Абдуллина г. К


Тұтығудың профилактикасы мен қалыпқа келтіру



Pdf көрінісі
бет44/80
Дата21.02.2024
өлшемі1.97 Mb.
#492611
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   80
Абдуллина-Г.К.-Тілдік-кемістіктер-себептері-мен-қалыпқа-келтіру

3.5 Тұтығудың профилактикасы мен қалыпқа келтіру 
 
Тұтығудан сақтандыру үшін отбасындағы, балабақшадағы ортасы мен 
үлкендер тарапынан үлкен профилактикалық жұмыстар жүргізілуі қажет. 
Баланың ерте жасынан-ақ үлкендер сөйлеуіне еліктеушілік байқала 
бастайды. Сондықтан баланың айналасындағылар асықпай, анық және 
дұрыс сөйлегендері жөн. Баладан да солай сөйлеуді талап ету керек. 
Жылдам сөйлеуге жол бермеу қажет, өйткені бала жас кезінде ойын, 
көргенін тез жеткізуге тырысады. Оның ақыры тұтығуға әкеп соғуы мүмкін. 
Сөйлеудің дұрыс қалыпты дамуы үшін жүйке жүйесі жағдайының маңызы 
зор. Сондықтан бала алғашқы күннен бастап, ерекше көңіл аударуды қажет 
етеді. Баланы психикалық, физикалық жарақаттанудан, соғылудан сақтау 
керек. 


98 
Жанұядағы жағымсыз жағдайлар да баланың сөйлеуіне әсерін тигізбей 
қоймайды. Баланы мөлшерден тыс көп сөйлетуге де болмайды. Өйткені 
мектепке дейінгі жастағы баланың сөйлеу мүмкіндігі шектеулі. Оның сөздік 
қоры аз, сөйлеу дәрежесі жеткілікті дамымаған, тілдің грамматикалық 
формаларын жеткілікті меңгермеген. Ал ересектер балалардан күрделі сөз 
тіркесін түсініксіз, таныс емес сөздерді талап етеді, мазмұны мен формасы 
жағынан қиын, көп тақпақтарды жаттауды тапсырады.
Баланың төрт жасынан кейін артикуляциялық аппараты бекіп, 
сөйлеудегі дыбыстарды толық айта алады. Жанұяда балаға кітап оқып беру, 
оқығанын айтып беру, дұрыс сөйлемеген жерінде түзету өте маңызды. 
Мектепке дейінгі баланы кинотеатрға апаруға болмайды, мысалы, 1,5 сеанс 
бала үшін өте ұзақ. Балаларда тұтығу кейде қорыққаннан пайда болады. 
Баланың қорқытынын біле тұрып бөлмеде, қараңғыда, т.б. жерлерде жалғыз 
қалдыруға болмайды. Егер бала иттен, мысықтан қорқатын болса, оларға 
жақындадатып, қолынан тамақ бергізіп үйрету керек. 
Қазіргі кездегі логопедияда тұтығу сөйлеу аппараты бұлшықеттерінің 
тырысып дірілдеу салдарынан болған, сөйлеу шапшандығының бұзылуымен 
анықталады. Атақты психиатр И.А.Сикорский алғаш рет тұтығудың 2 мен 5 
жастағы балалардың арасында жиі кездесетіндігін анықтап, осыған 
байланысты оны «бала ауруы» деп атады. 
Тұтығудың пайда болу себептері этиологиялық белгілері
бойынша екіге бөлінеді
Функционалды тұтығу жиі кездеседі: 2-ден 5 жасқа дейін балаларда сөз 
тіркесінің байланыстырылып сөйлеуі қалыптасуы кезінде пайда болады. 
Көбінесе ашуланшақ, күйгелек балаларда кездеседі. Тұтығудың бұл түрі 
орталық және перифириялық (шеткі) жүйке жүйесіндегі сөйлеу 
механизмінің органикалық зақымдануы болмаса да пайда болады. 
Органикалық тұтығу орталық жүйке жүйесінің органикалық 
зақымдануынан (жарақаттану, нейроинфекция, т.б.) болады. Бұл барлық 
жастағы адамдарда кездесуі мүмкін.
Функционалды тұтығудың себептері түрліше болады. Көп тараған 
себептеріне: әлі келмейтін сөйлеу жүктемесі, қиын сөздер мен түсініксіз 
сөздерді қайталау, көлемі үлкен, мазмұны ауыр өлеңдер, баланың жасы мен 
дамуына сәйкес келмейтін әңгімелер мен ережелерді есте сақтау жатады. 
Мұндай жағдайда баланың жүйке жүйесінде шамадан тыс салмақ түсіру 
және сөздерді қиындықпен айтылуы, қосылып сөйлеуінің тосынан 
тоқталуына немесе дыбыстар мен буындарды қайталауына әкеп соғады. 
Одан балаларда әрқашан солай болуы керек деген (патологиялық 
тітіркендіргіштік пайда болады) «фиксация, өзін-өзі сендіру» сенімділік 
пайда болады. Сөйлеу тез және тосынан болғандықтан да тұтығу болуы 
мүмкін: бала өз ойын тез жеткізуге асығады, сөйтіп кейбір дыбыстарда 
кідіріп қалады да, тұтығу басталады. Жалпы сөйлеу тілі толық жетілмеген 
балаларда ойын айту үшін грамматикалық сөз тіркестері мен элементарлы 
сөздік қорының жетіспеушілігінен тұтығу жиі болады. 


99 
Тұтығатын балаларды тексеру 
Тұтығуды 
жан-жақты 
(медициналық, 
логопедиялық 
және 
психологиялық) комплексті тексеру қажет. Медициналық тексеруді дәрігер 
психоневролог нмесе невропатолог жүргізеді, баланың туған кезінен бастап 
дамуындағы ерекшеліктерін де анықтайды. Логопедиялықтексеру: 
- тұтығудың себептері мен түрін анықтау; 
- Баланың сөйлеу жылдамдығын анықтау, 
- ата-анасымен әңгіме барысында баланың сол қолмен істеуіна тиым 
салғаны, оң қолымен істеуге үйретуі тураллы мағлұмат алуға болады; 
- көңіл бөлудің бұзылуын тексеру; 
- баланың сөйлеу тілі мен жалпы дамуының тарихын білу; 
- баланың айналасындағы сөйлеу ортасын білу
- жанұядағы қарым-қатынас сипаты, жанұя жағдайымен танысу; 
- тұтығудың басталған мерзімін, дамуын, барысын анықтау; 
- тұтығуына баланың өз реакциясының қалай екендігін білу, 
- дыбыс шығаруындағы кемшіліктердің пайда болуы; 
- тұтығатын баланың сөйлеу тілі дамуының жалпы деңгейін белгілеу. 
Қазіргі кездегі тұтығудан айықтырудың комплексті әдістерін қолдану 
жағдайында ғана үлкен жетістіктерге жетуге болатындығын теория мен 
практикада дәлелденіп отыр. 
Қорыта айтқанда, сөйлеу тілінде кемістігі бар балалармен дер кезінде 
психологиялық-педагогикалық әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білсек, 
балалардың өзіндік ерекшеліктерін ары қарай жетілдіріп, әлеуметтік ортаға 
бйімделе алуына мүмкіндіктерді қалыптастыруға болады. Сондайақ екінші 
кемістіктердің алдын-алған болар едік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет