Абдуллина г. К



Pdf көрінісі
бет63/80
Дата21.02.2024
өлшемі1.97 Mb.
#492611
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   80
Абдуллина-Г.К.-Тілдік-кемістіктер-себептері-мен-қалыпқа-келтіру

Нәтижелерді талдау 
4 ұпай - бала тапсырманы өз бетімен орындайды. 
3 ұпай - балада 1-2 қате кетіп, оны өзі түзейді. 
2 ұпай - тәрбиеші қателерді түзейді, бала үнемі қателесіп, өз қателерін 
байқамайды. 
0 ұпай - тапсырманы орындай алмайды. 
6 – шы тапсырма
 
Қажетті құралдар: қоян ойыншығы немесе басқа да жұмсақ ойыншық.
Тапсырманың сипаттамасы: Тәрбиеші балаға ойнауды ұсынады. Бала 
қоянға тапсырмалар береді, ал қоян оны орындайды. Мысалы: қоян секір, 
қоян тұр т.с.с 
Нәтижелерді бағалау 
Балаға әрбір дұрыс қойылған етістік үшін 1 ұпай беріледі. Жоғарғы 4 ұпай. 
7 –ші тапсырма
 
Қажетті құралдар: ойыншықтар – қоян немесе басқа жұмсақ ойыншық,
үстел үсті ойыншықар. 
Тапсырманың сипаттамасы: тәрбиеші балаға қоянмен жасырынбақ 
ойнауды ұсынады: «Қоян тығылады, ал сен ол қайда тығылғанын 
айтасың». Тәрбиеші қоянды столдың үстіне, астына, артына, столдың 
жанына, т.с.с тығады. Бала көмекші есімді қолдануы қажет. 
Нәтижелерді бағалау: Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай. 


121 
8 – ші тапсырма
5 – ші сурет  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Тапсырманың сипаттамасы: Тәрбиеші жануарлар мен олардың 
балаларын мұқият қарауды ұсынады. 
Сұрақ:- Қай бала кімдікі екенін анықта. Мысалы: қасқырдың балалары – 
бөлтірік. 
Нәтижелерді талдау 
- 4 ұпай - балалардың атауларын дұрыс айтады, грамматикалық қате 
жібермейді. 
- 3 ұпай - балада 1-2 қате кетіп, оны өзі түзетеді. 
- 2 ұпай - 3-тен көп қате, бала қателерін байқамайды. 
- 1 ұпай - тапсырма ауыр болып, оқытушының көмегі қажет болады. 
- 0 ұпай - тапсырма орындалған жоқ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет