Кеңес
Одағын
мекендеген
халықтардың
қай-қайсысы
болсын
сталиндік
зорлық-зомбылықтан, геноцид пен этноцидтен, саяси қуғын-сүргіннен аман қалған жоқ.
Кеңес үкіметі жылдарында жекелеген партия, кеңес, комсомол қызметкерлері ғана емес,
тұтас бір халық сенімсіз де сатқын ұлт қатарына жатқызылып, тарихи атамекенінен
күштеп жер аударылды.
1920-1950 жылдары тұрғындарды күштеп көшіру сталиндік қуғын-сүргіннің негізгі
құрамдас бір бөлігіне айналды. Жалпы КСРО-да депортацияға ұшырағандардың саны
1920 жылдан 1949 жылға дейін 3,2 миллион адамға жетті.
КСРО-да күштеп қоныс аударту төмендегідей белгілер бойынша жүзеге асырылды:
*
этностық
белгілері
бойынша
депортация («жазаланган халықтар»,
«шегараларды тазалау»,«сенімсіз халықтар»);
*
əлеуметтік-таптық белгілері бойынша депортация (1934 жылға дейінгі
кулақтарды жер аудару) кезінде келгендер, арнайы көшірілгендер (спецпереселенцы);
*
саяси мүдде негізіндегі 1934-1944 жылдары көшірілгендерді «еңбек
қоныстарындағылар» деп атады. 1944 жылдан бастап «арнайы қоныс аударылғандар»
деген атау қолданылды.
Жоғарыда аталған күштеп жүргізілген депортациялардың ішінде мерзімі жағынан
большевиктік əлеуметтік-таптық геноцид бірінші болып жүзеге асырылды. Кубань
казактары, зиялылар, діни адамдар алғашқы большевиктік тəжірибенің құрбанына
айналды.
Достарыңызбен бөлісу: