Абдуллина г. К


байланысты тілдік бұзылулар



Pdf көрінісі
бет11/80
Дата21.02.2024
өлшемі1.97 Mb.
#492611
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   80
Абдуллина-Г.К.-Тілдік-кемістіктер-себептері-мен-қалыпқа-келтіру

байланысты тілдік бұзылулар 
 
Жүйке жүйесі бөліктерінің зақымдануы әртүрлі бұзылуларға әкеледі. 
Тілдік бұзылулар мен сөйлеу патологиясының сипаты жарақаттың әсеріне, 
уақытына, мөлшеріне байланысты.
Тілдік бұзылулар әсер етуші себептердің шығуына байланысты 
былайшы жіктеледі
І. Орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануымен байланысты 
тілдік бұзылулар. 
Тілдік жүйелердің зақымдану деңгейіне байланысты: 
а) афазия – ми қабығындағы сөз аймақтарының зақымдануынан сөздің 
барлық құрылымы ыдырайды; 
б) алалия – сөзге дейінгі кезеңде ми қабығындағы сөз аймақтарының 
зақымдануынан сөздің жүйелі дамымауы; 


28 
в) дизартрия – сөз бұлшықеттері иннервациясының бұзылуынан сөздің 
дыбысталуы бұзылады. (Иннервация – белгілі бір органдардың немесе 
ұлпалардың жүйке жүйесімен қамтылуы). 
II. Орталық жүйке жүйесінің функционалдық өзгерістерімен 
байланысты тілдік бұзылулар: 
а) тұтығу; 
б) мутизм және сурдомутизм. 
III. Артикуляцияның органикалық-құрылымдық кемістіктерімен 
байлансыты тілдік бұзылулар: 
а) механикалық дислалия
б) ринолалия. 
IY. Әр түрлі себептерге байланысты болатын тілдік дамудағы артта 
қалушылық: 
а) шала туғанда; 
б) ішкі органдардың асқынуына байланысты ауру жағдайларында; 
в) педагогикалық немқұрайлылық. 
Тілдік дамудың әртүрлі дәрежесіндегі және басқа да кемістіктердің
негізіне орталық және перифериялық жүйке жүйесімен бірге белгілі бір 
жүйке талдағыштар әрекеттерінің зақымдануы жатады. Соның салдарынан 
кейбір ағзалар мен тұтас организмнің атипиялық (қалыптан өзгеше) 
құрылысы және әрекетінің ауытқуы байқалады. 
Ағзаның кез-келген жері сияқты орталық және перифериялық жүйке 
жүйелерінде де әртүрлі деңгейдегі патологиялық үрдістер болуы мүмкін. 
І. Патологиялық үрдістердің бактериялар мен вирустардан туындайтын 
ауруларын ажыратуға болады. Жүйке жүйесін зақымдайтын инфекцияларды 
нейроинфекциялар деп атайды. Нейроинфекциялар алғашқы (первичные) 
және екінші немесе қайталанған (вторичные) болып бөлінеді. Алғашқы 
нейроинфекциялар жүйке ұлпаларын ең алғаш зақымдауы (мысалы, 
менингит – бас ми қабықтарына суық тию), ал екінші-қайталанған 
нейроинфекциялар ағзаның (корь, ветряная оспа, грипп, өкпеге суық тиюі 
сияқты 
аурулардан 
жүке 
жүйесінің) 
зақымданған 
ошақтарында 
инфекциялардың қайтадан зақымдауы.
ІІ. Жүйке жүйесінің тұқымқуалаушылық-дегенеративті зақымдануынан 
бас мидың барлық бөліктеріндегі қалыпты функционалды қызметі мен 
мидың жекелеген бөліктеріндегі зат алмасу үрдісінің бұзылуы туындайды. 
Дегенеративті үрдістерден жүйке жасушалары мен өсінділерінің ыдырауы, 
зақымданған жүйке жүйесі элементтері бөліктерінде жаңа байланыстырушы 
тіндердің (склероз) өсуі, жасушалар мен жасушалар арасында бөгде зат 
алмасудың түзілуі мүмкін. Дегенерациялық үрдістердің біртіндеп баяу 
жүруіне байланысты кейбір аурулар ұзақ жылдарға созылады. 
ІІІ. 
Жүйке жүйесінің құрсақішілік дамуындағы патологиялық 
себептерден (дизэмбриогенез) жүйке жүйесінің әртүрлі зақымданулары 
болады. Жүктіліктің алғашқы кезеңіндегі жағымсыз факторлардың 
деңгейіне қарай ми және ми бөліктерінің әртүрлі деңгейіндегі 


29 
зақымданулары болады. Дизэмбриогенездің коррекциялауға келетін - 
қарапайым (аномалиялық) түрінен өте ауыр әрі дөрекі зақымдануларға 
әкелетін түрлері болады. 
ІV. Жүйке жүйесінің жарақаттануы. Мидың шайқалуы мен қысылуы, 
жеке жүйке бағандарының ыдырауы жиі кездесетін жағдайлар. 
Құрасақішіндегі механикалық зақымданулардан бас мидағы қан 
айналымының бұзылуы мен жатырдағы нәрестеге оттегі жетіспеушілігі 
туындайды. Сондайақ, құрсақішілік зақымданулар дизэмбриогенезбен 
қабаттасуы мүмкін. 
V. Жүйке жүйесінің зақымдануына әсер ететін факторлардың ішінде 
интоксикациялардың орны ерекше. Интоксикациялардан бүкіл ағза 
уланады, ал кейбір элементтер жүйке тіндеріне әсер етеді. Ондай заттарға 
алкогольден, тұздардан, қорғасын мен сынаптан улануы; ал дәрілердің 
ішінде стрептомицин антибиотигінің мөлшерден артық дозалары жүйке 
жүйесінің (есту жүйкелерін) улануы болады.
Ми қыртысы ассоциативтік алаңдарының зақымдануы симптомдары 
1. Импрессивтік сөйлеудің бұзылуы кезінде сырқат өзіне қойылған 
сұрақтарға естісе де дұрыс жауап бере алмайды (сенсорлық афазия), 
мұнымен қоса сырқат сөйлеген сөзінің дұрыс-бұрыстығын ажырата 
алмайды (литеральды парафазия). Сенсорлық афазия жоғарғы самай 
ирімдерінің артқы бөлігі сол жағынан – Вернике аймағы (22 алаң) 
зақымданғанда кездседі. Семантикалық афазия. Сыртқы қарапайым 
сөздерді түсінсе де күрделі тіркестерді, сөйлемдерді ажырата алмайды. Ол 
мидың қарақұс, самай және желке бөлімдерінің сол жағынан (39, 40 
алаңдар) зақымдануы кезінде болады. 
2. Экспрессивтік сөйлеудің бұзылуына байланысты сырқат естіген 
сөздерін ұқса да жауабын сөзбен жеткізе алмайды (моторлық афазия). Бұл 
симптом төменгі маңдай ирелеңінің артқы бөлігі сол жағынан (44 алаң) 
зақымданғанда болады. 
3. Мнестикалық афазия. Сырқат өзіне қоршаған заттарды ажырата 
тұра, олардың аттарын сөзбен атай алмайды. Егер оған қаламды көрсетсе, 
ол оның атын айта алмайды да «жазатын» деп жауа береді. 
4. Алексия. Сырқат сауаты бола тұра берілген мәтінді оқи алмайды. 
Алексия төменгі қарақұс бөлігіндегі бұлшықтық иірімінің сол жағынан (39 
алаң) зақымданғанда кездеседі. 
5. Аграфия. Сырқат қолдарының қимыл қабілеті сақталса да жаза 
алмайды. Аграфия екінші маңдай иірімінің артқы бөліктерінің сол жағы 
зақымданғанда болады. 
6. Танымның бұзылуы. Астереогнозия. Сырқат сипау немесе ұстау 
арқылы таныс заттарды ажырата алмайды. Оң жақ қолының сезімдік 
жағдайларының бұзылуы мидың төменгі қарақұс бөлігінің сол жағы 
зақымдануынан, ал сол қолының сезімдік жағдайларының бұзылуы мидың 
төменгі қарақұс бөлігінің оң жағы зақымдануынан пайда болады. 


30 
Орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануымен байланысты 
күрделі тілдік кемістіктер туындайды. Күрделі тілдік кемістіктерге афазия, 
алалия, дизартрия жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет