Дәрістер Химия пәні және мақсаттары. Химияның негізгі түсініктері мен стехиометриялық заңдары



Pdf көрінісі
бет49/71
Дата22.02.2024
өлшемі2.16 Mb.
#492785
түріҚұрамы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   71
лекции химия

Изомерлену құбылысы 
Енді изомерлену құбылысымен кеңірек танысайық. Органикалық қосылыстардың химиялық 
құрылыс теориясы жасалғанға дейін құрамы С
4
Н
10
-ға сәйкес бір ғана тармақталмаған бутан 
белгілі болған. A. М. Бутлеров молекулалық формуласы осындай (С
4
Н
10
), бірақ 
молекуласындағы көміртек атомдары басқа ретпен қосылысқан тағы бір заттың болуы 
мүмкін екенін болжады. Кейін ол құрылысыбасқа екінші бутанды (изобутанды) синтездеп 
алып, теориясының дұрыстығын дәлелдеді 
Ықшамдалған формулалардағы сызықшалар көміртек атомдарының арасындағы өзара 
байланысу ретін ғана көрсетеді, көміртек мен сутек атомдарының арасындағы байланысты 
көрсетпейді. 
Қаныққан көмірсутектердің бутаннан кейінгі өкілі пентанның С
5
Н
12
үш изомері бар. 
Молекула құрамындағы көміртек атомдарының саны өскен сайын изомерлердің саны да 
өседі. Мысалы, құрамында алты көміртек атомы бар гексанның С
6
Н
14
5 изомері, ал 
гептанның С
7
Н
16
9 изомері болады. Деканның С
10
Н
22
изомерлерінің саны 75-ке жетеді екен. 
Изомерлер — молекулаларының құрамы (ягни, молекулалық формулалары) бірдей, 
бірақ химиялық құрылыстары әр түрлі болғандықтан, қасиеттері де өзгеше затптар
Бутанның мысалында сендер құрылымдық изомерленумен, соның ішінде көміртек 
қаңқасынының изомерлерімен таныстыңдар. Изомерленудің бұл түрі көміртек тізбегіндегі 
көміртек атомдарының өзара қосылысу ретіне байланысты. Көміртек қаңқасы — 


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті
 
Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus)
 
Басылым: екінші
 
Ф ЕНУ 703-08-21. Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Екінші басылым 
молекуладағы көміртек атомдарының өзара байланысу ретіне қарай ашық (тізбекті, 
тармақты) және тұйық (циклді) болады. 
Көміртек қаңқасының изомерлерін табу үшін, ең алдымен, берілген молекуладағы көміртек 
атомдарының санына сәйкес көміртек қаңқасын (көміртек тізбегін) құрып алады. 
Көміртек атомдарының валенттіктерін төртке жеткізіп, қалған валенттіктерін сутек 
атомдарымен толтырамыз. Басқа көміртек атомдарымен байланысқа бір валенттігін 
жұмсаған шеткі көміртек атомы үш сутек атомымен, ал екі жағындағы екі көміртекпен 
байланысқа екі валенттігі жұмсалған ортадағы көміртек екі сутек атомымен, үш көміртек 
атомымен байланысып тұрған көміртек бір сутек атомымен ғана байланыса алады. Ал төрт 
валенттігі байланысқа түгел жұмсалған көміртек сутек атомымен байланыспайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет