Абдуллина г. К


Афазияны түзету және қалыпқа келтіру бағыттары



Pdf көрінісі
бет43/80
Дата21.02.2024
өлшемі1.97 Mb.
#492611
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   80
Абдуллина-Г.К.-Тілдік-кемістіктер-себептері-мен-қалыпқа-келтіру

3.4 Афазияны түзету және қалыпқа келтіру бағыттары 
Афазияны коррекциялау жөніндегі логопедия жұмысына жалпы 
лингвистикалық негіздегі оқыту пайдаланылады (көрнектілігі, түсініктілігі 
және басқалар), алайда осыған байланысты, сөйлеу тілі қызметін қалпына 
келтіру жұмысын қалыптастырудан артықшылығы бар, жаңа сөйлей 
бастаған балаға қарағанда сөйлейтін және жазатын ересек адамның 
миындағы қыртыстың күрделі қызметі біршама басқаша құрылған.
Педагогикалық түзету жұмысын жоспарлағанда төмендегідей қағидаларды 
басшылыққа алған жөн: 
1. Сөйлеу тілі қызметін қалпына келтірудегі педагогикалық түзету 
жұмысының тәсілдерін таңдау кезеңге немесе сатыға байланысты. Қалпына 
келтіру барысында аурудың біршама енжарлықпен қатысуы арқылы 
жүргізіледі. Сөйлеу тілі қызметінің тежелуін түзететін және алғашқы 
кезеңде қалпына келтірілген моторлы афазияны, литеральды парафазия 
сияқты сөйлеу тілінің бұзылуын алдын ала сақтандыру тәсілдерін 
пайдаланады. Сөйлеу тілі міндетін қалпына келтірудің ең соңғы кезеңінде 


96 
ауруға тіл жұмысының жолын және жоспарын түсіндіреді, тілін түзету 
жұмысын пайдалануға болатын көрнекі құрал беріледі. 
2. Педагогикалық түзету оқуының жүйесі не алғашқы бұзылған 
акцияларын қалпына келтіруге, не болмаса сөйлеу тілі кызметінің сақталған 
бөлімдерін қайта құруға мүмкіндік беретін жұмыс тәсілін таңдауды 
ұйғарады. Мысалы, сенсорлы афазиядағы фонематикалық есту қабілетін 
қалпына келтіру барысы сақталған оптикалық және кинестетикалык 
қабілеттерін пайдалану жолымен іске асырылады, ең бастысы, 
дыбыстардың жақындығы бойынша сөздерді мағынасына қарай ажырату 
(дифференциялау). 
3. Алғашкы 
нейропсихологиялық 
алғы 
шартының 
қандайы 
бұзылғанына қарамастан, афазияның кез-келген түріндегі сөйлеу тілінің: 
сөйлеу мәнері, түсінуі, оқуы және жазуы сияқты барлық жақтарымен жұмыс 
жүргізеді. 
4. Афазияның барлық түрлерінде сөйлеу тіліне өздігінен бакылауы 
дамытылады, сөйлеу тілінің қатынас қызметі қалыптасады. Тек аурудың өз 
қатесін түсінген жағдайда ғана сөйлеу тілін бақылау және әңгімесін 
жоспарлау үшін, литеральды және сөздік парафазияны түзету жағдай 
туғызуға болады. 
5. Афазияның барлық түрлеріндегі сөз түсінігін калыптастыру үшін 
әртүрлі сөз тіркестеріне қосып жаттықтыру жұмысы жүргізіледі. 
6. Түзету жұмысының барысында әртүрлі сыртқы тіректі жан-жақты 
пайдаланады. Бұндай тірекке динамикалық афазияда өздігінен толық 
сөйлеуін қалыптастыруына мүмкіндік беретін сөйлемдердің жалпы сызбасы 
және тәсілдері, афазияның басқа түрлерінде дыбыстардың артикуляциясын 
көрсететін сызбасын таңдаужатады. 
Сөйлеу тілі қызметінің бұзылуын қалпына келтіру, жетілдіру барысы
зақымданудың орнына және көлеміне, афазияның түріне, қалпына 
келтірудің түзету мерзіміне және аурудыңдеңгейіне байланысты.Бас миы 
қан тамырларындағы қанның ұюы, мидың зақамдануына қан құйылу 
салдарынан пайда болған афазияларда аурудың сөйлеу тілі жақсы 
қалыптасады. 
Педагогикалык түзету жұмысы инсульттік (қан айналымының 
бұзылуынан талма ауруына шалдығуы) немесе зақымданудың бірінші 
аптасының бірінші күнінен бастап дәрігердің рұқсатымен жәке оның 
бақылауымен жүргізіледі. Оқыту жұмысының ерте басталуы патологиялық 
симптомптардың белгілерін болдырмайды жәке мақсатқа лайықты жолмен 
қалыптастыруға бағыттайды. Психикалық қызметтің бұзылуын қалпына 
келтіруге ұзаққа созылған логопедиялық жұмыстың арқасында жетеді. 
Афазияға шалдыққан кездегі мидың күрделі қыртысының қызметін 
зерттеудің жалпы мазмұны 
1. Сөйлеу тілі қатынасының жалпы қабілетін зерттеу сөйлеу тілінің 
толықтығын, күнделікті тұрмыста қолданатын сөйлеу тілін түсінуін, сөйлеу 
тілінің белсенділігінің дәрежесін анықтау, аурумен әңгімелесу. 


97 
2. Сөйлеу тілін түсінуін зерттеу. Бір және көп білімді арнайы нұсқаулар 
беріледі: заттарды іздеп табу, кысқа әңгімені есту бойынша айтып беру; 
логико-грамматикалық құрылысты шешу. Фонематикалық есту қабілеті: 
естігенді жадында сақтауы; мақалдардың мағынасын түсінуі тексеріледі. 
3. Сөйлеу мәнерін зерттеуге: машықтандырылған сөйлеу тілі дыбыстарды, 
буындарды, күрделілігі әр түрлі дәрежедегі сөздерді бейнелі суреттегі 
заттардың атауы, іс-әрекеттердің қимылын атауы, бейнелі суреттегі окиға 
желісіне қысқа сөйлемдер, әнгіме құрастыруы, оқыған әңгімесін айтып 
беру. 
4. Оқуын, жазуын және есебін зерттеу. 
5. Ауыз қуысының, кеңістіктің және динамикасының ерекшеліктерін, 
козғалуын (праксис) зерттеу. 
6. Акустикалық және оптикалық аңғаруын (гнозис) зерттеу.
Ми кыртысының қызметін тексерудің қортындысын жинақтап афазияға 
шалдыққан аурудың сөйлеу тіліне жалпы сипаттама жасалады. Онда 
фонематикалык есту кабілеті, ингрессивтік аграмматизмі, тапсырманы 
орындағанда патологиялық қайталауы, жеке сөздерді және күрделі 
нұсқауларды түсінуі, фразеологиялық оралымдары, сөйлеу тілін естуінде 
жадында сақтауының ерекшелігі, сөйлеу тілін түсінуінің бұзылу дәрежесі 
сипатталады.
Сөйлеу мәнерінің, патологиялық қайталауының (персеверация), сөздік 
(вербальды) және дыбыстық (литеральды)парафазияның; жеке сөйлемді
сөздерді, дыбыстарды кайталау мүмкіншілігінің; карапайым және көп 
сериялы бейнелі суреттер бойынша қысқа сөйлем құрастыру және заттарды 
атау мүмкіншілігінің бұзылу дәрежелері белгіленіп көрсетіледі. Ішінен оқу, 
жазу, нұсқауларын орындау, өрескел бұзылған оқуында жеке сөздерді тану; 
қысқа сөйлемді, сөздерді дыбыстарды жазу; өздігінен жазу мүмкіншілігі, 
дыбыстық және сөздік парафазиясы; сөйлемдегі әріптердің, буындардың 
және сөздердің түсіп калуы және орын алмастырылуы; пато-логиялық 
қайталауы міндетті түрде көрсетіледі. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет