404
«Психикалық дамудың тежелуі» (ПДТ) ұғымы орталық жүйке жүйесі аздап
органикалық немесе функционалды бұзылған, сондай-ақ ұзақ уақыт депривацияға
(қолайсыз әлеуметтік ортада) ұшыраған балаларға қатысты қолданылады. Бұған
эмоционалды-ерік саласы жетілмеу және таным әрекетінің дамымауы тән болып
табылады. ПДТ балаларда танымдық қызығушылығының жеткіліксіз көрінуі
жадысының бұзылуы, есту және көру түйсігінің жетіспеушілігі, нашар қозғалуымен
үйлеседі. Қол буындары қозғалуының кішкене дифференциалдануы жабыстыру,
сурет салу, құрастыру, жазу әрекетінің нәтижесіне теріс ықпал етеді.
Психикалық дамуы тежелген балалар дамуындағы тежелудің көріну
деңгейіне және себептерінің әртүрлілігіне байланысты біртекті топқа жатпайды.
Т.А.Власов, М.С.Певзнер, К.С.Лебединский т.б. жүргізген
клиникалық және
психологиялық зерттеулер балалардың психикалық тежелуін төрт топқа бөлуге
мүмкіндік берді: конституционалды, психогенді, соматогенді, церебралды-
органикалық пайда болуы.
Конституционалды шығу тегіндегі психикалық дамуы тежелген балаларда
мынадай ерекшеліктері бар:
- зейіннің тұрақсыздығы;
- танымдық белсенділіктің және жұмысқа қабілеттіліктің төмендігі;
- абстрактілі-логикалықтан
көрнекілік-әрекеттік, нақты-бейнелік ойлаудың
басымдығы;
- сөздік-мағыналық есте сақтаудың жеткіліксіздігі;
-
қажудың жоғары болуы және белсенді зейіннің әлсіздігі.
Самотогенді шығу тегіндегі психикалық дамуының тежелуі ұзақ уақыт
самотикалық жеткіліксіздіктен: созылмалы инфекциялар; аллергиялық жағдайлар;
туа біткен және кейін пайда болған ішкі органдардың (жүрек, өкпе, бүйрек, бауыр
және т.б.) дамуының кемістігі; ауыр самотикалық аурулар; өмірінің алғашқы
жылдарындағы бас миының жарақатын көрсетеді.
Психогенді шығу тегіндегі психикалық дамуының тежелуі бала тұлғасының
дұрыс қалыптасуына кедергі келтіретін тәрбиенің
қолайсыз жағдайларынан
туындайды. Ерте пайда болған, ұзақ әсер ететін және баланыңь психикасын
жаралауға әсері тигізетін ортадағы қолайсыз жағдай, ең алдымен эмоционалды
дамуындағы психикалық бұзылыстарға әкеледі. Мұнда тұлғаның патологиялық
дамуы туралы сөз болып отыр.
Церебралды-органикалық шығу тегіндегі психикалық дамуының тежелуі
эмоционалды-еріктік орта сияқты танымдық қызметте де үлкен шыдамдылықты
және бұзылысты көрсетеді.
Қорыта
келгенде, ерекше білім алуға қажеттілігі бар балалармен арнайы
педагогикалық жұмыстың міндеттері оқуға жалпы қабілеттерін дамыту және
дамуындағы жеке кемшіліктерді жеңу болып табылады. Балалар мультидпәндік
мамандар командасының: логопед, психолог, арнайы педагог көмегін қажет етеді.
Оқытудың түзетушілік бағыттылығы сонымен қатар, сабақта оқу жоспарының
барлық пәндері бойынша жаппай оқыту процесінде іске асады. Оқушыларды
психологиялық-педагогикалық қолдау процесінде
мұғалім бала туралы
(мультидисциплинарлық мамандар командасы мүшелерінен) алынған барлық
мәліметтерді жалпылаушы және түсініктеме беруші, олармен тікелей жұмысты
405
ұйымдастыратын интегратор рөлінде болады. Оқушыларды оқыту стратегиялары
мен әдістерін таңдау оқушылардың танымдық қызметі мен жұмыс қабілеттілігі
ерекшеліктерімен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: