Тарих 90 жауаптар


)Абылайдың Жоңғармен, Қытаймен, Ресеймен қарым-қатынастары



Pdf көрінісі
бет30/67
Дата22.02.2024
өлшемі0.67 Mb.
#492829
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   67
Тарих 90 жауаптар

41)Абылайдың Жоңғармен, Қытаймен, Ресеймен қарым-қатынастары
Жоңғар феодалдарының шапқыншылықтарына Абылай басында қолбасшы ретінде
қатысты. Əбілмəмбеттің адал қолбасшысы болды. 1750 жылы Жоңғарияда билікке
Лама-Доржы келіп, күрес қайта басталды. Күресте Даваци(Жоңғарияның сегізінші
қонтайшысы, ол кезде қонтайшы емес) Əмірсана мен Байнджурды ертіп қазақтарға
1751 жылы қашып келеді, 1752 жылы Орта, Ұлы жүз арасында съез өтіп, Давациді көбі
қолдайды. Давациді бермегенге Лама-Доржы ашуланып, орталық қз шабуыл жасауға
Сайын Бөлек пен Шадырды жібереді. Үш мыңнан астам қолға түседі. Абылай жауап
ретінде Сайын Бөлекке Давациді əскермен жібереді. 1753 жылы жоңғарлар қайта
шабуылдап, Даваци Лама Доржыны өлтіреді. Даваци қонтайшы атанып, Абылаймен
келісім жасасты. Жоңғарлармен келіссөз жүргізгендіктен Абылайдың беделі артты.
Əмірсана билікті алып, жағдай ушықты. Жағдайды Цин империясы өз пайдаларына
қолданып, Жоңғарияға шабуыл жасады. Қазақтарға «Əмірсананы үстап бер» деген
талап қойып, қысымға ала бастады. Абылай сұлтан оған қарсы тұрып, 1756 жылы екі
топқа бөлінген Цин империясы басып кірді. Үлкен ауқымда екі шайқас болды. Біріншісі
Шаған Оба ауданында. Екіншісі Жарлы өзені бойында. Нəтижесінде қытай жеңіске
жетіп, 500 астам адам қаза тауып, 11 тұтқынға түсті. 1757 жылы Абылай сұдтан
қазақтар атынан қытай билігін мойындап, елші жіберді. 60 жылдары Цинге қарсы
Орталық Азияда мұсылман елдер арасында одақ құрылды. 1762 жылы Орталық Азияны


басып алуға бара жатқан қытайға өз жерінен өтуге Абылай сұлтан мен Əбілмəмбет хан
рұқсат бермеді. 1771 жылы Абылай ресми түрде хан атанды, ал 1778 жылы 2 Екатерина
оны тек Орта жүз ханы деп, Кіші жүз бен Ұлы жүздегі билігін мойындамады. Оған
ашуланған Абылай Орынбор, Торицк, Петропавлда ант беруден бас тартты. Абылай хан
бірде орыс, бірде қытай билігін мойындап отырғанмен, шын мəнінде тəуелсіз болып
қалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет