«научное наследие заки ахметова и национальные ценности», в честь 95-летнего юбилея Заки Ахметова



Pdf көрінісі
бет137/153
Дата07.02.2024
өлшемі5.2 Mb.
#491177
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   153
Зәки-Ахметовтің-95-жыл-толуына-орай-жинақ-4-бөлім

Әдебиеттер тізімі 
1. Алдамұратов Ә.Ж. Қызықты психология. – ҚазМУ, Алматы,1991. 
2. Алдамұратов Ә.Ж. Жалпы психология. – «Мектеп». – Алматы, 1996. 
3. Жалпы психология. В.В.Богословский т.б. редакциясымен. – «Мектеп». – 
Алматы, 1980. 
4. Сатиева Ш. Даму психологиясы (теориялық және практикалық курс). Оқу 
құралы. – Астана: Фолиант, 2012. – 232 бет. 
5. Жұбаназарова Н.С. Жас ерекшелік психологиясы: Оқу құралы. – Алматы: 
Қазақ университеті, 2012. – 286 бет. 
6. Ишанов 
П.З., 
Бейсенбекова 
Г.Б. 
Психологиялық-педагогикалық 
диагностика негіздері. Оқу құралы. – Қарағанды, ЖК «Ақ Нұр баспасы», 2012. – 
206 бет. 
ӘОЖ 343.1 
ҚОРҒАЛУҒА ҚҰҚЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
ҚАҒИДАТЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ 
Уалканова А.У., Садыканова Ж.Е. 
Ғылыми жетекші: Калиакперова Е.Н., з.ғ.д., профессор 
Аманжолов университеті, Өскемен қ., Қазақстан 
e-mail: zhan_na_sad@mail.ru 
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі Қылмыстық-процестік 
кодексінің «Қылмыстық процестік міндеттері мен қағидаттары» деген 2-тарау бар. 
Бұл тарауда бүкіл сот ісін жүргізудің мәні мен мақсатын, сондай-ақ оның жеке 
кезеңдері мен институттарын анықтайтын негізгі ережелер бекітілген. Бұл 
қылмыстық іс жүргізу қызметінің мазмұндық компонентін анықтайтын және оның 
мәні мен мағынасын ашатын бастапқы немесе басшылық ережелер. Қылмыстық 
процесс ғылымында қылмыстық сот процесінің қағидаттарының нормативтік 
көрінісі болуы керек, яғни заң нормаларында өзінің шоғырлануын табуы маңызды. 
Сондықтан Кодексте қылмыстық процестік қағидаттарды қамтитын жеке тарауды 
бөліп көрсету құқық қолдану қызметінің заңдылығын және оның Заңның әрпі мен 
рухына сәйкестігін анықтайтын маңызды фактор ретінде қарастырылады. 
Дегенмен де, барлық қағидаттар Қазақстан Республикасы Қылмыстық-
процестік кодексінде қамтылмаған. Олардың кейбіреулері Қазақстан Республикасы 
Конституциясымен бекітілген, ал кейбір қағидаттар Қазақстан ратификациялаған 
халықаралық шарттар мен келісімдерде көрініс табады. Алайда, халықаралық 
келісімдер мен шарттардың талаптары, сондай-ақ халықаралық органдардың 
шешімдері Қазақстанда тек адам құқықтары мен бостандықтарын шектеуге әкеп 
соқтырмайтын бөлігінде ғана әрекет ете алатындығын" ескеру қажет. 


406 
Жоғарыда айтылғандарға байланысты қылмыстық процестік қағидаттардың 
жүйесін анықтай отырып, тек екі қайнар көздерден, яғни Қазақстан Республикасы 
Конституциясына және Қазақстан Республикасы қылмыстық-процестік кодексіне 
назар аудару керек деп санаймыз. 
Қағидаттардың нормативтік бектіліуімен қатар тағы бір маңызды қасиетін 
атап өту қажет. Бұл сот ісін жүргізудің барлық қатысушылары үшін заңнамалық 
ережелер талаптарының міндеттілігі. Процестің ешбір қатысушысы қағидаттарды 
елемей аттап өтуі мүмкін емес. Олар қылмыстық іс жүргізуді жүзеге асыратын 
лауазымды адамдар үшін де, қылмыстық іс жүргізуге тартылған адамдар үшін де 
міндетті. Әрине, бұл қағидаттар қылмыстық істерді жүргізетін лауазымды тұлғалар 
үшін ерекше маңызды болып табылады. Олар заңнамалық ережелерді өздері сақтап 
қана қоймай, сонымен қатар сот ісін жүргізудің басқа қатысушыларының осы 
қағидаларды жүзеге асыруына жағдай жасауы тиіс. 
Қағидаттардың келесі бір белгісі олардың іс-әрекетінің өтпелі сипатына 
байланыстылығы болып табылады. Заң шығарушының қисынына сүйене отырып, 
қылмыстық процестің қағидаттары сотқа дейінгі және сот ісін жүргізуде бүкіл 
қылмыстық іс жүргізу барысында қолданылады деп айтуға болады. Бұл ретте әрбір 
қағидат қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысында жасалатын барлық процестік 
әрекеттер мен шешімдер үшін негіз болып табылады. Егер қағидат іс 
жүргізушіліктің бір бөлігімен ғана шектелсе, айталық, сотқа дейінгі немесе сот 
отырысы кезінде, онда қағидат туралы емес, сот ісін жүргізудің сотқа дейінгі немесе 
сот қарауы бөлігінің мәні мен сипатын анықтайтын жалпы шарт туралы айту 
дұрысырақ болады деп ойлаймыз. 
Қазақстан Республикасы Қылмыстықө процестік кодексі 2-тарауының қазіргі 
редакциясында 8ші баптан 31 бапқа дейінгі аралықта олардың әр қайсысында 
қылмыстық процестік қағидаттар бекітілген.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің 
әрекет ету кезінде 2-тарауға бірқатар толықтырулар мен өзгерістер енгізілді. 
Айталық, жеке басқа қолсұғылмаушылық қағидатын бекітетін 14-бапқа 2017 жылы 
21 желтоқсанда, жеке өмiрге қолсұғылмаушылық. Жазысқан хаттардың, телефон 
арқылы сөйлескен сөздердің, пошта, телеграф арқылы және өзге де хабарлардың 
құпиясы туралы 16-бапқа 2014 жылы 7 қарашада, жеке меншікке қол 
сұғылмаушылық қағидатын бекітетін 16-бапқа, жеке меншікке қол 
сұғылмаушылық қағидаиты туралы ережеге (18-бап) 2021 жылы 2 қаңтарда, сот 
iсiн жүргiзудi тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы негiзiнде жүзеге 
асыру қағидатын бекіткен 23-бапқа 2015 жылы 31 қаңтарда, сондай ақ дәл біздің 
диплом жұмысы тақырыбының мәселесі болып отырған қорғалуға құқығы бар 
куәнің, күдіктiнiң, айыпталушының қорғалу құқығын қамтамасыз ету қағидатын 
бекітетін 26-баптың рекдакцияларына 2019 жылы 27 желтоқсанда заң шығарушы 
қылмыстық-процестік заңнаманың қолданылу барысында бірнеше өзгертулер мен 
толықтырулар енгізгенін көруге болады [2]. Осы топта қорғау құқығын 
қамтамасыз ету қағидаты да кіретінін ескере отырып, қазіргі уақытта бұл мәселеде 
бойынша қоғамда дау тудыратын тұстары да бар екенін мойындау керек. 
Заң шығарушының осындай көрсеткен белсендігімен қатар Қазақстан 
Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің екінші тарауында өзінің 


407 
бастапқы түрінде қалған қағидаттар да бар, айталық, заңдылық (Қазақстан 
Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 10-бабы), сот төрелігін соттың 
ғана жүзеге асыруы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 
11-бабы), адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы 
қорғау (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 13-бабы), 
қылмыстық істер бойынша іс жүргізу кезінде азаматтардың құқықтары мен 
бостандықтарын қорғау (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік 
кодексінің 15-бабы), тұрғын жайға қол сұғылмаушылық (17-бабы), кінәсіздік 
презумпциясы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 19-
бабы), қайтадан соттауға және қылмыстық құдалауға жол бермеушілік (Қазақстан 
Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 20-бабы), сот төрелігін заң мен 
сот алдындағы теңдік бастауларында жүзеге асыру (Қазақстан Республикасы 
Қылмыстық-процестік кодексінің 22-бабы), сот ісін жүргізуді тараптардың 
жарыспалылығы мен тең құқылығы негізінде жүзеге асыру (Қазақстан 
Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 23-бабы), әстің мән жайларын 
жан-жақты, толық және объективті зерттеу (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-
процестік кодексінің 24-бабы), дәлелдемелерді ішкі менім бойынша бағалау 
(Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 25-бабы), білікті заң 
көмегіне құқықты қамтамасыз ету (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-
процестік кодексінің 27-бабы), куәлік айғақтар беру міндетінен босату (Қазақстан 
Республикасы 
Қылмыстық-процестік 
кодексінің 28-бабы), 
жариялылық 
(Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 29-бабы), қылмыстық 
сот ісін жүргізудің тілі (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік 
кодексінің 30-бабы), процестік әрекеттер мен шешімдеріне шағым жасау 
бостандығы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 31-бабы). 
Көрсетілген қағидаттардың тұрақтылығы олардың қылмыстық іс жүргізу 
заңнамасында құқықтық бекітілуінің сапасы туралы куәландырады, бұл өз 
кезегінде заң ережелерінің толық еместігі мен сәйкессіздігін болдырмайды. 
Қорғау құқығын қамтамасыз ету қағидатының мазмұны қандай? Бұл 
қағидаттың құқықтық негізі 17, 45, 46, 48 және 123-баптарда бекітілген Қазақстан 
Республикасы Конституциясының ережелері болып табылады. Сонымен бірге, 
И.А. Насонова дұрыс атап өткендей, осы қағидаттың мазмұнын анықтау үшін 
"қорғау", "қорғау құқығы" және "қорғау құқығын қамтамасыз ету" сияқты 
ұғымдардың арақатынасын белгілеу керек. Зерттеу жүргізгеннен кейін автор 
қорғаныс құқығы "күдіктіге, айыпталушыға, қорғаушыға тағылған айыптан 
немесе күдіктенуден қорғау, оларды ақтайтын, жауапкершілікті жеңілдететін 
жағдайларды анықтау үшін заңмен берілген барлық іс жүргізу құқықтарының 
жиынтығы" деген қорытындыға келді [Насонова]. 
Бұл қағидаттың ең толық мазмұны Қазақстан Республикасы Жоғарғы 
Сотының 2002 жылғы 6 желтоқсандағы «Қорғауға құқықты реттейтін қылмыстық 
іс жүргізу заңнамасын қолдану практикасы туралы» № 26 Нормативтік 
қаулысында бекітілген. Соттың құқықтық ұстанымынан "қорғау құқығын 
қамтамасыз ету оның барлық сатыларында қолданылатын қылмыстық іс жүргізу 
қағидаттарының бірі болып табылады", сондай-ақ "мемлекеттің міндеті және әділ 
сот төрелігінің қажетті шарты болып табылады" делінген []. 


408 
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 26-бабында 
қорғауға құқығы бар субъектілер ретінде «қорғалуға құқығы бар куәнің, 
күдіктiнiң, айыпталушының қорғалуға құқығы бар деп айрықша белгілеп 
көрсеткен. Олар бұл құқықты осы Кодексте белгiленген тәртiппен жеке өздерi де, 
сол сияқты қорғаушының, заңды өкiлiнiң көмегiмен де жүзеге асыра алады» деп 
белгіленгеніне қарамастан Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының осы 
аталған нормативтік қаулысында бұл құқыққа келесі адамдар да ие екенін 
түсіндірді: Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 144-
бабында көзделген тәртіппен қылмыс туралы хабарламаны тексеру үшін оның 
құқықтары мен бостандықтарына қатысты іс жүргізу әрекеттері жүзеге 
асырылатын адам: күдікті; айыпталушы; сотталушы; сотталған; ақталған;
медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы өзіне қатысты іс 
жүргізіліп жатқан немесе жүргізілген адам; тәрбие ықпалының мәжбүрлеу 
шарасы қолданылған кәмелетке толмаған адамның мінез-құлқы; қылмыстық іс 
немесе қылмыстық қудалау тоқтатылған тұлға; өзіне қатысты сұрау түскен немесе 
ұстап беру туралы шешім қабылданған адамды көрсетеді. 
Қорғауға құқық субъектілерінің мұндай кең ауқымы Қазақстандағы 
азаматтық қоғамның жетілуін, мемлекеттің қылмыстық іс жүргізуге қатысатын кез 
келген адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етуге 
дайын екендігін көрсетеді. 
Егер қорғау құқығын тура түсіндіру қажет болса, онда осы қағидаттың 
мазмұнын құрайтын келесі заңнамалық ережелерге тоқталу қажет: 
-қорғау құқығы жеке өзі немесе қорғаушының немесе заңды өкілдің 
көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін; 
-қорғаушының және заңды өкілдің міндетті қатысуын қылмыстық іс 
бойынша іс жүргізуді жүргізетін лауазымды адам қамтамасыз етеді.; 
-қылмыстық іс бойынша іс жүргізетін лауазымды тұлғаға қатысушыға оның 
қорғану құқығын түсіндіру міндеті жүктеледі.; 
-адам заңмен тыйым салынбаған барлық тәсілдермен және құралдармен 
қорғалуға құқылы;; 
-заңда белгіленген жағдайларда күдікті мен айыпталушы қорғаушының 
көмегін тегін пайдалана алады.
Адамның өз бетінше қорғалуын қамтамасыз ету құқығы Қазақстан 
Республикасының Конституциясында және қолданыстағы қылмыстық-процестік 
заңында кепілдік берілген. Әркім өз қорғанысын жеке өзі қамтамасыз етуге құқылы. 
Айыпталушы өзінің қорғалуына заңды өкіл мен қорғаушыны тартуға да құқылы. 
Бұл ретте айыпталушының іс жүргізу құқықтарын оның ісіне заңды өкілінің немесе 
қорғаушының қатысуына байланысты, соның ішінде заңды өкіл мен қорғаушының 
қатысуы міндетті болып табылатын кезде де шектеуге болмайды.
Қорғаушының немесе заңды өкілдің міндетті қатысуын қамтамасыз ете 
отырып, заң шығарушы айыпталушыға, күдіктіге емес, қылмыстық іс бойынша іс 
жүргізетін лауазымды адамдарға тиісті міндет жүктейді. Бұл адамдардың міндетті 
түрде қатысуы айыпталушының қорғану құқығын төмендетпейді және бұл құқықты 
оның іс жүргізу міндетіне айналдырмайды. Айыпталушы үшін осы құқықтың 


409 
мазмұны өзгеріссіз қалады, ол сондай-ақ осы адамдардың қатысуынан бас тартуға 
құқылы, не өз қорғанысын өз бетінше қамтамасыз етуіне де болады.
Процестік мәртебесіне жаңа міндет қосылған лауазымды тұлғаның тағы бір 
жағдайы - заңды өкілдің немесе қорғаушының қатысуын қамтамасыз ету. 
Лауазымды адамның көрсетілген міндетті уақтылы орындамауы процестік 
қызметтің нәтижелерінің жойылуына әкеледі. 
Міндетті қатысушылар болып табылатын қорғаушы мен заңды өкілдердің 
қатысуын қамтамасыз ету міндеті бірлі-жарым емес. Лауазымды адамға 
айыпталушыға оның құқықтары мен бостандықтарын түсіндіру, сондай-ақ оларды 
іске асыру үшін жағдай жасау міндеті де жүктеледі. Қазақстан Республикасы 
Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысында «қылмыстық іс жүргізу заңының 
нормаларында қарастырылған құқықтар сот ісін жүргізудің әртүрлі формаларының 
кезеңдері мен ерекшеліктерін ескере отырып, іс бойынша іс жүргізіліп жатқан 
адамның іс жүргізу мәртебесімен анықталатын көлемде түсіндірілуі керек. Атап 
айтқанда, істі бірінші сатыдағы сот қараған кезде айыпталушыға Қазақстан 
Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің 65-бабының 2-бөлігінде 
көрсетілген құқықтар ғана емес, сонымен қатар оның сот ісін жүргізудегі басқа да 
құқықтары, оның ішінде қорғаушымен бірге тараптардың жарыссөздеріне қатысу 
туралы өтініш беру құқығы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік 
кодексінің 383-бабының 2-бөлігі), сондай-ақ оның құқықтары мен міндеттері 
түсіндірілуге жатады. Қорғаушы болмаған жағдайда тараптардың жарыссөздеріне 
қатысу (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 383-бабының 1-
бөлігі), соңғы сөзге құқық (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік 
кодексінің 384-бабы)". 
Қорғауға құқықты іске асыру үшін жағдай жасау қорғауға дайындалу үшін 
уақыттың жеткіліктілігі туралы мәселені нақтылауды көздейді. Осыған байланысты 
Қазақстан Республикасы қылмыстық-процестік кодексінде белгілі бір мерзімдерді 
белгіленген, соның барысында айыпталушыға өзін қорғауға дайындалу үшін уақыт 
беріледі. Мысалы, күдіктінің қорғаушымен кездесу құқығы, оның ішінде күдікті 
ретінде алғашқы жауап алынғанға дейін. Бұл мәселе әсіресе сот ісінде өткір болып 
отыр, осыған байланысты сотқа қорғауға дайындалу үшін мерзімдердің сақталуын 
және уақыттың жеткіліктілігін тексеру міндеті жүктеледі. 
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты соттарға әрбір анықталған 
бұзушылыққа немесе айыпталушының қорғану құқығын шектеуге жауап 
болатындығын ескертеді. Бұған негіздер болған жағдайда, сот, атап айтқанда, 
алынған дәлелдемелерді қолайсыз деп тануға (Қазақстан Республикасы 
Қылмыстық-процестік кодексі 125-бабы), қылмыстық істі Қазақстан Республикасы 
Қылмыстық процестік кодексінің 626-бабында белгіленген тәртіппен прокурорға 
қайтаруға, сот шешімін өзгертуге немесе жоюға (Қазақстан Республикасы 
Қылмыстық-процестік кодексі 153, 423, 424-баптары) болады. 
Сот Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 5-
тармағындағы адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге 
асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, 
конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге 
тиісдеген талаптарына сәйкес айыпталушының білдірген өтініші не болмаса оның 


410 
немесе оның қорғаушысының жекелеген құқықтарын жүзеге асырудағы өзге де 
шектеулері осы құқықтарды олардың пайдаланулары қылмыстық процестің өзге де 
қатысушылары үшін көрінеу айқын адал ниетте еместігімен байланысты болған 
жағдайларда айыпталушының құқығы бұзылған деп танымауы да мүмкін. 
Заңмен тыйым салынбаған тәсілдермен және құралдармен қорғалуға заң 
бойынша жол беріледі. Алайда, бұл тұжырым түсіндіруді қажет етеді. Қазіргі 
уақытта заңды әдістер мен құралдарды бөлуге мүмкіндік беретін тәжірибе 
қалыптасты. Бұл адамның келесі әрекеттерін қамтиды: 
-күдік бойынша түсініктемелер мен айғақтар беруге не түсініктемелер мен 
айғақтар беруден бас тартуға құқылы; 
-айыпқа қарсылық білдіруге, өзіне тағылған айып бойынша айғақтар беруге 
Не айғақтар беруден бас тартуға құқылы.; 
-дәлелдерді ұсыну; 
-өтінішті және қарсылықты мәлімдеуге; 
-айыпталушы сот ісін жүргізетін тілді білмеген немесе жеткілікті білмеген 
жағдайда ана тілінде немесе ол білетін тілде түсініктемелер мен айғақтар беруге 
және аудармашының көмегін тегін пайдалануға тыйым салынады; 
-сот 
талқылауы барысында дәлелдемелерді зерттеуге және сот 
жарыссөздеріне қатысуға құқылы; 
-соңғы сөзді айту; 
-іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органдардың әрекеттеріне, 
әрекетсіздігіне және шешімдеріне шағымдар келтіруге; 
-заңмен белгіленген тәртіпте іс материалдарымен танысуға құқылы. 
Айыпталушының өз мүдделерін қорғаушының көмегімен қорғау құқығы 
айыпталушының қорғаушы ретінде өз қалауы бойынша кез келген адамды таңдауға 
құқығы бар екенін білдірмейді және кез келген адамның іске қорғаушы ретінде 
қатысу мүмкіндігін білдірмейді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік 
кодексінің 66-бабының 2-бөлігі ережелерінің мәні бойынша сотқа дейінгі іс 
жүргізуде айыпталушыны қорғауды тек адвокат жүзеге асыруға құқылы. 
Айыпталушының өтініші бойынша қорғаушы ретінде жақын туысы немесе заңда 
белгіленген тәртіппен айыпталушының құқықтары мен мүдделерін қорғауды 
жүзеге асыруға және іс бойынша іс жүргізу кезінде оған заң көмегін көрсетуге 
қабілетті өзге адам жіберілуі мүмкін. 
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының жоғарыда аталған 
нормативтік қаулысында айыпталушыны қорғауды өзі шақырған бірнеше адвокат 
жүзеге асырған кезде қорғаушылардың бірінің келуіне қатысты өз ұстанымын 
білдірді. Жоғарғы Сот адвокаттардың бірінің келмеуі айыпталушының қатысуымен 
қылмыстық іс жүргізуге кедергі келтірмейді деп санайды. 
Осылайша, қорғау құқығын қамтамасыз ету қағидаты айыпталушының, 
күдіктінің қылмыстық іс жүргізуде сотқа дейінгі іс жүргізуде де, сот ісінде де негізгі 
құқықтарының біріне кепілдік береді. Бұл қағиданы жүзеге асыру тәртібі Қазақстан 
Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы 
Сотының құқықтық ұстанымдарын және адам құқықтары жөніндегі Еуропалық 
соттың тәжірибесін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік 
кодексімен анықталады. 


411 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет