Абдуллина г. К



Pdf көрінісі
бет10/80
Дата21.02.2024
өлшемі1.97 Mb.
#492611
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   80
Абдуллина-Г.К.-Тілдік-кемістіктер-себептері-мен-қалыпқа-келтіру

(гемангиома, менингиома): 


27 
- Нейроинфекциялар (жүйке жүйсінің инфекциялық аурулар тобы 
жатады), оның ішіндегі өте қауыптілері: вирус пен бактериялар 
қоздыратын мидың немесе оның қабықтарының қабынулары. 
- Менингит ауруы мидың жұмсақ қабығының қабынуы.Осы дерттің 
асқынуы гидроцефалияға, саңыраулыққа, психикалық дамуының 
тежелуіне және қозғалу әрекетінің бұзылуына әкеліп соғады. 
- Энцефалит ауруы бас ми ұлпаларының қабынуы,оның салдары 
психиканың тежелуіне, баланың мінез құлқының, көңіл күйінің 
өзгеруіне себеп болады. 
- Менингоэнцефалит (ми және оның қабықтарының қабынуы) салдары 
ми мен жұлынның зақымдануына әсер етеді: жүріс қимыл әрекеті, 
ақыл ой, сөйлеу қабілеттері төмендейді, ауруының салдары баланың 
қозғалысын шектейді.
- Полиомиелит бұлшық еттерінің семіп, сал ауруына ұшыратады:
Мидың әртүрлі зақымдануы, жарақаттануы, контузиялары мен 
шайқалуы да кемтарлыққа әкеледі; кейбір аурулардың созылмалы немесе 
жедел түрлерінің асқынып миға әсер етуі сияқты зиянды себептердің 
әсеріне де баланың физикалық, психикалық дамуы бұзылады. 
Кейбір балаларға бір емес бірнеше зиянды себептер қосарлана әсер 
етуінен баланың жағдайы нашарлай түседі. Мысалы: жүктілік кезінде дұрыс 
дамымаған бала шала туып, босану кезінде асфиксияға ұшырауы немесе 
толғақтың ауыр болуынан бас сүйегі зақымдануы мүмкін. 
Баланың кемтарлыққа ұшырауы дұрыс күтім болмағандықтан да, ұзақ 
уақыт созылмалы аурулармен ауырып олардың асқынуынан да, орталық 
жүйке жүйесінің күйзелуінен, ұйқысының бұзылып, іс әрекетінің дұрыс 
қалыптасуынан да болуы мүмкін. Әсіресе, бұл зиянды әсерлер шала туған 
немесе өте әлсіз, өзіндік қорғаныш күштері жетілмеген, дамуы 
қалыптаспаған балаларға өте қауіпті. 
2.2 Орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануымен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет