16 – шы тапсырма
Тапсырманың сипаттамасы: «Көліктегі тәртіп ережесі» деген
тақырыпта балаға бірнеше бейнелі суреттер беріледі. Оқытушы балаларға
суретте көрсетілген жағдайларды қарауға ұсынады және әрбір сурет
бойынша сұрақ қояды, содан кейін тақырып бойынша қорытынды сұрақ
қояды. Балалардың жауаптары толық, әрі жеткілікті болу керек. Негізгі
міндеттер: өмірлік дағдыны және сөйлеу мәнерін қалыптастыру.
Сұрақтар:
Суреттерді қарап шық және шағын әңгіме құрастыр.
Бірінші суретте қыз бала дұрыс істеді ме?
Ол не істеуі керек еді (кішкене балаға орын беруі керек еді).
Қалай ойлайсың жолаушы қызға қандай кеңес берді?
Екінші суреттегі кейіпкер қандай әрекет жасамақшы болды?
Қалай ойлайсың мұндай әрекеттер неге әкеліп соғады?
Үшінші жағдайға қара?
Мұнда не болып тұр? (Ұл балалар отыр, апа тұрып тұр)
Бұл суреттегі кейіпкерлердің орнында болсаң не істер едің?
Автобустағы жолаушы қандай жаман әрекет жасады?
Ол неліктен дұрыс емес қылық жасады?
Өзің білетін көліктегі тәртіп ережелерін айтып бер?
Нәтижелерді бағалау
4 - ұпай: бала барлық суреттегі жағдайлардың мағынасын жақсы
түсінеді. Түсіндірмелі сөйлеуде қиындық туғызбайды.
3 - ұпай: суреттегі мағынаны жете түсінді. Балалардың әрекеттеріне
баға бере алды, бірақ себебін түсіндіргенде қиналады.
2 - ұпай: дұрыс және өзі суреттегі жағдайлардың мағынасын түсіндірді.
1- ұпай: суреттегі жағдайлардың мағынасын түсіндіре алмайды,
балалардың әрекетіне баға бере алмайды.
0 - ұпай: тапсырманы орындай алмайды.
128
Достарыңызбен бөлісу: |