдерістерді қамтамасыз етуге бағытталған:
1)
баланың дамуына қолдау көрсетуге және оны оқыту үдерісіне, орын алған
бұзылушылықты түзетуге немесе азайтуға бағытталған түзету жұмысына, және
баланың жасырын мүмкіндіктерін ашуға, даму деңгейін жоғарлатуға бағытталған
дамыту жұмыстарына қолдау көрсету,
2)
кешенді технология – балаға қолдау көрсетуді оған даму, білім мен тәрбие
алу, әлеуметтену мәселелерін шешудегі көмек көрсетудің ерекше жолы.
Достарыңызбен бөлісу: