Тарих 90 жауаптар


)Қарлұқ мемлекетінің саяси тарихы: құрылуы, көрші мемлекеттер мен



Pdf көрінісі
бет11/67
Дата22.02.2024
өлшемі0.67 Mb.
#492829
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   67
Тарих 90 жауаптар

18)Қарлұқ мемлекетінің саяси тарихы: құрылуы, көрші мемлекеттер мен
тайпалармен қарым-қатынастары.
Қарлұқ қағанаты (756—940 ж.ж.). Қарлұқтар туралы алғашқы деректер V ғасырда
олардың тирек тайпаларының құрамында болғандығын айтады. Қарлұқ туралы алғашқы
дерек “суй əулетінің тарихында” 581-618 жылдары кездеседі. Онда қарлұқтар өздерінің
басты руының атымен бұлак (було) деп аталған. Қарлұқ тайпаларының əуелгі
орналасқан аймағы Батыс Алтай мен Тарбағатай арасындағы өлке. VII ғ. орта кезінде
қарлұқ бірлестігінің құрамына ірі-ірі үш тайпа бұлақ, шігіл жəне ташлық кірген.
Əмудариядан бастап Қытайға дейінгі түріктердің барлығын шігіл деп атаған. Олардың
біразы Таласқа жақын жерде Шігіл деп аталатын қалада тұрған. Шу аңғарында тұрған
қарлұқ қоныстарының орталығы Баласағұн қаласы. Қарлұқтардың біраз тобы Х ғасырда
Іле аңғарында, Ыстықкөл мен Балқаш көлдерінің аралығында көшіп-қонып жүрген.
Қарлұқтардың көсемдерін “жабғу” деп атаған. Олардың астанасы Қойлық қаласы
болды.
IX ғасырдың аяғында қарлұқтардың жағдайы біршама нашарлады. Себебі, Орта
Азиядан саманидтер əулеті мен арабтардың шабуылы жиілейді. Сөйтіп, саманидтер мен
қарлұқ қағандығының арасында Оңтүстік Қазақстан жері үшін ұзақ жылдарға созылған
күрес басталды. 893 жылы Тараз қаласына Саманидтердің тегеурінді шапқыншылығы
жасалды. Саманидтер Испиджаб, Тараз қалаларына өз ықпалын күшейтіп, мұсылман
дінін енгізе бастады. Х ғасырдың басында Қарлұқ қағанатының жағдайы ішкі қырқыс,
талас-тартыстардың нəтижесінде əлсіреді. Осы жағдайды пайдаланған Қашғар
жеріндегі түрік тілдес тайпалар 940 жылы Баласағұн, Испиджаб қалаларын басып
алады да, Қарлұқ мемлекеті құлап, Шу аңғарында Қарахандар əулетінің үстемдігі
орнайды.( Автор Қ.С.Қаражан)


19)Сырдария бойындағы жабғу мемлекеті.
Оғыз мемлекеті (X—XI ғғ.). Қарлұқ қағанатының солтүстік-батыс жағында,
Сырдарияның орта жəне төменгі бойында, оған жалғасып жатқан Батыс Қазақстан
далаларында IX-X Оғыз тайпаларының ежелгі феодалдық мемлекеті қалыптасты.Əйгілі
М.Қашқаридің сөздігі “Диуани-лұғат-ат-түрік” бойынша Оңтүстік Қазақстанның
жерінде, əсіресе Ыстықкөл мен Шудың орта бойында қырғыз, қыпшақ, оғыз, иағма,
имек сияқты түрік тілдес тайпалардың қатар өмір сүргендігі белгілі. Осыған қарағанда
оғыздардың алғашқы отаны Жетісу болғандығына күмəн жоқ. Алайда VIII ғ. екінші
жартысынан бастап қарлұқ тайпаларының күшеюіне байланысты оғыздар Сырдарияның
орта жəне төменгі бойына ауа бастаған. Сөйтіп IX ғ. аяғында осы аймақта оғыз
тайпаларының бірлескен одағының нəтижесінде патриархалды-феодалдық мемлекет
құрылады. М. Қашқари оғыз елінің 22, кейбір деректерде 24 тайпаға бөлінгенін жазады.
X ғасырда Оғыз мемлекетінің астанасы-Янгикент немесе «Жаңа гузия» деп аталатын
қаласы болған. Оғыз мемлекеті өзінің саяси жəне əлеуметтік құрылысы жағынан көне
феодалдық мемлекет болды. "Жабғу" атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің
басшысы болып саналды. Оғыз жабғыларының орынбасарларын күл-еркін деп атаған.
Жабғы мемлекетінде оғыз əскерлерінің бас қолбасшысы "сюбашы" деп аталды. Х ғ.
аяғы мен XI ғ. бас кезінде Оғыз жабғысының мемлекетінде алым-салықты тиянақты
түрде жинап отыру жүйесі қалыптасқан, бұл жағдай мемлекетте тұрақты басқару
аппаратының құрылғандығын керсетеді. X ғ. аяғында орыс деректерінде оғыздардың
965 ж. Киев князі Святославпен одақтасып хазарларды жəне князь Владимир 985 ж.
оғыздарымен келісе отырып, Еділ, Кама бойындағы бұлғарларды талқандағаны туралы
айтылады. Оғыздардың жер үшін жүргізген ұрыстарының көп жағдайда суы, олардын
саяси беделін де көтере түскен. Алайда, ұзақ жылдарға созылған соғыс, халықтан көп
мөлшерде алынған алым-салық оғыз тайпаларының əр жерде бас көтерген
наразылықтарын туғызады. Осы кезде Жент қаласының маңына келіп қоныстанған
селжұқтар көсемі Жент қаласындағы оғыз билеушілеріне қарсы көтерілісті бастап,
каланы басып алады. Деректерге қарағанда селжұқтар көп ұзамай қаланы тастап кеткен.
Осы кезде ел басына Əлиханның мұрагері Шахмəлік келіп, мемлекет едəуір күшейіп,
1041 жылы Хорезмді жаулап алады. Бірақ Шахмəлік көп ұзамай оғыздарға қарсы қайта
көтерілген селжұқтардың колынан Хорезм түбiнде каза табады. Селжұқтармен
жүргізілген көп жылғы соғыстар оғыз мемлекетiн катты əлсіретті. Сөйтіп, XIғ. екінші
жартысында күшейе бастаған қыпшақтар оғыздарды Сырдария, Арал бойынан біржола
ығыстырады. Оғыздардын бiр бөлігі Европаның Шығысына, Кіші Азияға қарай
жылжыса, кейбірбөліктері Қарахан əулетінің қарамағында калды, бiраз бөлігі Хорасан
селжұқтарынын кол астына кірсе, калғандары қыпшақтардың құрамында қалып,


олармен сіңісіп кетті. Оғыз тайпалары қазақ, қырғыз, татар, башқұрт, түрікмен, өзбек,
қарақалпақ халықтарын қалыптастырушы түріктердің бiрi болды. (Автор Қ.С.Қаражан)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет