А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, Ғ.Бегалиев, С.Жиенбаев, М.Балақаев, Ә.Сәдуақасов,
Р.Әміров, Қ.Бозжанова, С.Рахметова, Б.Қабатай, Ә.Жұмабаева т.б. ғалым-әдіскерлердің
жұмыстарын атауға болады.
Бастауыш мектептегі ана тілін оқыту әдістемесі ғылымында А.Байтұрсынұлының
орны ерекше. А.Байтұрсынұлының мектептегі оқу ағарту мәселеріне арналған «Қай әдіс
жақсы?». «... Жалқылау әдіс», «Жалқылаулы, жалпылаулы әдіс». «Бастауыш мектеп»,
«Тіл-құрал», «Оқу құралы» т.б оқулықтары мен мақалаларында айтылған пікірлері мен
кӛзқарастары бүгінгі күнге дейін ӛз құнын жоймаған.
Қазіргі кезеңде бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту үшін жаңа буын оқулықтары,
оқыту кешендері, дидактикалық материалдар мен әдістемелік нұсқаулар шыға бастады.
Ғалымдар, әдіскерлер бастауыш мектепте қазақ тілін сапалы оқыту үрдісінде жаңа әдістер
мен технологияларды қолдану мәселелеріне ерекше назар аудара бастады.
Әдіскер А.Айғабылов лексиканы оқытудың маңызын былайша дәйектейді: «Ана
тілінде сӛйлей білген адамның барлығы да сол тілдің заңдылықтарын, қыр-сырын, сыр-
сипатын толық біле береді деуге болмайды». Лексиканы оқытуда сӛзге үлкен мән береді.
Тілдің ең кіші бӛлшегі сӛздің фонетикамен, морфологиямен,
синтаксис және
стилистикамен байланысын жете түсіндіру қажет. Оқушы сӛз жүйесін түсіну арқылы
тілдің орфоэпиялық және орфографиялық нормасын саналы түсінуге, әр сӛзді орынды
қолдану арқылы ӛз ойын жүйелі, түсінікті жеткізуге үйренеді. Лексиканы оқыту кезінде
мұғалім оқушыларды сӛздікпен жұмыс істей білуге үйретуі керек. Сӛздердің шығу
тарихын сӛз мағыналарын сӛздіктерді қолдана отырып меңгерткізу оқушылардың сабаққа
деген қызығушылығын арттырады.
Тіл тек қоғамдағы қарым-қатынас жасау құралы емес, адамның ойлау қабілетімен
тығыз бірлікте дамитын таным құралы екендігі белгілі. Қазақ тілін дамыту және оны одан
әрі жетілдіруге орай, ана тілінің байырғы мағыналарына жаңа мағыналар үстеліп, немесе
бұрынғы сӛздерді біріктіру, қосымша жалғау, сӛзжасам әдістері арқылы жаңа терминдер
пайда болып жатқан бүгінгі таңда оқушыларға қазақ тілінің семантикалық жүйесінен
толық және дұрыс мағлұмат беру – кӛкейкесті мәселелердің бірі.
Педагогика мамандарының пікірінше, тіл білімі балаларға, ең алдымен, лексикалық
ұғымдар арқылы түсінікті болады. Себебі, тілдегі сӛздердің мағыналарын, мағыналық
және қолданылу ерекшеліктерін толық меңгермеген оқушылар олардың морфологиялық
түрлену заңдылықтарын, синтаксистік тіркесу тәсілдерін, стильдік бояуларын меңгере
алмайды. Сонымен, тіл білімі балаларға, ең алдымен, лексика арқылы түсінікті болады.
Себебі тіл білімінің ӛзге салаларын – фонетиканы,
морфологияны, синтаксисті оқыту
сӛзден тыс жүргізілмейді, керісінше, бұл салалар бойынша берілетін білім мен дағды
оқушылардың сӛз мағыналарын ажырата білу қабілетіне, яғни семантикалық
мағлұматтарына сүйене отырып жүзеге асырылады. Семантика (кӛне грекше -
танбалаушы, білдіруші) – тіл және тіл бірліктері (сӛз, грамматикалық тұлға, сӛз тіркесі,
сӛйлем)
арқылы білдірілетін хабарды, заттар мен құбылыстардың мән-мазмұның
зерттейтін тіл білімінің саласы, семиотиканың негізгі бӛлімдерінің бірі.
Семантика сӛз
мағынасын, сӛз құрамындағы элементтердің ӛзара мағыналық қарым-қатынасын, сӛз
мағынасы түрлерінің даму зандылықтарын зерттейді.
Семантика лексикология ғылымының бір тарауы ретінде әр түрде сипатталады. Біз
оның парадигматикалық сипаттағы, оған тіл жүйесінде топтасқан сӛздер тобы:
синонимдер, антонимдер, омонимдер сияқты лексика-семантикалық топтарын оқытуды
қарастырамыз.
Бастауыш сыныпта семантикалық ұғымдар тілдің «лексикология» саласы бойынша
беріліп, оқулықта «сӛз және оның мағынасы» тарауы бойынша оқытылады.
Сонымен, бастауыш сыныптарда оқушыларға қазақ тілінің семантикалық жүйесінен
алғашқы мағлұматтар беріліп, дағдылар қалыптастырылады (оқушылардың сӛздік қорын
байыту, сӛйлеу
дағдыларын дамыту, сӛздерді орнымен қолдана білуге үйрету,
терминдерді айтпай-ақ, оларды мәндес, қарама-қарсы мәндес т.б.) сӛздермен таныстыру
жұмыстары атқарылады.