Дәрістер Химия пәні және мақсаттары. Химияның негізгі түсініктері мен стехиометриялық заңдары



Pdf көрінісі
бет62/71
Дата22.02.2024
өлшемі2.16 Mb.
#492785
түріҚұрамы
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   71
лекции химия

ұлттық университеті
 
Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus)
 
Басылым: екінші
 
Ф ЕНУ 703-08-21. Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Екінші басылым 
Тотықсыздандырғыш қасиет дисахаридтің арасында мальтоза, лактоза, целлобиозаларға тән. 
Ал сахароза тотықсыздандырғыш қасиет көрсетпейді. 
Мальтоза, целлобиоза, түзілу жобасы және гидролизі. Жартылай ацеталь 
тобының қасиеті 
Мальтозаны крахмалдан алуға болады. Мальтоза екі молекула α-Д-глюкопираноза 
қалдықтарынан құралып, α (1,4) - гликозидтік байланысы арқылы жалғасқан. 
Мальтоза альдегидтер мен спирттерге тән барлық реакцияларға қатысады және 
тотыөсыздандырғыш қасиеті болғандықтан Троммер реакциясына түседі. 
Целлобиозаны полисахарид – целлюлозаны жартылай гидролиздеу арқылы алады. 
Целлобиоза екі β-Д-глюкопираноза молекуласы қалдықтарынан β-1,4-гликозидтік 
байланысы арқылы құрылған. Целлобиоза да тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді. 
Лактоза, сахароза, түзілу жобасы және гидролизі 
Лактоза (сүт қанты) сүтте кездеседі, көбінесе сүттің сары суынан алынады. Лактоза β-
Д-галактопираноза мен α-Д-глюкопираноза қалдықтарынан тұрады, 1-4- гликозидтік 
байланыс арқылы жалғасқан 
Лактозаның альдегидтік формасы: 


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті
 
Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus)
 
Басылым: екінші
 
Ф ЕНУ 703-08-21. Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Екінші басылым 
Лактоза молекуласында жартылай ацеталь гидроксил тобы болғандықтан 
тотықсыздандырғыш дисахаридтерге жатады. Лактоза ас қорыту процесі кезінде, ішек 
клеткаларында болатын лактаза ферментінің әсерінен ферменттік гидролизге ұшырайды: 
Сахароза α-Д-глюкопираноза және β-Д-фруктофураноза молекулалрынан α-1-2- 
гликозидтік байланысы арқылы құрылған. 
Сахарозаның басқа дисахаридтерден ерекшелігі, оның жартылай ацеталь гидроксил тобы 
болмайды, сол себепті тотықсыздандырғыш қасиет көрсетпейді. 
Басқа дисахаридтерге қарағанда, сахарозаның гидролизі жеңіл жүреді, себебі оның 
құрамындағы фруктозаның бес мүшелі тұйық тізбегі тұрақсыз болып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет