Дәрістер Химия пәні және мақсаттары. Химияның негізгі түсініктері мен стехиометриялық заңдары



Pdf көрінісі
бет64/71
Дата22.02.2024
өлшемі2.16 Mb.
#492785
түріҚұрамы
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   71
лекции химия

Көмірсулардың биологиялық ролі 
Көмірсулардың биологиялық маңызы өте зор. Көмірсулар тұқым- қуалаушылық 
хабарының негізін қалаушы ДНК, РНК-ның құрамына кіреді. Көмірсулар эритроцит 
құрамына кіретіндіктен қанның тобын анықтайды. Көмірсулар күрделі белоктардың, әртүрлі 
гормондардың құрамында болады. Олар қорғаныс қызметін атқарады. Иммунитетті сақтауға 
көмірсулардың маңызы зор. 
15-дәріс. ЖМҚ туралы жалпы түсініктер, олардың жіктелуі және
жалпы қасиеттері 


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті
 
Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus)
 
Басылым: екінші
 
Ф ЕНУ 703-08-21. Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Екінші басылым 
Молекулалары 100 мың - даған атомдардан тұратын қосылыстар ЖМҚ деп аталады. 
Олардың молекулалық массалары өте үлкен болып келеді. Мысалы, табиғи каучуктың 
молекулалық массасы 7∙10
4
-2,5∙10
6
. ЖМҚ молекулалары молекулалық массаларының үлкен 
болуына байланысты макромолекулалар деп атайды. ЖМҚ-дың макромолекулалары 
көбінесе бірдей болып келетін көп рет қайталанатын бөліктерден, яғни элементарлы 
буындардан тұрады. Макромолекуланы түзетін молекулалық массасы кіші бастапқы 
қосылыс мономер деп аталады. ЖМҚ туындау көзі бойынша биогенді және синтетикалык 
болып бөлінеді. Биогенді ЖМҚ биохимиялық реакциялардың нәтижесінде жанды ағзаларда 
пайда болады. Мысалы, ақуыздар, нуклеин қышқылдары, т.б. Синтетикалық ЖМҚ-тарды 
поликонденсация және полимеризация реакцияларының көмегімен алады. Синтетикалық 
ЖМҚ-ды тәжірибеде жиі қолданады. Мысалы, лавсан: тамырлы протездер, аорталар және 
веналар жасау үшін; тефлон: жүрек қақпашаларын дайындау үшін; полиметилакрилат: 
тістер, жақ, иек дайындау үшін; капрон: сіңір, т.б. жалғастырушы буындарды дайындау үшін 
қолданылады; полиглюкин, реополиглюкин: қан алмастырғыштар ретінде; дифлон: 
термометрлер және шприцтерді дайындау үшін пайдаланылады. 
ЖМҚ-дың ерекшеліктерінің біріне олардың қасиеттерінің макромолекуланың 
геометриялық пішініне тәуелділігі жатады. ЖМҚ-дың макромолекуласы көбінесе сызықтық, 
тармақталған және кеңістік пішінде болады. Маңыздысы - сызықтық, себебі 
макромолекуланың көптеген қасиеттері (иірілу, айналу, икемділік, созылғыштық, 
механикалық төзімділік) байланысты болады. Мысалы, созылғыштық қасиетті жанды 
ағзаның көптеген ұлпалары көрсетеді. Мысалы, тері, шаш, бұлшық еттер. 
Биологиялық тұрғыдан маңызды ЖМҚ-ға жатады: 
1. Нуклеин қышқылдары. 
2. Ақуыздар және олардың туындылары (нуклеопротеидтер, глюкопротеидтер, 
липопротеидтер). 
3. Көмірсулар (гликоген). 
Бұл қосылыстар жасушаның ядролық затының протоплазмасы үшін негізгі құрылыс 
материалы болып табылады. Сонымен қатар биологиялық сұйықтардың құрамында болады. 
Сондықтан оларды биополимерлер деп атайды. 
ЖМҚ-дың жанды ағзалардың құрамында болатын басым бөлігі еріген күйде болады. 
ЖМҚ-дың ерітінділері коллоидтық ерітінділердің біраз қасиеттерін кайталайды. Мысалы, 
олар нашар диффузияланады. Мембрана арқылы өтпейді, бөлшектерінің мөлшері 
коллоидтық жүйелердікіне сәйкес келеді (10
-6
-10
-7
см). Бірақ коллоидтық ерітінділерден 
өзгешеліктері де бар. Мысалы, ерітінділерде бөліну беткейі болмайды, сол себепі гомогенді 
жүйелерге жатады немесе нақты ерітінділерге жатқызуға болады. Тұрақтылығы жоғары және 
концентрациясы 10-12% жетуі мүмкін. 
ЖМҚ-дың ерітінділері өздеріне ғана тән арнайы қасиеттермен де сипатталады. 
Мысалы, олардың тұтқырлығы өте жоғары, оңай желатинденеді (қоймалжынданады). Еру 
процесі ісіну процесінен басталады. Ал кей жағдайларда ерекше құбылыстар (синерезис, 
тиксотропия, коацервация) байқалады. 
ЖМҚ-дың ерітінділері де электролиттер және электролит еместер болып бөлінеді. 
Электролит еместерге каучуктың ерітінділері, нитроцеллюлоза, ацетилцеллюлоза, т.б. 
жатады. ЖМ электролиттерге немесе полиэлектролиттерге құрамында карбоксил, сульфа 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет