91
жағынан барлығы бірдей тең болмайды. Бұлардың біреулері негізгі
болады да, қалғаны көмекші болады. Сөйтіп, ылғи етістіктерден
құралған күрделі етістіктер бір-бірімен көсемшелер арқылы бай-
ланысады» деп, етістіктің аналитикалық формаларын көсемшемен
байланыстырғанымен, олардың күрделі етістіктерден аражігін
ажыратпай, солардың қатарында қарастырады. Мысалы:
сатып ал,
келе жатыр, айта бер, өлең айт, көңіл көтер, күліп жіберді, күліп
жібере жаздады, т.б.
Етістіктің аналитикалық формалары Ы. Маманов, А. Əбілқаев-
тың еңбектерінде де күрделі етістіктер құрамындағы көмекші
етістіктерге қатысты қарастырылады. Ғалым Ы. Маманов «Күрделі
етістіктің құрамындағы алдыңғы көсемше түріндегі сыңары
лексикалық мағынаға ие болады да, соңғы сыңары – көмекші етістік
оған грамматикалық мағына үстейді жəне етістіктің басқа форма-
ларымен түрленетін конструктивтік қызмет атқарады» деп, бұл
мəселені көмекші етістіктердің қызметі тұрғысынан түсіндірсе,
ғалым А. Əбілқаев «де» көмекші етістігінің мағынасы мен қызметін
талдауда осы етістік арқылы жасалған бірқатар грамматикалық фор-
маларды бөліп көрсетеді. Мысалы:
-йын/йін деп отыр, -йын/йін деп
жатыр, -деп жүр, -деп қалды, -деп барады,-деп келді, т.б.
Аналитикалық етістіктер туралы ғалым А. Ысқақов та маңызды
тұжырымдар жасайды. Ғалымның пайымдауынша, егер тіркестегі
компоненттердің біреуі ғана негізгі мағынасын сақтап, өзгелері
өз лексикалық мағыналарын я солғындатып, я жоғалтып, тек
көмекші болып, грамматикалық қызмет атқарса, ол
сараламалы
(аналитикалық) етістік немесе
күрделі етістіктің саралама-
лы түрі деп танылады. Алдыңғы пікірлерден ерекшелігі: ғалым
етістіктің аналитикалық формаларын
(айтып жібер, келе қой, т.б.)
күрделі етістіктердің жай күрделі тіркес (
алып бар, алып қайт, кіріп
шық, оқып бер, алып кет, т.б.), суреттемелі етістік (
бала едім, жас
екен, берсе игі еді, т.б.), құранды етістік
(жəрдем ет, көмек қыл т.б.)
тəрізді топтарынан бөліп көрсетіп, күрделі етістіктің сараламалы
немесе аналитикалық түрі деп атайды. Бұл топтастыруда күрделі
етістіктердің барлық түрі (мысалы,
барған жоқ, айтқан жоқ, баруға
болмайды, барған көрінеді, баруы тиіс, т.б.)
толық қамтылмағанмен,
ғалым күрделі етістік ұғымын кең мəнде қарастырған. Сонымен
қатар етістіктің аналитикалық формасын күрделі етістіктерден
ажыратудың мынадай басты қиындықтары мен айырмашылықтарын
атап көрсетеді: 1) сыртқы формаларында ешқандай дыбыстық я
92
басқа айырмашылықтың болмауы; 2) өзара түрлес, формалас келуі.
Ал басты айырмашылықтары: 1) ішкі мазмұнында, ондағы компо-
ненттердің арақатынасына байланысты; 2) қосымша грамматикалық
семантика жамауы.
Етістіктің аналитикалық формалары туралы С. Исаевтың пікірін
сараласақ, ғалым «етістіктің аналитикалық форманты деген термин
жалпы
кең мағынада емес, етістіктің ерекше бір түрі, категориялық
сипаты бар түрі деген ұғымды бере алмайтын сияқты. Ол етістіктің
ерекше грамматикалық формалары сияқты шеңберде қалып қояды,
ал бұлардың (етістіктің аналитикалық форманттары деп аталатын
түрінің) категориялық сипаты, жүйелік қасиеті, өз ішінен бірнеше
жəне əртүрлі грамматикалық категорияларға бөліну мүмкіндігі
зерттеушілердің еңбектерінде анық көрсетілгенін» негізге ала оты-
рып, етістік құрамындағы мұндай тілдік единицаны күрделі етістік
деген атаумен атауды жөн көреді. Бірақ ғалым негізгі етістік пен
көмекші етістіктің тіркесі жəне етістіктің белгілі грамматикалық
категориясының көрсеткіші бола алатын тұлғаларды ғана күрделі
етістік қатарына жатқызады. Сондай-ақ негізгі етістіктің көсемше,
есімше, шақ,
рай тұлғаларында болып, көмекші етістіктің етістіктің
таза грамматикалық категорияларының бірінде қолданылып, негізгі
етістікке əртүрлі грамматикалық мағына үстеуіне баса мəн береді.
Қазақ тіл білімінде күрделі етістік ұғымынан етістіктің
аналитикалық формасы ұғымын бөліп, арнайы зерттеу нысанына
алған – ғалым Н. Оралбай. Ғалым аталған мəселеге байланысты
өзіне дейін жəне сол кезеңде жазылған орыс, түркі жəне қазақ тіл
біліміндегі еңбектерге шолу жасап, ондағы ғылыми пікірлерді тал-
дай отырып, соның негізінде етістіктің
аналитикалық формалары
мен аналитикалық формант мəселесі туралы бірқатар тұжырымдар
жасайды. Соның ішінде «қазақ тіл білімінде күрделі етістік, көмекші
етістік, етістіктің грамматикалық категорияларымен байланысты өте
үлкен жұмыс істелді, олардың сөздің аналитикалық формасын зерт-
теуге қосатын үлесі мол», «ол еңбектерде аналитикалық формаға
жататын тіл фактілері күрделі етістіктер тұрғысынан қаралғанымен,
тілдегі аналитикалық формалардың мағыналары, кейбіреулерінің
грамматикалық категорияларда атқаратын қызметі ашып берілген»
деген тұжырымдары етістіктің аналитикалық формаларының дербес
тілдік ұғым ретінде танылып, бұл ұғымның
тілдің морфологиялық
жүйесінде қалыптасуына жол ашты. Зерттеуші «етістіктің грам-
матикалық категориясының аналитикалық формантын қабыл
дап,
93
сол грамматикалық категорияның мағынасын білдіретін сөздерді
аналитикалық формалы етістіктер» деп атап, аналитикалық
формалардың етістіктің грамматикалық категорияларының форма-
лары екендігін, олардың синтетикалық формалармен өзара шарт-
тас, тектес келіп, ұштасып жататындығын жəне сөйлеу үдерісінде
жасалатындығын көрсетеді. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: