Абдуллина г. К



Pdf көрінісі
бет71/80
Дата21.02.2024
өлшемі1.97 Mb.
#492611
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   80
Абдуллина-Г.К.-Тілдік-кемістіктер-себептері-мен-қалыпқа-келтіру

Сұрақтар: 
Сурет № 1. Қыз бала үйінде жалғыз. Есікті тарсылдатты. Қыз есікті ашса, 
бейтаныс ер адам тұр.
- Қалай ойлайсың: қыз бала есікті ашып, дұрыс істеді ме?
- Мұндай жағдайда не істеу қажет? Айтып берші? 
Сурет № 2. Қыз бала аулада қыдырып жүрді, содан кейін үйге 
қайтайын деп ойлады. Ол өз подъезіне кіргенде, онымен бірге бейтаныс ер 
адам да кірді. 
- Қалай ойлайсың қыз есікті ашып дұрыс істеді ме?
- Подъезге кірмес бұрын қызға не істеу керек еді? 
Сурет № 3. Қыз бала аулада қыдырып жүрді. Кенеттен оған үлкен 
бейтаныс ұл бала келді және онымен қыдыруын ұсынды.
- Қыз бала не істеді? 
- Қыз балаға қалай істеу керек еді? Бейтаныстың ұсынысына келісу 
немесе келіспеу керек пе? 
Өз көзқарасыңды түсіндір 
Сурет № 4 Балалар саябаққа қыдырды. Бір қыз бала өз тобынан ұзап 
жүріп, таныс емес жерде өзі жалғыз қалды 
- Оған не болуы мүмкін? 
- Қыз бала серуендеудің қандай ережесін бұзды? 
- Мұндай жағдайда не істеу керек? 
- Егер адамға қауіп төнгенде не істеу керек? Мұндай жағдайда кімге бару 
керек? 
Нәтижені бағалау. 
4 – ұпай: бала барлық суреттердегі жағдайлардың мағынасын жақсы 
түсінеді. Түсіндірмелі сөйлеу қиындық туғызбайды. 
3 – ұпай: суреттегі жағдайдың мағынасын жақсы түсінеді, балалардың 
әрекетіне баға береді, себебін табуда қиналмайды. 
2 – ұпай: суреттегі жағдайлардың мағынасын дұрыс және өзі түсінеді, 
негізгі зейінін қосалқы құралдарға бөледі. 
1 – ұпай: бала суреттегі жағадайлардың мағынасын көрсете алмайды, 
балалардың әрекеттеріне баға бере алмайды. 
Тілдік сөйлеу дамуының деңгейі 
 
Жоғарғы (72 - 62 ұпай) – сөздерге дыбыстық талдау жасай алады
сөздердің негізгі сапалық сипаттамасын анықтай алады. Шағын бейнелі 


130 
әңгімелерді құрай біледі. Сондай-ақ ертегілерді мазмұндай біледі. өз ойын 
жеткізе алады. Сөздерді дұрыс түсініп және түсіндіре алады. Берілген 
сөздерге өзі антоним және синоним таба алады. Сөйлемдердегі сөздерді 
грамматикалық категория бойынша біріктіреді. Ұсақ моторикасы жақсы 
дамыған, қолды үзбей ұстап отырып, контурды түзу жүргізеді, жолмен оны 
штрихтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет