олардың мағынасын меңгереді, түсінеді. Сондықтан, бастауыш мектеп оқушыларына сӛз
мағынасын түсіндіру, оны меңгертудің мағынасы зор.
Бастауыш мектепте сӛз мағынасын ұғындыру жұмыстары мынадай бағыттарда
жүргізілгені дұрыс:
1. Оқушыларға жаңа сӛздер үйрету.
2. Бастауыш
мектеп оқулықтары мәтіндерінде кездескен сӛздердің
мағыналарын ұғындыру.
3. Оқушылардың бұрыннан білетін сӛздерінің мағыналарын тереңдету.
4. Оқушылардың
сӛйлеген
сӛздерінде
сӛздерді
ӛз
мағыналарында
қолданылуына дағдыландыру.
5. Сӛз мағыналарын түрлі семантикалық «синоним, антоним,
омоним, сӛздің кӛп мағыналылығы арқылы» және грамматикалық (қосымшалар
арқылы
сӛз мағынасының ӛзгеруі) тәсілдер арқылы меңгерту.
Сӛз мағынасын түсіндіру жұмыстары күнделікті жүргізіліп тұрғаны абзал. Себебі
оқушыларға мәтінде кездескен жаңа сӛздердің мағыналарын түсіндірмесе, олар мәтіннің
мазмұнын ұғынбайды. Сондықтан оқушыларға әрбір сӛздің мағынасын ұғындыру – тек
мәтінді дұрыс қабылдау үшін ғана қажет емес, сондай-ақ, олардың ӛз
ойларын толық
жеткізуіне де, тілдік қарым-қатынасқа еркін түсінуіне де оң ықпалын тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: