Тарих 90 жауаптар



Pdf көрінісі
бет19/67
Дата22.02.2024
өлшемі0.67 Mb.
#492829
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   67
Тарих 90 жауаптар

27)Əбілқайыр хан мемлекеті.
XIV ғасырда Орда-Ежен мен Шайбани ұрпақтары иелігіндегі ұлыстар мен ру-тайпалар
Ақ Орда мемлекетінің құрамында болды. Мұнда Орда-Ежен мен Тоқа-Темір əулетінен
шыққан хандар билік жүргізді. Ал XV ғасырдың 20- жылдарының аяғына қарай
Шыңғыс ұрпақтары мен көшпелі түрік шонжарларының қиян-кескі күресінің
нəтижесінде билік Орда-Ежен мен Тоқа-Темір мұрагерлерінен Шайбан ұрпақтарына
ауысады. Оған Ақ Орданың əлсіреуі мен құлдырауы, оның соңғы ханы Барақтың 1428
жылы қаза табуы себепші болды. Бұл кезде Ақ Орданың жерінде бір-біріне тəуелсіз екі
саяси бірлестік нығайды. Олардың біріншісі – Жайықтан жəне оның батысына қарай
Еділге дейінгі жерлерді қамтыған Ноғай Ордасы. Ал Жайықтың шығыс жағында Ырғыз,
Елек, Торғай, Сарысу бойында, Тобыл мен Есілдің жоғарғы ағыстарына Шайбани
ұрпақтары иеліктерін жүргізді. Олар: Аралдан солтүстікке қарай Шайбани əулеті
Жұмадық ханның ұлысы, Шайбани əулетінің екінші бір тұқымы Мұстафа хан
Атбасарда, үшінші бір тұқымы Махмұд-Қожа Тобылда. Маңғыт Кепек би мен Адабек
Бүркіт Батыс Сібірдегі Тура өңірінде билік еткен. Жазба тарихи дерекетерде бұл
феодалдық иеліктер Көшпелі өзбектер хандығы деп те аталған. Бұл ұлыстардың
арасында жер үшін, билік үшін ешбір тоқтаусыз, қиян-кескі ұрыстар үнемі болып
тұрған. Осы талас-тартыстың барысында Жошының Шайбан ұрпағынан тараған
Дəулет-Шайхоғылының баласы 17 жасар Əбілқайыр жеңіске жетті. Ол 1428 жылы
Батыс Сібірде Тура (Түмен) қаласында хан болып жарияланды. Оны Шайбани ұлысына
кірген рулар мен тайпалардың 200-ге жуық ірі өкілдері қолдаған. Халқының құрамына
Ақ Ордаға кірген түрік жəне түріктенген түрік-моңғол тайпалары жатты. Олардың
бастылары: қыпшақ, найман, қият, маңғыт, қарлұқ, қоңырат, қаңлы, ұйылын, шынбай,
күрлеуіт жəне тағы басқалары. Бұл тайпалар тілі, шаруашылығы, мəдениеті жəне
тұрмысы жағынан туыстас тайпалар. Сондықтан олар «өзбек» деген атпен саяси
жағынан бірге аталған. Оның иелігі Ноғай Ордасының шығыс бетін, батыста –


Жайыққа, шығыста – Балқашқа дейінгі, оңтүстікте – Арал теңізі мен Сырдарияның
төменгі ағысына, солтүстікте – Тобыл мен Ертістің орта ағысына дейінгі жерлерді
қамтыды.Əбілқайыр басқарған 40 жылдай уақыт ішінде (1428–1468 жж.) елдің саяси
жағдайында тұрақтылық пен тыныштық болмады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет