Мысалы, тек қана Домбасстан 3200-ге жуық шахтер, 2000-дай құрылысшы келді.
Майдан өңірлерінен келген инженер-техниктер саны 700-дай болды.
Қазақстан КСРО-ның негізгі əскери-өнеркəсіп базасына айналды. 1942 жылы Одақта
өндірілген қорғасынның 85%-ын, көмірден 18%-ын, молибденнің 60%-ын, октанды
мұнайдың 1 млн тоннаға жуығын берді.
1942 жылы 24 тамызда Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің «Қарағанды көмір алабында
көмір өндіруді арттыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы» қаулысы шықты. Облыстың
жəне ауданның еңбеккерлері Қарағанды шахталарын қамқорлыққа алу жөнінде
патриоттық қозғалыс бастады. Шахтерлерді азық-түлікпен қамтамасыз ету, шахталарда
тұрақты жұмыс істеу үшін адамдар жіберу, Қарағанды облысындағы 30 желісі 3 есе,
оқушылар саны 5 есе көбейді. 1943 жылы забойлар желісі көбейіп, жер астында екінші
Қарағанды пайда болды. Мұнайлы аудандарға көмек көрсетілді. Атырау мұнай өңдеу
заводын, Каспий -Орск мұнай құбырын салу үшін қуатты құрылыс ұжымы
ұйымдастырылды. Соғыс жылдыры салынған құрылыстар:
Мақат — Қосшағыл темір жолы, Петровский машина жасау заводының екінші кезегі,
Пешной аралы — Шарин құбыр жолы, Атырауда теңіз порты мен мұнай өңдеу заводы,
«Комсомол» кəсіпшілігі т. б.
Соғыс кезеңінде ауыл шаруашылығындағы жағдай төмендеді. Ауылшаруашылық
еңбеккерлерінің саны 1939 жылмен салыстырғанда 1942 жылы 600 мыңға кеміді. Колхоз
өндірісінде əйелдер еңбегінің үлесі артып, 1940 жылғы 48%-дың орнына 1942 жылы
75% -ға жетті. 76 мың механизаторлардың 55 мыңнан астамы əйелдер болды.
Бүкілодақтық социалистік жарысқа 10 мыңнан астам тракторшы қыз-келіншек қатысты.
1942 жылы егіс көлемі 1941 жылмен салыстырғанда 842 мың гектарға көбейді. 1943
жылы 775 мың га жаңа жер алқаптары егістікке арналды.
Сөйтіп, республика экономикасын соғыс жағдайына көшіру жүзеге асырылды.
Соғыстың алғашқы күндерінен Қазақстан майдан арсеналына айналып, майдан мен
тылды қару-жарақпен, оқ-дəрімен, азық-түлікпен қамтамасыз етуші аймақ болды.
Достарыңызбен бөлісу: