1236-1242 жылдары Батысқа жасалған жеті жылдық жорықты Батый хан басқарды.
Берке хан Монғол империясына тəуелділігін мойындамай, бүкілмонғолдық құрылтайға
қатысудан бас тартты. Берке хан Алтын Орданы күшейту үшін мұсылман дінін
қабылдады. Меңгу-Темір 1271 жылы Египетпен байланысына кедергі болуға тырысқан
Византияға қарсы жорыққа шықты. Византия императоры соғыстан бас тартып, бейбіт
келісімге келді. Бұл келісім Алтын Орданың Жерорта теңізі бойындағы қалалармен
сауда қатынасын жақсартты.
Тохты хан Алтын Орданың саяси жағынан мемлекеттік беделінің көтерілуіне зор үлесін
қосты. Ол Иран, Кавказ елдерімен сауда байланысын жандандырған. Египетпен тығыз
қатынаста болды. Алтын Орданың гүлденген кезі Өзбек хан мен баласы Жəнібек
ханның билігі тұсында болды. Өзбек хан қалалық өмірдің дамуына қатты көңіл бөлген.
Оның билігі кезінде мұсылман діні мемлекеттік дін болып жарияланды. 14 ғасырдың
екінші жартысында Алтын Орда ішінде алауыздық күшейді. Жошы ханның екінші бір
ұрпағы Тоқтамыс Əмір Темірдің көмегімен Алтын Орданың билігін алады. Əмір Темір
Алтын Ордаға шабуылдап, мемлекетті бас көтере алмастай етіп тұралатты. 15 ғасырдың
ортасында Алтын Орда бірнеше хандықтарға бөлініп кетті. Алтын Орда хандары ислам
дінін қабылдағаннан кейін іс жүргізу жұмыстарын ұйғыр жазуымен жүргізді. Азаматтық
басқару билігі түрік əулетінен шыққан “мəлік” деп аталатын жергілікті əкімдер арқылы
жүзеге асырылды. Алтын Ордада басқару жүйесінде басқақтар маңызды орын алды.
Олар басқару қызметімен қатар, жергілікті халыққа əскери бақылау жүргізді. Даруғалар
салық жинаумен шұғылданды. Əскери істі беклербек басқарған. Азаматтық билік
уəзірлердің қолында болған. 14 ғасырда Алтын Орда мұсылмандық мемлекетке айнала
бастаған.
Алтын Орда территориясы Ертіс өзенінен Дунайға созылды. Əскери негіздегі мемлекет
болды. Барлық қарулы күш оң жəне сол қанат болып бөлінді. Оң қанат Батудың, сол
қанат Орда-Ежен қарамағында болды.
Көшпенділердің басым бөлігі түркі тайпалары болды. Отырықшы аудандарда
болгарлар, мордва, орыстар, гректер жəне т.б. өмір сүрді. Бірте-бірте олар жергілікті
түркі халқымен бірігіп кетті. Бүкіл Алтын Орданың көшпелі халқы татарлар деп атала
бастады. Еуропалық карталардағы Алтын Орданың өзі Тартар немесе Тартария ретінде
көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: