31
мағынасын дұрыс түсіне білуге жүйелі түрде машықтандырады. Сезімдік
афазия жағдайындағы балалардың сөйлеуі мен сөз мағынасын түсіну
қабілетінен біржола айырылып қалуы сияқты кемістікке де ұшырауы
мүмкін. Сондай-ақ афазияға байланысты кейбір сөздердің мәнін ұмытып
қалуы сияқты кемістікке де душар болады. Афазиясы бар бала
психикасының қалыпты дамуына кедергі жасағанмен оны ақыл-ойы кеміс
балалар қатарына жатқызуға болмайды. Баланың сөйлеуіндегі афазияны
қалпына түсіру үшін логопедиялық шаралар қолданып, емдеу жұмыстары
жүргізіледі. Афазия сөйлеу іс-әрекетінің бұзылысына әсер еткен фактордың
біріне байланысты жеті түрін бөліп көрсетеді:
1.
сенсорлық
афазия – фонемалық естудің – сөздердің дыбыстық
құрамын ажырата алмау – бұзылысы; ауызша сөйлеуді түсінудегі
қиындық;
2. акустикомнестикалық
афазия – есту – сөйлеудің естің бұзылысы;
3. негізінде көру есінің бұзылысы жататын оптико-мнестикалық
афазия;
4. белгілі бір логикалық
құрылымдарды, мысалы: әкенің ағасы, ағаның
әкесі, жаздың алдындағы көктем сияқты құрылымдарды түсінудің
бұзылысы болып табылатын, сонымен қатар, санау мен кеңістіктік
ойлаудың бұзылысымен бірге жүретін семантикалық афазия;
5. моторлық
афференттік афазия –
сөздерді айта алмау, бір
дыбыстарды екіншісімен алмастырудан көрінетін сөйлеу
бұзылысы;
6. моторлық эфференттік афазия – сөйлеу актілерінің кинетикалық
ұйымдасуының бұзылысы, сөйлеу таптаурындарының инерттілігі
салдарынан бір сөзден немесе буыннан екіншісіне ауысудың
қиындығы;
7. динамикалық
афазия – сөйлеуді жоспарлаудың бұзылысы түрінде
көрінетін сөйлеудің бірізділігінің бұзылуы; ауызша және жазбаша
белсенді сөйлеудің бұзылуы.
Афазия дегеніміз бас миының закымына байланысты сөйлеу тілінің
толык немесе жартылай жойылуы. Афазияның пайда болу себебі мидың қан
айналымының бұзылуынан, закымданудан, ісіктің,
бас миының жұқпалы
ауруларға шалдығуынан болады. Қан тамырларының бұзылу салдарынан
болатын афазия көбінесе ересек адамдарда пайда болып қалыптасады. Бас
ми қан тамырларының (аневризм) кеңейіп жарылуының, тамырлардағы
қанның ұйюынан (тромбоэмболий) бітеліп қалуының, жүректің бұлшық
еттерінін (ревматизм) шаншып құрысып кеселденуінің (порок) және бас
сүйегі мен мидың зақымдануының нәтижесінде афазия жасөспірімдер мен
жастарда да жиі байқалады.
Афазия бас миының қан айналымының шамамен үштен бірі бұзылған
жағдайда пайда болада және көбінесе қозғаушы (жоғары) фазасы жиі
байқалады. Балалардың афазисы тек бас сүйегі мен мидың зақымдануынын,
ісіктің пайда болуының немесе жұқпалы аурудан кейінгі
патологияның
салдарынан ғана болады.
32
Афазия дегеніміз мидың өте тез зақамдануынының зардабынан сөйлеу
тілі кұрамының барлық бөліктерінің жүйесі бұзылған жағдайы. Афазиядағы
сөйлеу тілі бұзылуының күрделілігі зақымның орнына мысалы, ми қыртысы
астындағы бөлігіне қан құйылған кезде болған
зақым ошағы орналаскан
жері, сөйлеу тілінің өз еркімен калыптасуына үміттенуге мүмкіндік
береді
(зақым
ошағының көлеміне, сөйлеу тілі кызметінің сақталған
элементтерінің қалдықтарының және функционалды ерекшеліктеріне
байланысты).
Афазияның кез келген түрінің негізінде сөйлеу тілін түсінуінің,
жазуының, оқуының, есептеуінің өзіне тән өзгеше жүйелілікпен
бұзылуына
әкеп соғатын динамикалық немесе конструкциялық машыққан немесе
әдеттенген қимылдарды өте дұрыс, бұлжытпай орындауының (праксис),
фонематикалық есту қабілетінің, артикуляциялық аппаратының мақсатты
бағытта қимылдау (апраксия) қабілетінің (нейрофизиологиялық және
нейропсихологиялық) қайсы бірінің бастапкы бұзылуы жатады. Афазия
жағдайында «ауызекі байланыстырып сөйлеу тілі, сөздерді орынды
қолдануы,
фонематикалык есіту кабілеті, сөзді түсінуі, жазуы, оқуы»
есептеуі сияқты сөйлеу тілі әрекетіндегі көріністердің әр түрлі деңгейдегі
орындалуы ерекше жүйелілікпен бұзылады. Афазия кезіндегі сөйлеу тілін,
бұзылуын анықтауға нейрофизиология, нейропсихология мен лиигвистика
ғылымдарының ғылыми зерттеулері мен жетістіктер зор үлес қосты.
1861 жылы француздың П.Брока деген дәрігері афазиямен ауырған
адамның бас миының үшінші маңдай катпарының арткы бөлімін қамтитын
сол жақ орта тұсындағы ми күре тамырын жұмсартып көңейгенін көрсетті.
Брока «маңдай миының бөлімінде ауыз екі сөйлеу тілінің жинақталған
орталығы барын дәлелдедім» деп есептейді. 1874 жылы Вернике 10 ауру
адамның бас ми қабығының сол жағындағы самай бөлімінің зақымдануынан
сөйлеу тілін түсінуінің бұзылуын және сөйлеу тілі мәнерлілігінің, оқуы мен
жазуының өзгеше болып бұзылуын түсіндіріп жазды. Бұл оған сенсорлы
(сөзге түсінбейтін) афазияның дамуын жоғарғы самай қатпарының арткы
жағының үштен бір бөлігінің жинақталған патологиялық ошағымен
байланыстыруға негіз болды.
Неврология, лингвистика,
психология, физиология ғылымдарының
дамуына байланысты афазияны топтастырудың әртүрі кездеседі. Соңғы
уақытта Р.Лурияның афазияны ми кыртысының күрделі әрекетін
ұйымдастыруымен
байланысты
пікірлері
И.П.
Павловтың,
Н.А.
Бернштейннің және П.К. Анохинның әрекетті жүйелілікпен ұйымдастыру
және «кері афференттік байланыс» туралы ашқан жаңалықтарының, Л.С.
Выготскийдің,
А.Н.
Леонтьевтің
және
басқа
психологтардың
психологиялық көзкарастарының жалғасы болып саналады. 1947 жылы А.Р.
Лурия ми қыртысының күрделі әрекетінің жүйелі құрылысы және оның
динамикалық, кезектікпен орналасуы туралы қағидасын тұжырымдады. Ол
адамның психикалык әрекеттерін және таным процестерін зерттеудің
тәсілдерін өңдеп жетілдірді. А.Р. Лурияның ашқан нейропсихологиялык
33
тәсілі әртүрлі симптомдарды және синдромдарды, мидың кез-келген
аймақтары зақымданған кезде пайда болған симптомдардың үйлесу
заңдылықтарын тексеруге мүмкіндік береді.
Тәсілді қолданудың
иәтижесінде афазияның қандай түрлерінің бар екенін біліп қана қоймай,
сонымен бірге бас миының зақымдануы кезіндегі дертті де аныктауға
мүмкіндік береді.
А.Р. Лурия афазияның кез-келген түрінде сөйлеу тілі әрекеттерінің
бұзылатындығын дәлелдеп, афазияны алты түрге бөлген:
Достарыңызбен бөлісу: