Абдуллина г. К


«Корректура жасап көру» әдістемесі



Pdf көрінісі
бет54/80
Дата21.02.2024
өлшемі1.97 Mb.
#492611
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   80
Абдуллина-Г.К.-Тілдік-кемістіктер-себептері-мен-қалыпқа-келтіру

«Корректура жасап көру» әдістемесі 
Мақсаты: бала өз әрекетін ұйымдастырғанда мақсат қоя білуін 
анықтау. 
Балаға таныс геометриялық фигуралар салынған парақ беріледі. Ол 
әр түрлі фигуралардың ішіне шартты белгілер салуы керек. 
Мысалы: 
 
Осы үлгі бір рет көрсетілгеннен кейін балаға бос фигуралардың ішіне 
белгілер салынатыны түсіндіріледі. Ол белгілір ирек, қосу немесе тендік 
белгісі т.б. болуы мүмкін. Үлгі қайта көрсетілмейді. Тапсырманы орындап 
болғаннан соң бала өзінің орындаған тапсырмасына мұқият қарап, қатесі 
болса, оны қызыл қаламмен түзетеді. Қатесі жоқ болса немесе жіберілген 
қатені баланың өзі жөндесе оның өз алдында тұрған мақсатты дұрыс 
түсінгенінің белгісі. 
Психолог осы үлгі бойынша бірнеше тапсырмалар жасап аласа
оларды кезегімен қолдануға болады. 
Орындау уақыты 5 минут. 
Л.С.Выготскийдің «Жалпылап айт» әдістемесі 
Мақсаты: баланың ұғымдық қорының қалыптасу деңгейін анықтау. 
Баларға топтама сөздер оқылып, оларды бір сөзбен қалай атауға 
болатынын сұрайды. 
Мысалы: көйлек, тон, шалбар, етік, бөрік, күрте. Осы аталғандарды 
бір сөзбен қалай айтуға болады? 
Бала олар киім деген сөзбен белгіленетінін айтуға тиіс. 
Тапсырмалар: 
1. Тәрелке, тостаған, қазан, шәйнек. 
2. Қыл қалам, фломастер, қалам, рушке. 
3. Алма, алмұрт, шие, шабдалы. 
4. Етік, галош, туфли, мәсі. 
5. Қауын, дарбыз, қияр, помидор. 
Х 





112 
6. Қайың, қарағай, тал, емен. 
7. Үстел, керует, шкаф, кітап сөрелері. 
8. Өрік, жүзім, алхор, анар. 
9. Орамал, борік, тақия, малахай. 
10. Әмір, Уалихан, Жәнібек, Ұлан 
Е.Е.Кравцовтың «Кім үлкен» әдістемесі 
Мақсаты: балалардың ойлау операцияларының даму деңгейін анықтау. 
Психолог балаларға ауызша тапсырмаларды оқып береді. Мысалы: 
қоян қасқырдан үлкен, қасқыр аюдан үлкен. Ең үлкені қандай аң болды? 
Қоян ба, аю ма? Салыстырмалы тапсырмаларда қисынсыздықтар жиі 
кездесетін сөйлемдер болуға тиіс. Оларды психолог алдын ала тауып 
немесе өзі жасап, жазып алады. 
Тапсырмалар оқылғанда кездескен қисынсыздықтарды бала тауып, 
дұрыс салыстырма қандай болуы керек екенін айтып беруі керек. 
Қисынсыздықтарды түгел табылса, баланың ойлау операциялары дұрыс 
қалыптасып келе жатыр, деп айтуға болады. Егер бала тапсырманы 
орындауға қиналса, онымен түзету-дамыту жұмысын жүргізу керек. 
Дамыту жаттығулары ретінде алдын-ала даярланған сөйлемдерді алып, 
оларды баламен бірге талдау керек. Салыстырмалы талдаудың ойлау 
процесін дамытуға тигізетін әсері өте үлкен. Сондықтан мұндай 
жаттығуды бірнеше рет қайталап орындату артық болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет