88
негізгі (лексикалық) жəне қосымша (грамматикалық, сөзжасамдық)
мағыналарын ажыратып білдіретін, синтетизмге, яғни бір сөздің
құрамындағы бірнеше морфеманы біріктіретін тіл құрылымының
бір-біріне қарама-қарсы типологиялық қасиеті. Егер синтетизм-
де бірнеше морфема бір
сөздің құрамында біріктірілсе, анали-
тизмде сөздің морфологиялық тұрақты құрамы мен аналитикалық
құрылымдар бір-біріне қатысты болады. Мысалы,
отырмын
– айтып отырмын; жақсырақ – өте жақсы, тым жақсы, т.б.
Ұқсастығы: екі жағдайда да етістіктің
шақ категориясы мен
сапалық сын есімнің шырай категориясы жасалып тұр. Ерекшелігі:
осы категориялардың жасалу жолдарында,
отырмын, жақсырақ
– синтетикалық формалар;
айтып отырмын, өте жақсы, тым
жақсы – аналитикалық формалар. Аналитикалық форманың құрамы
-ып дəнекер
қосымша мен отыр көмекші етістіктен,
өте, тым
күшейткіш көмекшіден қалыптасқан аналитикалық форманттардан
тұрады. Бұл тұста аналитикалық форманың сөз таптарында бірдей
жолмен берілмейтіндігі де назар аударады. Етістіктерде негізгі сөз
бен көмекші сөздің тіркесуі арқылы берілсе,
сапалық сын есімдерде
сөздердің орын тəртібі арқылы беріледі. Соның негізінде сөздің
морфологиялық құрамында грамматикалық мағынаның толық мəнді
сөздер мен көмекші сөздердің тіркесуі, сөздердің орын тəртібі, ин-
тонация арқылы анықталуы аналитизм құбылысымен түсіндіріледі.
Тіл білімінде сөздің аналитикалық формасы туралы теория
аналитикалық тілдердің ерекшеліктерін зерттеумен байланыс-
ты пайда болып, соның негізінде
аналитикалық форма ұғымы
біраз уақытқа дейін тек аналитикалық тілдер тұрғысынан ғана
қарастырылып келгендігі белгілі. Ал қазіргі кезде бұл құбылыстың
жүйесі мен құрылымы басқа тілдерге, оның ішінде қазақ тіліне де
тəн екендігі нақты тілдік деректермен дəлелденген.
Аналитикалық форма, кем дегенде, екі сөзден құралады.
Соның
негізінде толық мəнді сөз бен көмекші сөздің тіркесімі немесе фор-
манттар арқылы аналитикалық құрылымдар қалыптасады. Олар:
Достарыңызбен бөлісу: