Тарих 90 жауаптар


)Ортағасырлық Қазақстан аумағындағы Қараханидтер



Pdf көрінісі
бет12/67
Дата22.02.2024
өлшемі0.67 Mb.
#492829
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   67
Тарих 90 жауаптар

20)Ортағасырлық Қазақстан аумағындағы Қараханидтер.
Қарахан мемлекеті. Х ғасырдың орта кезiнде Оңтүстік Шығыс Қазақстан мен Шығыс
Түркістан жерінде Қарахан мемлекеті пайда болды. Орталығы Баласағұн қаласы.
Кейіннен мемлекеттің батыстағы шекарасы Орта Азияның көптеген жерін қамтиды.
Жазба деректерге қарағанда Қарахан мемлекетінің құрылуы мен даму тарихында басты
рөлді
Қарлұқ
конфедерациясының
тайпалары
атқарды,
бұл
конфедерацияға
қарлұқтармен бірге шігіл жəне ягма, оғыз, қаңлы сияқты т.б. түрік тілдес тайпалар
кірген. Қарахан мемлекетiнде шiгiл мен ягма тайпалары негізгі рөл атқарған. Өкімет
басындағы билеушілер осы тайпалардан алма-кезек ауысып тұрған. X ғ. ягманың бір
бөлігі қарлұқтармен бірге Жетісуды, Нарыннын түскейiн мекендейтін. Кейінірек, ХI ғ.
ягмалар Iле алкабында да тұрады. Ыстык көлдің Солтүстік жағынан көшіп келген
шiгiлдер де осы алқапқа тарап кеткен еді. Қарахан мемлекетінің негізін қалаушы Сатұк
Бограхан (915-955 жж.), қарлұқ қағаны Білге Қадыр ханның немересі. Сатук Бограхан
саманилердің қолдауына сүйеніп, өз ағасы Оғылшакка карсы шығады да, Қашғар мен
Таразды өзіне қаратады. 942 ж. Сатұқ Баласағұн билеушісін құлатып, өзін жоғарғы
қағанмын деп жариялайды. Осы кезден бастап, Қарахандар мемлекетінің тарихы
басталады.
Қарахан сөзі Х ғ. аяғынан бастап, олардын Орта Азияны жаулап ала бастаған кезінен
мұсылман деректерінде пайда болған. Ал, Карахан мемлекеті деген атау X-XI ғасырда
тарихшылардың зерттеулерінде шартты түрде кабылданған.
Сатұқ өлгеннен сон билік онын баласы Мұсаға көшті, ол 960 жылы каганаттың
мемлекеттік діні ислам деп жариялады. Қарахан мемлекетінің астанасы - Қашғар
қаласы болды. Сатұқтың екiншi баласы Сүлеймен iлек Баласағұнды иеленді. Кейін бұл
өңірді оның баласы Хасан Боғра хан мұра етіп алды. Мұса өлгеннен соң жоғары қаған
атағы онын баласы Əли Арсылан ханға көшті. Оның енші жерінің орталығы Қашғар
болды, сонымен қатар, ол Тараз бен Баласағұнның да билеушісі болып есептелді.
Х ғ. 80- жылдарында Орта Азиядағы күшті мемлекет Саманилер өз ішіндегі əлеуметтік
қайшылықтармен, феодалдық таластартыстар мен қырқыстардан əлсіреп құлдырады.
Осыны Қарахан мемлекетінің билеушілері пайдаланып, Хасан Бограхан 990 жылы
Исфиджабты, 992 жылы Бухараны жаулап алады. Орта Азиядағы Саманилерге карсы
жорыққа шығып, ойсырата соққы берген. Қарахан хандығы киян-кескі ұзақ соғыстардан
кейін 1004—1005 жылдары Мəуераннахр жерiн түгелдей өзіне қаратты.
Осыдан кейін Қарахан мемлекеті ХІ ғасырдың 30 жылдары Шығыс жəне Батыс Қағанат
болып белiнiп, екі иеліктен тұрды:


1. Шығыс хандык: онын жері Оңтүстік Шығыс Қазақстан мен Шығыс Түркістан,
астанасы- Баласағұн, кейде Қашқар каласы болып тұрған.
2. Батыс хандық: Мəуераннахр жерлері. Оның орталығы Самарщан қаласы болды.
Шығыс хандық Қарахандықтардың негiзгi бөлігі болып саналған.Сондықтан оның ханы
дəстүр бойынша жоғарғы Ұлы қаған болып есептелген. Бiрақ екi хандықтың арасында
онша бiрлiк жеке-жеке бөлініп кетіп отырған. 1056 жылы Қадырханның ұлы
Йинал-тегін өкімет мұралығы жолындағы күресте інісі Сүлейменнің иелігін басып
алады, бірақ ол көп ұзамай у беріліп өлтіріледі. Тəж-таққа Йинал-тегінің баласы
Ибраһим ие болады, алайда ол да біраздан кейін Барысхан əміршімен болған соғыста
қаза табады. Осыдан кейін Шығыс қағанатты 15 жыл бойы (1059—1074 жж.)
Қадырханның балалары Юсуф Тоғрұл мен Бограхан Харун басқарады. Олардың
тұсында Ферғана Шығыс қағанатқа күшпен қосылады, ал екi каганат арасындағы
шекара Сырдарияны бойлай өтеді. Тоғрұл кайтыс болғаннан кейін оның еншiлiгi
Бограхан Харунның (1075-1102 жж.) Қашғар, Баласағұн мен Хотан қожалығының қол
астына көшеді. Қарахан мемлекетінің əлсіреуін пайдаланып 1089 жылы селжұқ сұлтаны
Мəлік шах Самарканды басып алады, сөйтіп Бограхан Мəлік шахтың кіріптар
вассалына айналады. 1102 ж. Бограхан өлген соң көп ұзамай Мəуеренахрға Баласағұн
мен Таластын иесі Қадырхан Жабырайыл шабуыл жасап, Əмударияға дейінгі жерлердің
бəрін басып алды, бірақ Термез
қаласының түбінде жеңіліс тауып, өзі тұтқынға түсіп жазаланады. Құдіретті сұлтан
Санжардын басқаруы кезінде (1118—1157 жж.) селжұқтар Мəуераннахрға шексіз
билігін жүргізеді, бірақ бұл кез-де Қарахан əулетінің саяси құлдырауының белгісі біліне
бастаған еді. ХІІ ғасырдың ортасында каптаған Қарақытай (Қидандар) Жетісу мен
Баласағұнды, сосын Шығыс Қарахандықтардың қалған иеліктерін түгел басып алады.
Сөйтіп, құдіретті Қарахан мемлекеті XII ғасырдың ортасында өзінің өмір сүруін
тоқтатады. Қарахан мемлекетінің жоғарғы өкімет билігі - хақанның қолында болды,
оған ең жақын кеңесші, көмекші - уəзірі болды.Бұдан басқа күзет бастығы, есік
қорғаушылары, қазынашылар жəне елшiлер қызмет істеді. Қарахан мемлекетіндегі аса
манызды əлеуметтік саяси институт əскери мұралық жүйе болды. Хандар елдi өзiне
жақын адамдармен жəне уəзірлермен бірігіп басқарды. Мемлекет бірнеше ұлыстарға
бөлінді. Хан мемлекеттік немесе əскери қызметі үшін феодалдарға жер беріп, сол
жердегі халыктан салық жинауға рұқсат еткен. Мұндай жерлер икта деп аталады, ал оны
берушiлердi немесе иесін иктадар деп атаған. Тұтас алғанда Қарахандар дəуірі сапалық
жағынан жаңа, яғни Қазақстан аумағында феодалдық құрылыстың нығаюының
тарихындағы маңызды кезең болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет